Білім беру үрдісі: педагогикалық ынтымақтастық пен тәжірибе

Ожанова Зағира
Химия-биология бағытындағы Назарбаев зияткерлік мектебі
Өскемен қаласы,
Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі
Ozhanova_z@ukk.nis.edu.kz

Аңдатпа
Бұл мақалада батыс елдерінде қолданылып келе жатқан мұғалімдердің сабақтағы іс-әрекеттерін зерттеу мен жақсартудың бірден-бір әдісі – Lesson Study туралы айтылады. Аталған әдістің білім беру саласындағы орнының ерекшелігі қарастырылған.

Білім беру үрдісі: педагогикалық ынтымақтастық пен тәжірибе
Отандық білім беру жүйесінің флагманы болуда осы заманғы оқу бағдарламасымен жұмыс істейтін ұстаздар қауымынан шығармашылық іс-әрекеттерінің бірі- нәтижеге бағытталған педагогикалық тәжірибені зерттеу, жинақтау және қолдану ісі cұралады. Өйткені, педагогикалық тәжірибе ғана оқушының жеке тұлғалық сапаларын жетілдірудегі мақсатты ұйымдастырылатын педагогикалық процесс болып табылады.
Оқу орыс тілінде жүретін сыныптарда мемлекеттік тіл – қазақ тілін оқытудың өзіндік ерекшелігі бар. Сондықтан оқытудың әдісі мен оған қойылатын талаптар тұрғысында да осы ескерілуі тиіс.
Мұғалім үшін қазақ тілін үйретуде сабақтың әдістемелік сапасы алғы шарттардың бірі болып табылады. Сол себепті мұғалімнің сабақ жүргізу әдістемесі оны дұрыс құрудан басталғаны жөн. Сабақ үрдісін құрудағы маңызды қадам- белсенді оқыту әдістері мен оны жүзеге асыруда қолданатын тиімді тәсілдер болмақ. Сабақ үрдісіндегі оқыту әдісі оқу-тәрбие жұмыстарының алдында тұрған міндеттерді дұрыс орындаудағы мұғалім мен оқушылардың бірлесіп жұмыс істеу үшін қолданатын тәсілдерден тұрады. Сабақтың дидактикалық кезеңдеріндегі мақсаттарға жету үшін де мұғалім істелетін жұмыстарды оқыту әдіс-тәсілдері арқылы төмендегідей реттік жүйеге келтіруі тиіс:
Оқыту әдістері арқылы танымға қызығушылық туғызу ізденуге құлшыныс жасату жаңа білімді өзбетінше түсіну оқушының ақыл-ойын дамыту. Осы орайда мұғалім тіл жанашыры Ф.Оразбаеваның басқа ұлт өкілдеріне қазақ тілін оқыту барысында қолданылатын өзіндік принциптері арқылы ажыратқан қатысымдық әдісті ескеруі керек. Олар:
1. Тіке байланыс;
2. Адамның жеке қабілетін ескеру;
3. Сөйлесуге үйретуде жүргізілетін жұмыстардың түрлерін айқындау;
4. Сатылап даму;
5. Динамикалық өзгеру;
6. Өзектілік.
Білім мақсаты грамматикалық ережелер мен анықтамалар жүйесі арқылы сөз үйрету техникасы негізінде оқушыларды қазақша дұрыс сөйлей білуге үйрету болғандықтан, қазақ тілі сабағының ұйымдастырылуы төмендегі талаптарға сәйкестендірілгені жөн:
1. Сабақтың құрылымы тартымды, мақсаты айқын және толық мәнді болуы;
2. Сабақта қоғамдық даму үрдісінің бүгінгі уақытпен байланыстырыла насихатталуы;
3. Оқушының екінші тілді меңгеру барысында өзіндік дүниетанымының кеңейіп, қоғамдағы құнды рухани байлықтарды сезіну арқылы танымдық құзыреттілігін қалытастырудың іске асырылуы;
4. Әр сабақта оқушының таным арқылы ақиқатқа жету, бұрын таныс емес шешімдерді іздеу, өзіне тың жаңалық ашу және соның нәтижесінде ғана оны практикалық өмірде пайдалануға жол аша білуі.
Оқушыларға мектепте екінші тілді меңгерту сабақтарын жоспарлауда Барнстың «Сыныпта тіл қаншалықты қолданылса, оқушылардың білім алуына соншалықты әсер етеді» деген пікірін басшылыққа алу керек. [1]. Педагог қызметкерлерінің біліктілігін арттыру курстарының үшінші (негізгі) деңгей бағдарламасын меңгере отырып, негізгі жеті модульдерді тәжірибеде кеңінен қолдану барысында оқушыға білім мазмұнын дәйекті түрде жеткізу үшін жоспарлау үрдісін жүйелі жүргізудің қаншалықты маңызды екендігін түсінуімізге мүмкіндік туды. Бағдарламада берілген «Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер» модулінің ішіндегі «Диалог арқылы оқытуды» сабақтарымызда қолдану барысында балалардың бір-бірімен диалогтік әңгіме құра отырып, еркін пікір алмасуы арқылы ынтымақтастық орта қалыптастыруға жағдай жасалатынын байқадық. Яғни, ең бастысы оқушының бойында қате айтып, мұғалімнен ескерту алып қаламын деген қорқыныш болмайды. Сабақта қарастырылатын материалдардың күрделілігіне қарамастан, қабілеті әр түрлі деңгейдегі оқушылардың өз ойларын білдіруіне мүмкіндік туады. Пікір алмасу кезінде оқушылар әр түрлі идеялар туындайтынына көз жеткізе алады. Әр оқушы өз пікірін дәлелдеп үйренеді. Ендеше оқушылардың өзара сұхбаттасуы және мұғалім мен оқушы арасындағы диалогтың маңызы зор, өйткені бұл үрдісте диалог негізінде оқыту мен оқу шәкірттердің өзіндік ой- пікірін жүйелеуі мен дамытуына ықпал етеді.
Бүгінгі заман талабына сай білім беруде Lesson Study арқылы әрекет етудің тиімділігі мол. Lesson Study – мұғалімдердің сабақтағы іс-әрекеттерін зерттеу мен жақсартудың бірден-бір әдісі. Аталған әдістің негізі 19 ғасырдың 70-інші жылдары Жапонияда қаланып, батыс елдерінде 70 жыл бойы қолданылып келеді. [2]
Бірнеше мұғалімнің бірігіп құрған жоспары бойынша сабақ жүргізу, онда мақсатты бақылау жасап, оқыту мен сабақ берудің көрінісін талдауда ортақ шешімге келу арқылы келесі сабақты жоспарлаудың сабақ үрдісінің жоғары деңгейде құрылып, оқушының сапалы білімге қол жеткізуіне септігі зор. Өйткені Lesson Study циклды жүйесінде мұғалім сабақты жоспарлауда инновациялық - педагогикалық оқу технологиясын қолдануды жетілдіреді, өз тәжірибесін басқа әріптестерімен бөліседі. Lesson Study тәжірибелі мұғалімдермен қатар жас ұстаздарға да өз тәжірибесін жетілдіруге ықпал етеді. Өйткені бірлесе отырып жоспар құру, бірге бақылау, бірлесе отырып талдау оқыту туралы бірлескен ой-пікірді қалыптастырады.
Lesson Study әрекетін жүргізу төмендегідей кезеңнен тұрды:
 Зерттеу нысанын анықтау;
 Зерттеу тақырыбын анықтау;
 Зерттеу тобын құру;
 Зерттеу нысаны бойынша тілдік қарым-қатынасына қарай бақылауға алынған оқушылар мен бақылаушылардың өзара бөлінуі;
 Зерттеу уақытын белгілеу;
 Зерттеу негізінде күтілетін нәтижені болжау;
 Бірлесіп сабақ жоспарын құру;
 Сабақ үрдісі;
 Сұхбат негізінде оқушы көзқарасын білу;
 Сабақ үрдісін талдау, туындаған мәселелердің шешу жолдарын табу;
 Талдау негізінде келесі сабақ үрдісін жоспарлау.
Lesson Study циклі бізге оқыту мен оқуды бірлесе талдай отырып, өз ой-пікіріміз бен педагогикалық іс-әрекет туралы қорытындымызды қабылдайтын, білім мен тәрбие беру үрдісінде қызығушылығы ортақ мұғалімдер ынтымақтастығын құруымызға себепкер болып қана қоймай, оқыту тәжірибесіне жаңа әдістер енгізеді, бұрынғыны жетілдірді.
Бүгінгі таңда Қазақстанның білім беру саясатында жүpiп жaтқaн өзгepicтep, ғылыми- тeхникaлық пpoгpecc жәнe жaлпы бiлiм бepeтiн мeктeп құpылымының өзгepуi – үш тілді қатар меңгерген, сыни ойлауы дамыған құзіретті тұлғаны қaлыптacтыpуда сабақ үрдісін жоғары деңгейде құруды тaлaп eтeдi. Coндықтaн дa oқушылapғa бiлiм бepудегі әрбір қадам жақсы құрылған жоспардан басталуы керек.

Пайдаланылған әдебиеттер:
1. Мұғалімге арналған нұсқаулық. «Назарбаев Зияткерлік мектебі»ДББҰ,2012 ж
2. Dudley, P. (2011). How Lesson Study orchestrates key features of teacher knowledge and teacher learning to create profound changes in professional practice [Кәсіби тәжірибеде түбегейлі өзгеріс жүргізу үшін Lesson Study мұғалімнің білімі мен дағдыларының негізгі мазмұнын қалай анықтайды]. Presented at the World Association of Lesson Studies Annual Conference, Tokyo.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста