"Мектепке дейінгі жеке тұлғаның психологиялық-педагогикалық үрдісін әлеуметтік бейімдеу"

"Мектепке дейінгі жеке тұлғаның психологиялық-педагогикалық үрдісін әлеуметтік бейімдеу"

Мектепке дейінгі ұйымның инновациялық іс-әрекет ету жағдайындағы педагог-психолог жұмысының негізгі мақсаты – тәрбиеленушілердің психологиялық денсаулығын сақтау және нығайту, оның жеке тұлға ретінде үйлесімді дамуына ықпал ету. Баланың психологиялық денсаулығы саналылық, бостандық сезімі, өзімен үйлесімділікте өмір сүру, «Мен істей аламын» - әрекет етуге бейімділігі, әлеуметтік қызығушылық, тұрақтылық жағдайы, оптимистік көзқарас. Жоғарыда аталған сапалардан МДҰ инновациялық жұмыс жағдайындағы психологиялық салауатты бала тұлғасының мінездемесі айқындалады:өзін саналы түрде сезіну, өз эмоционалдық жағдайларын анықтау, жақсы дамыған рефлексия, өзін - өзі қабылдау, өз мүмкіндіктерін сезіну, басқа адамдарды қабылдау іскерліктері. Қазіргі кезде мектепке дейінгі ұйымдарда көптеген инновациялық технологиялар, бағыттар қолданылады. Барлық инновациялар психологиялық ертіп жүруді талап етеді.
• МДҰ-дағы инновациялық іс-әрекетті ертіп жүрудің негізгі міндеті – баланың тәрбиеленіп жатқан мектепке дейінгі мекемесінің жағдайында өзінің әлеуметтік қабілеттеріне сәйкес білім алуға құқығын қорғау, толыққанды дамуы және жетіліп келе жатқан әлеуметтік жетік тұлғаның қалыптасуы үшін психологиялық-педагогикалық жағдайларын құру болып табылады. Танымдық, мотивациялық, эмоционалдық-еріктік іс-әрекеттерінен тұратын психикалық денсаулық құрамдастарының арасында психопрофилактикалық жұмыс және жеке тұлғалық дамудың жайсыз амалдарын түзету, әр баланың отбасын зерттеуді қамтиды.
• МДҰ жұмысында маңызды өзгерістерді туындататын инновациялардың түрлерін енгізу нақты мақсат-міндеттерді орындау кезінде мемлекеттік білім беру стандартының критерийлеріне және баланың құқығын қорғау Конвенциясы негізінде жүзеге асырылады. Инновациялық қызмет-мектепке дейінгі білім беру ұйымдары педагогтарының кәсіби дамуының факторы.
Эксперимент кезеңдері:
2012-2013 оқу жылы - Диагностикалық, болжау,
ұйымдастырушылық
2013-2014 оқу жылы - Практикалық
2014-2015 –оқу жылы - Қорытындылау
Зерттеу обьектісі:
Мектепке дейінгі жеке тұлғаның психологиялық
ерекшеліктерін анықтау әдістерінің жүйесі.
Мақсаты:
Тәрбиеленуші тұлғаның эмоциясымен сезімдерін, танымдық үрдісін, өзін-
өзі көрсете алуына, өзін-өзі жетілдіруге ынтасын дамыту.
Міндеті:
Психологиялық-педагогикалық зерттеулерді жүзеге асыра отырып,
тәрбиеленушілердің тұлғалық деңгейін анықтау
Зерттеудің болжамы:
Жеке тұлғаның психологиялық үрдісін элеуметтік бейімдеу енгізілсе,
баланың дамуын анықтау әдістері жетілдіріледі. Эксперимент барысында
зерттеу әдістерінің бақылау, сұрақ, ойын, тест жұмыстары жүргізіледі.
Жұмыс бағыттары:
1.Денсаулықты сақтау.
2.Психологиялық жұмыстар.
3.Әлеуметтік даму бағасы.
4.Ұйымдастыру ортасы.
Бөлімдері
Қатынас
Әлеуметтік дамуы
Физикалық дамуы
Білім беру ортасы
Психологиялық дамуы
Әлеуметтік психология, жалпы психологияда “жеке тұлға” анықтамасына сүйене отырып, жеке тұлға бір жағынан қандай нақты топтарда әлеуметтік әсерлерді қалай игеретіні, екінші жағынан нақты топтарда өзінің әлеуметтік мәнін қалай іске асыратынын анықтайды. Жеке тұлғаны зерттеуде әлеуметтік психологияның негізгі бағдары: жеке тұлғаның топпен қарым-қатынасында немесе жеке тұлғаны топ мүшесі ретінде қарастыру.
Егер де әлеуметтік психологияда жеке тұлғаны талдаудың түйіні - оның
топпен әсерлесуі болса, онда ең алдымен қоғамның жеке тұлғаға әсері қандай топтар арқылы іске асырылатынын анықтау қажет. Ол үшін жеке тұлға даму барысында қандай микро, макроортада болғанын қарастыру керек. Яғни, әлеуметтік психологияның дәстүрлі тіліне жүгінсек, бұл – әлеуметтену проблемасы.
Әлеуметтенудің мәнісі, ол – екі жақты процесс екендігінде,біріншіден, әлеуметтік ортаға кірудің арқасында жеке тұлғаның әлеуметтік тәжірибені игеруі, екіншіден, жеке тұлғаның осы әлеуметтік байланыстар әлеуметтік ортаға белсенді араласуының арқасында, сол әлеуметтік байланыстар жүйесін белсенді түрде қайта жасау процесі. Біріншісі – әлеуметтік тәжірибені игеру ортаның балаға әсерін сипаттаса, екіншісі, баланың өз іс-әрекетінің арқасында ортаға әсер етуін көрсетеді. Әлеуметтік бейімдеу процесінің мазмұны: жеке тұлғаның қалыптасуы тұрғысынан қарағанда, негізінен, үш сферада: іс- әрекетте, қарым – қатынаста, өзіндік сананың қалыптасуында іске асырылады.

Жұмыс түрлері:
• Мектеп жасына дейінгі баланың жеке даму картасы
• Балалардың медициналық көрсеткіші туралы мәлімет
• Балалардың өзара қарым-қатынас деңгейі
• Анкета,тест және бақылау әдістері
• Балалардың даму диагностикасы
Ата-аналармен жұмыс
Сондай-ақ мектепке дейінгі балалардың ойлау үрдісіне тоқталсақ, ойлау – тіл дамуы және ғылыми ұғымдарды меңгеру бірлігінде дамиды. Баланың сау психикасының ерекшелігі – танымдық белсенділігі. Ақыл-ой жағынан бала қаншалықты пәрменді болса, ол сонша көп сұрақтар қояды және оның сұрақтары соншалықты алуан түрлі болады. Бала заттың бейнесін ғана емес, оның қимыл-қозғалыстары туралы да ойлайды. Бейнелі ойлау – 6 жасар бала ойлауының негізгі түрі. Әрине, ол жекелеген жағдайларға логикалық ойлауды да орындай алады, бірақ та бұл жаста көрнекілікке сүйенген оқыту басымырақ болады. Мұның өзі осы жастағы балалардың естері еріксіз жақсы дамиды. Ерікті естері жаңа ғана қалыптасады. Сондықтан жақсы қабылдап алған заттардың түсін есінде жақсы сақтайды. Көру және есту елестері көрген нәрселердің мазмұнымен байланысты болады .
Мектепке дейінгі балалық шақта заттардың, құбылыстардың, іс-әрекеттердің арасындағы байланыстар мен қатынастарды бөлу мен пайдалануды талап ететін күрделі де сан алуан міндеттерді баланың шешуіне тура келеді. Ойында, сурет салуда, құрастыруда, жапсыруда, оқу және еңбек тапсырмаларын орындауда бала үйреніп алған іс-әрекеттерді жай ғана пайдаланып қана қоймайды, жаңа нәтижелер ала отырып олардың тұрақты түрін өзгертеді. Мектеп жасына дейінгі балалар өздерін қызықтырған мәселелерді түсіну үшін өзіндік эксперименттер жасауға кіріседі, құбылыстарды бақылайды, оларды талқыға салып, қорытындылар жасайды. Мектепке дейінгі балалық шақтың соңында кейбір механикалық физикалық және басқа байланыстар мен қатынастарды түсінуді, осы байланыстар мен қатынастар туралы білімді жаңа жағдайларда қолдана білуді талап етеді. Осы жастағы балалардың жылдың соңына дейін абстрактылы логикалық ойлауы жақсы дами түседі. Бірақ тәжірибе түрінде, бала затты көрмей тұрса, берген сұраққа толық жауап бере алмайды. Бала ойлаудың барлық операцияларын жақсы қабылдауға тиіс.
Мектепке дейінгі ұйымдарда білім сапасын арттыру аса маңызды мәселе, ол үшін жалпы және негізгі жағдайларды жақсарту басты міндет болып табылады. Біріншіден, білім мен тәрбие беруге арналған дамытушы ортаны жабдықтау қажет десек, ол мектепке дейінгі кезеңнің өзіндік ерекшелігі мен құндылықтарын сақтайтын, баланың балалығына бағытталуы шарт. Екіншіден, тәрбие мекемесінің басшысы мен тәрбиеші педагогтар қауымы кәсіби шеберліктерін үнемі шыңдап, білімін жетілдіруге жүйелі көңіл бөліп, ұжымның шығармашылық бағыт-бағдарын айқындап, оны жүзеге асыруға белсенділікпен ат салысуға және жағымды психологиялық ахуалдың тұрақтануына ықпал ету қажет. Сондай-ақ отбасының сұранысы мен талап-тілектерін қанағаттандыру және білім мен тәрбиенің балаға берілген үрдісі жайында ата-анамен үнемі бірлескен ынтымақты негізде жұмыс істеу де өте маңызды. Баланы тәрбиелеу, дамыту және білім беру мәселелерінде отбасы мен балабақша ұжымының бірлескен өзара тығыз байланыста болуы қажет деп санаймын.
Қорытынды:
Оқу жылының соңында балалардың жан-жақты танымдылық қабілеттері бақыланып, қорытынды диагностика жасалады, балалардың әлеуметтік дамуының жеке картасының нәтижесі жасалады. Балалардың есте сақтауы, ойлауы, зейіні, сөйлеуін бақылау үшін әр-түрлі әдістерді қолдану арқылы қорытынды диаграмма құрылады.

Қолданылған әдебиеттер:
1.Танымдық белсенділікті қалыптастыру-«Мектепке дейінгі тәрбие»
2.Жұмабекова Ф.Н. – «Мектепке дейінгі педагогика»- Астана ,2007
3.Микляева Н.В.,Микляева Ю.В.-«Работа педагога-психологав ДОУ»
методическое пособие.Москва,2005
4.Немов Р.С. Психология. Книга 1. Москва,2004
5.Чивикова Н. «Как подготовить ребенка к школе» Москва,2000
6.Балалардың танымдық қызығушылығын дамыту- «Мектепке дейінгі педагогика» 2005

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста