MS Access бағдарламасында Конструктор режимінде кесте құру.

MS Access бағдарламасында Конструктор режимінде кесте құру.

Сабақтың тақырыбы: MS Access бағдарламасында Конструктор режимінде кесте құру.

«Бухгалтерлік колледж» мекемесі, Семей қаласы.
Исаева Кадиша Зарыпқызы, информатика пәні оқытушысы.

Пән: Информатика – 1 курс
Тараудың атауы: MS Access мәліметтер базасы
Сабақтың білімділік мақсаты: MS Access бағдарламасында кесте құру жолдарын оқушы санасында қалыптастыру.
Сабақтың дамытушылық мақсаты: Жаңа мәліметтер арқылы білім қорын көбейту, ой-өрісін дамыту, пәнге қызығушылығын арттыру, оқушылардың теориялық білімдерін практикада тиімді қолдану дағдыларын дамыту.
Сабақтың тәрбиелік мақсаты: Жылдамдыққа және жеке жұмыс жасауға баулу. Алған білімдерін еркін қолдана білуге, ұқыптылыққа және өзін-өзі бағалай білуге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Жаңа тақырыпты меңгерту
Сабақтың әдісі: Лекция және практика жұмысы
Оқу материалын жабдықтау:Интерактивті тақта, компьютер, Microsoft Access бағдарламасы, деңгейлік таратпа тапсырмалар.
Пән аралық байланыс:Математика, география және қазақ тілі
Сабақтың кезеңдері:
І. Ұйымдастыру кезеңі. (сабаққа оқушыларды жұмылдыру сәті)
ІІ. Қайталау. (оқытудың тірек білімдерін қайталап, оқушылармен
бірлесе сабақтың мақсатын белгілеп, нақтылау)
ІІІ. Жаңа сабақты меңгеру. (жаңа тақырыпты қабылдау және меңгеру)
ІV. Жаңа сабақты бекіту. (деңгейлік тапсырмалар орындау арқылы алған білімдерін
практика жүзінде қолдану)
V. Қортындылау. (білімдерді жинақтау және жүйелеу)
VІ. Бағалау. (тапсырмаларды орындау деңгейі бойынша бағалау)
VІ. Үйге тапсырма. (үй тапсырмасын хабарлау)
Сабақтың өтілу барысы:
І.Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылармен амандасу, түгендеу, назарларын сабаққа аудару.
ІІ. Қайталау. Microsoft Access бағдарламасында алған білімдерін сұрақ-жауап арқылы еске түсіріп, тірек-схема түрінде көрсету(презентация).
1. MS Access дегеніміз не? Бұл мәліметтер базасы бағдарламасы.
2. Microsoft Access бағдарламасын қайда қолданылады және не үшін қажет?
(кез-келген фирма, мекеме, шағын кәсіпкерлік шаруашылықтар бір-бірі туралы мағлұмат алу үшін.)
3. МБ-да кестелер деген не? МБ-да жазулар жиынтығын кесте деп атайды.
4. МБ-да өрістер деген не? МБ-да кестедегі тік бағандар өрістер деп аталады.
5. МБ-да жазулар дегеніміз не? МБ-да кестедегі жолдарды жазулар деп атайды.
6. МБ-ын құрудың қандай және неше қадамы бар?
а. Кестенің құрылымын құру
б. Кестені ақпаратпен толтыру
7. МБ-ын құрудың әдістері қандай?
а. Бос МБ-ын құру
б. Шебер көмегімен МБ-ын құру.
8. МБ-да қандай нысандар бар? Кестелер, формалар, сұраныстар, есептер, беттер, макростар, модульдер
9. Microsoft Access бағдарламасын тиімділігі қандай?
(кесте түрінде, сызба түрінде, кез-келген фирманың толық мағлұматтарын алып, онымен тікелей жұмыс жасай беруге болады. Қағаздардың санын көбейтіп әуре болмайды.)
10. МБ-на өзгерістер енгізуге болам ма? МБ-да кестеқұруды неден бастайды? Иә.Өрістерін енгізуден бастайды.
2. Жаңа сабақты түсіндіру.
Кестені конструктор көмегімен құру.
Өткен сабақта құрған Мекенжай-Телефон атты МБ-сы терезесінде Кесте (Таблицы) нысанында тұрып Конструктор деген сөзді шертеміз. Немесе Конструктор режимінде кесте құру (Создание таблицы в режиме Конструктора) жапсырмасын екі реет басамыз.
Сол кезде төмендегі суреттегідей кесте терезесі шығады.

Құрылатын кестенің мынадай атрибуттары болады:
Өріс атауы, мәліметтер типі (түрі), сипаттама.
Өріс атауы (Имя поле) – кестенің өріс атаулары бағанында енгізіледі. Өріс атауы бос орыннан басталмауы тиіс. Бір кестедегі екі өріс бір атаумен аталмайды.
Мәліметтер типі (Типы данных) – мәліметтер типін айқындауғ адеректер типі пайдаланылады.
Сипаттама – өріс қызметіне түсініктеме беру.
Кестеде келесі өрістер бар:
• Мәтіндік (Текстовый) – мәтіндік ақпаратты сақтау үшін қажет.
• МЕМО өрісі (поле МЕМО) – үлкен көлемдегі мәтіндерді сақтай алады.
• Сандық (Числовой) – сандық мәліметтерді сақтау үшін қажет.
• Дата/уақыт (Дата/время) - күн/ ай/ жыл форматында мерзімді және сағат/ минут/секунд форматында уақыт мөлшерін сақтау үшін қажет.
• Ақшалай (Денежный) – ақшалай көрсетілген ақпаратты енгізу үшін қажет. Жалпы оларды сандық типтегі өріске де енгізуге болады, дегенмен осы типте жұмыс істеу ыңғайлы.
• Санауыш (Счетчик) – жазбалар реттік нөмерін анықтау үшін қолданылады. Автоматты түрде бірден басталып, жазбаларды қайталанбайтын осы өріс мәні арқылы анықтап отыру үшін қажет.
• Логикалық (Логический) – логикалық мәліметтерді (Иә/жоқ, 0/1, Ақиқат/Жалған, т.с.с) сақтау үшін керек.
• OLE объектісі – OLE технологиясын сүйемелдейтін құжатарды, кестелерді, графиктерді және басқа объектілерді сақтау үшін қолданылады.
Өріс аты деген бағанға өз керегімізше кестенің бағандары аттарын жазамыз.
«Мәліметтер типі» өзі автоматы түрде толтырылып отырылады. Егер типі сәйкес келмесе сол өрістің типі тұрған жерге барып түртсек үшбұрыш тәрізді белгі пайда болады. Сол белгіге шертсек тип түрлері шығады, сәйкесін аламыз. Нәтижесінде төмендегідей кесте құрылымы алынады.

 

Осы терезені жауып, сұхбат терезесінде сұрау бойынша Мекенжай-Телефон кітабы деген ат береміз де сақтаймыз. Сіз кестенің Конструктор режимінде құрылғанын көресіз!
МБ – дағы кестены санындаМекенжай-Телефон кітабы деген атауға екі рет бассаңыз кесте ашылады. Кестенің түрі келесідей болады:

 

Енді сіз кестені толтыруға дайынсыз!
3. Жаңа сабақты бекіту:
А)Оқушылар мұғалім таратып берген парақтағы «MS Access бағдарламасында кестені Конструктор режимінде құру» деген практикалық жұмысты орындайды.
Практикалық жұмыс
Тақырыбы: «MS Access бағдарламасында Конструктор режимінде кесте құру»
Мақсаттар:
- MS Access бағдарламасында Конструктор режимінде кесте құруды үйрету
- MS Access бағдарламасында жұмыс жасау дағдысын қалыптастыру
- Оқушыларды жылдамдыққа, жеке жұмыс жасауға баулу
Жұмыс барысы:
1. Өздеріңіз құрған Мекенжай-Телефон атты жаңа мәліметтер базасын ашыңыздар.
2. Кестенің Конструктор режиміне көшу үшін Таблицы нысанында Конструктор батырмасын басыңыз. Немесе Создать батырмасын бассаңыз Новая таблица деген кішкентай терезе ашылады да, сол терезеде Конструктор режимін таңдап ОК батырмасын басыңыз, немесе Создание таблицы в режиме конструктора жапсырмасына екі реет бассаңыз Таблица1 деген конструктор кестесі ашылады.
3. Конструктор режимі терезесінде кестенің Имя поля бағанасына Фамилиясы деген сөзді енгізіңіз.
4. Тип данных бағанасында Текстовый мәнін қойыңыз.
5. Осылайша келесі өрістердің барлығын толтырыңыз: Аты, Әкесінің аты, Телефоны, Тұратын елі, Облысы, Қаласы, Мекен-жайы, Туған күні, Оқу орыны, Тобы және де олардың барлығының Тип данных бағанасын толтырыңыздар.
6. Кестенің құрылысын толықтырып болғаннан кейін келесі әмірді орындап, оны сақтаңыз: Файл/Сохранить батырмасын басып, Сохранение терезесінде Имя таблицы жолына Телефон-мекенжай кітабы атауын беріңдер.
Алғашқы кілтті құру сұрағына Иә деп жауап беріңіз. Сіздің кестеңіз сақталынды. Енді Конструктор терезесін жабыңыз да құрған кестеңізді ашып көріңіз.
7. Егер сіз барлығын дұрыс орындаған болсаңыз «Телефон-мекенжай кітабы» атты кесте құрылуы тиіс.
8. Нәтижені мұғалімге көрсетіңіз.
Сәттілік тілеймін!
Ә) Тест сұрақтары.
1. Microsoft Access деген не?
А) мәліметтер базасын қолданушыға арналған программа.*
В) компьютер мен адамның өзара сұхбаттасы құралы.
С) мәтіндік редактор.
Д) амалдық жүйе.
2. Microsoft Access қандай программалық жасақтамаға жатады?
А) жүйелік.
В) қоданбалы.*
С) қызметтік.
Д) оқытушылық.
3. Ақпарат сақталынатын Microsoft Access программасынның негізгі объектілері.
А) кесте.*
В) қалып.
С) сұраныс.
Д) есеп.
4. Кесте құруды неден бастаған дұрыс.
А) макетін беруден.
В) өрістерін енгізуден.*
С) мәліметтерді енгізуден.
Д) жазбаларды енгізуден.
5. Microsoft Access мәліметтер базасының қандай терезесінде орнатылған байланыс параметрлері беріледі?
А) Мәліметтер схемасы терезесінде.*
В) Байланыс терезесінде.
С) Бас терезесінде.
Д) Мәліметтер базасы терезесінде.

4. Сабақтың аяқталуы және бағалау.
Сабақты қорытындылай келе, «Білмегенін сұрап, үйренген–ғалым, арланып сұрамаған–өзіне залым» демекші, кімде қандай сұрақтар бар? Бүгін біз не білдік, не үйрендік?
Сабақтың соңында оқушылар 5 балдық жүйемен бағаланады және оларға үй тапсырмасы беріледі.

5. Үй тапсырмасы.
МS Access бағдарламасы бойынша бақылау жұмысына дайындалу. Microsoft Access бағдарламасында кесте құру.

 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста