Оқушыларды сын тұрғысынан ойлауға үйрету

Оқушыларды сын тұрғысынан ойлауға үйрету

Оқушыларды сын тұрғысынан ойлауға үйрету

Жұмағұлова Арай Мұқанқызы
ІІІ деңгей
І санат
№ 32 жбб мектеп
Алматы қаласы.

 

 

- Қайырлы күн, әріптестер!
«Сабақ беру — үйреншікті жай ғана шеберлік емес, ол жаңадан жаңаны табатын өнер » -деп Ж.Аймауытов айтқандай заман ағымына қарай мұғалім үнемі ізденісте болуы керек.
Менің баяндамам мынадай тақырыпқа арналады: «Оқушыларды сын тұрғысынан ойлауға үйрету»
Баяндамамды бастамас бұрын сіздермен де пікір алмасқым келіп отыр. Қазір мен
«Т кестесі» әдісін қолданамын. Бұл әдісті мен әсіресе проблеманы айқындау кезінде қолданып жүрмін.
Сыни ойлау деген не? Оқушыларды сыни тұрғыдан ойлауға
үйретудің маңызы


Әріптестер,енді осы екі мәселеге қатысты өз ойларыңызды айтыңыздар, рахмет!

Енді, мен осы мәселелерді мен өз тәжірибемде қалай жүзеге асырып жүр екенмін, сол туралы баяндайын.
Сыни тұрғыдан ойлау деген не? Маңызы қандай?
Қазіргі әлем дамуына байланысты ақпараттар ағыны жедел өзгеруде, әрбір 4 жыл сайын әр салада ақпарат екі есе ұлғаюда, (Асхат Әлімов) сондықтан жаңа технология ретінде ең озық әдістерді дер кезінде игеру, іздену арқылы бала бойына дарыту, одан өнімді нәтиже шығара білу – әрбір ұстаздың басты міндеті.
Сын тұрғысынан ойлауды дамыту бағдарламасы – әлемнің түкпір-түкпірінен жиылған білім берушілердің бірлескен еңбегі. Жобаның негізі Ж.Пиаже, Л.С.Выготский теорияларын басшылыққа ала отырып жасалған бағдарлама..
Бұл бағдарлама біздің елімізде 1998 ж. қазан айынан бастап жүргізіліп келеді.
Сын тұрғысынан ойлау — мұғалімді және оқушыны сыни тұрғыдан ойлатуға үйрету болып табылады .Мұғалімнің сыни тұрғыдан ойлауы өзінің іс – тәжірибесін, жаңа әдіс – тәсілдерді қолдана білуімен, бағалау әрекеттерін сыни тұрғыдан қолдана білуімен көрінсе, ал оқушылардың сыни тұрғыдан ойлауы кез келген мазмұнға сыни тұрғыдан қарап, екі ұйғарым бір пікірдің біреуін таңдауға саналы шешім қабылдауға үйрету. Оқушыны мұғаліммен, сыныптастарымен еркін сөйлесуге, пікір таластыруға, бір-бірінің ойын тыңдауға, құрметтеуге, өзекті мәселені шешу жолдарын іздей отырып, қиындықты жеңуге баулитын бағдарлама.
Яғни, сыни тұрғыдан ойлау дегеніміз ақпараттың тиімді, құнды, әлсіз тұстарын нақты ажыратып таңдай алу қабілеті. Көп ақпараттың ішінен өзіне қажетін саралап ала білу.

 

 

СЫНИ ТҰРҒЫДАН ОЙЛАУДЫ ДАМЫТУ ТЕХНОЛОГИЯЛАРЫНЫҢ ӘДІСТЕМЕЛІК ТӘСІЛДЕРі:
Инсерт
Миға шабуыл
Топтық пікірталас
Блум сұрақтары
Кластерлер
Синквейн
Рөлді ойын
Эссе
Шатастырылған логикалық баулар ,т.б.
Кері байланыс
Бұл әдіс- тәсілдерді мен өз сабақтарымда үнемі қолданып жүрмін. Мысалы:
Инсерт әдісі бойынша әдебиет, дүниетану сабақтарында оқушыларға азат жол бойынша тапсырма беріп жүрмін.Оқушылар әлі өтілмеген тақырыпты оқып, мына кестеге толтырып отырды. Бұл тәсіл аналитикалық ойды дамытады, материалды толық меңгеруге мүмкіндік туғызады.
V «қанат белгі» (бұрыннан білемін) - «алу»
(білдім) ? «сұрақ»
(білгім келеді)
... ... ...
... ... ...

 

2. Миға шабуыл - шығармашылықты ынталандыратын психологиялық тәсіл. Оны Алекс Осборнның 1950ж. «Қолданбалы елес» тәсілімен шатастырмау керек,олар әртүрлі салада қолданылады және әртүрлі міндет атқарады.
Миға шабуыл әдістемелік тәсіл ретінде сыни тұрғыдан ойлау технологиясында фактілік материалдармен жұмыс істегенде бар білімдерін белсендендіру мақсатында қолданылады.
Мына суреттер менің сабақтарымда оқушылардың берілген тақырып бойынша ойланып, өздерінің не білетінін жазып отырған көрінісі. Бұрын оқушыларым жоба құру, шығармашылық тапсырмаларды дайындап келукезінде белсенді орындамайтын, орындаса да мазмұнына мән бермейтін. Ендіүйренген стратегияны қолдану барысында оқушыларымнан келесідей өзгерісті байқадым: Бұрын оқулықтағы мәтінді нақты сұрақ бойынша айтса, қазір шығармашылық тұрғыда жауап беруге тырысады. Рөлдік ойын ойнағанда менен көмек басшылық күтетін, ал қазір өз бетімен сұрақ құрастыру, тағы басқа дербес әрекеттерді жасайтын болды.

Әдебиет сабағында балалар топтық жұмыс жасау арқылы бір- бірімен ақпарат алмасып, өз ойларын талдап бір- бірімен пікір алмасып жатыр.
Миға шабуыл кезінде топтық пікірталас тудыра отырып, өз ойларын көпшілік алдында айта алмайтын оқушылар ашылып, басқалармен бірігіп сөйлей бастады. Жолдасымен ой алмасқан оқушы, барлық топпен жеңіл қатынасқа түсті. Әрине, топпен жұмыс көбірек оқушыларға ойларын айтуға мүмкіндік берді. Сыныбымыздағы ұяң оқушылар Бауыржан, Рахима,Шұғыла,Алихан топтық жұмыс жүргізудің арқасында тақтаға шыққанда еркін сөйлеп үйрене бастады.

(Суретте Алихан)

 


3.Кластер құрастыру. Қандай да бір тақырыпты ұғынуда ой үрдісін көрнекті ететін графикалық ұйымдастыру тәсілі.
Бұл тәсіл бойынша мен тақырыптың жүрегі болып табылатын басты сөзді немесе сөйлемді таза беттің ортасына жаздырттым. Ал оқушылар тақырыпқа келетін, ойды көрсететін сөздерді немесе сөйлемдерді жан-жағына «лақтырып» жазды.

 

Суретте дүниетану пәнінде бүгінгі тақырыпқа негіз болатын сөзді оқушылар талдап, зерттеп жазды.Осылайша топпен талдау барысында жаңа логикалық ұғым пайда болды.
Кластерлермен жұмыс жасағанда оқушылардың еркін ойлануына мүмкіндік бердім.

СИНКВЕЙН әдісі - ақпаратты түйіндеу, күрделі ойларды бірнеше маңызды сөздермен, кең және қысқа сөйлемдермен жеткізу қабілетін дамытады.
Синквейн әдісін жеке өзіндік жұмыс ретінде, жұппен жұмыс үшін, сирек топтық шығармашылық ретінде ұсындым.
Әдетте өзімнің әдебиет сабақтарымда синквейн әдісін рефлексия сатысында қолдандым.
Табиғат туралы тақырып өткенде сабақты қорыту мақсатында оқушылар жазған жұмыстар:

Табиғат
Көркем, әдемі
Жайнап тұр, құлпырған
Ғажайып құбылыс
Қоршаған орта

 

 

 

 

 

 

ЭССЕ - Қандай да бір әдеби, философиялық, эстетикалық, моральдық және әлеуметтік мәселенің еркін баяндамасы.
Өз сабақтарымда оқушылар сабақ соңында екі жұлдыз бір тілек жазуды әдетке айналдырып алды. Басында ойлары шашыраңқы болып, дұрыс жеткізе алмаса,қазір өз ойларын еркін жазуға төселіп алды.
Суретте Шағын эссе жазып, оны автор орындығына отырып, қорғау кезінен көрініс.

«Шатастырылған логикалық баулар» әдісін көбінесе әдебиет, дүниетану сабақтарында пайдаланамын.
Мәтінмен танысқаннан кейін «рефлексия» сатысында оқушыларға орны ауыстырылған тізбекті қалпына келтіруді ұсынамын. Осы форма зейін мен логикалық ойлаудың дамуына көмектеседі. Айта берсек сто-ның әдістері көп.
Сонымен қорыта келгенде. Құрметті әріптестер, сіздер айтқан сыни тұрғыдан ойлау менің жасап жатқан тәжірибемде көрініс тауып жатыр ма, екен?
Бұл бастамам нақты нәтиже емес, өзгерістер ғана .
«Кембридж бағдарламасындағы» жеті модуль ге сүйеніп, репродуктивті оқытудан конструктивтік оқытуға көше отырып, бүкіл мектеп болып жұмыс жүргізсек, келешек ұрпақтың білім саласын көтеруге үлес қосар едік деген ойдамын. Рахмет!

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста