Алтын ұя мектебіме-16 жыл!

Алтын ұя мектебіме-16 жыл!

Шығыс Қазақстан облысы
Өскемен қаласы әкімдігінің
«Көпбейінді №3 мектеп-гимназиясы» КММ
Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары
Бақтыбаева Асем Бақзолқызы

1-жүргізуші:
Құрметті гимназистер, ұстаздар, ата-аналар!
Бүгінгі сағынышқа, шаттыққы толы «Гимназия күні» мерекелеріңіз құтты болсын!
2-жүргізуші:
19 сәуір Гимназия күніне арналған салтанатты жиынымызды ашық деп жариялаймыз!
1-жүргізуші:
Оқушылар, түзеліндер, тік тұрындар!
Мектеп туы әкелінсін!
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік әнұраны орындалсын!
2-жүргізуші:
Гимназиям-сенсің жақсылыққа үйреткен
Гимназиям-сенсің көңілдерге гул еккен
Гимназиям-сенсің ізгілікпен әлпештеп,
Адалдық пен адамдақты ту еткен.
1-жүргізуші:
Бүгін алтын ұя мектебіміздің гимназия болып қалыптасқанына 16жыл толып отыр.
2-жүргізуші:
Бүгін сенің мерекең,
Алтын ұям, мектебім
Тәліміңмен сусындап,
Бір өзіңнен көктедім.
1-жүргізуші:
Туған күнің құтты боп
Шуақ болып шырқалсын
Шәкірттерің әрқашан
Құлпырған гүлдей ашылсын.
2-жүргізуші:
Ажырамай мектептен бір елі сіз
Жаңалыққа жаралған жүрегіңіз
Сөз берелік құрметтеп өзіңізге
Ағыл-тегіл айтылсын тілегіңіз
1-жүргізуші:
Құттықтау сөз гимназия директоры, Қазақстан Республикасының оқу-ағарту ісінің үздігі, Ы. Алтынсарин медалінің иегері, «Ерен еңбегі» медалінің иегері Акитбаев Есім Тұрысбекұлына беріледі.

2-жүргізуші:
1. Мұрагер тобының өнері
Құттықтау сөз кезегі ата-аналар атынан мектепішілік ата-аналар комитетінің төрайымы Тукубаева Манар Азезқызына беріледі.
Мектебіміздің туған күніне арнап ата-аналарымыз да өз жыр-шашуларын ала келді.
2. 3 –сынып ата-анасы Әкелеев Сахан ағаның орындауында_____________________
Оқушыларды марапаттау
1-жүргізуші:
Гимназия шаңырағында бәрімізге белгілі жыл сайын «Ең үздік сынып жетекші», «Ең үлгілі сынып», «Ең үлгілі күнделік» атты сайыстар жүргізіліп келе жатыр. Бір жыл сынға түскен бірнеше сыныптардың арасындағы бұл сайыс өз мәресіне жетті. Енді осы бәйгені қортындылап, және жыл көлемінде қоғамдық жұмыстарға белсене қатысқан ұстаздар мен оқушыларды марапатау рәсімі мектеп директоры Акитбаев Есім Тұрысбекұлына беріледі.
2-жүргізуші:
Білім мен ғылымның әр саласында сайысқа түсіп, топ жарып көш бастаған шәкіртіміз біздің мақтанышымыз. Осы сақтанышымызды марапаттау үшін сөз кезегі оқу ісінің меңгерушісі Адикова Гүлжан Аңсағанқызына беріледі.
2-жүргізуші:
Білім деңгейлерінің тереңдігімен, шығармашылық қабілеттерінің жетістіктерімен ерекшеленген оқушылар есімін Құрмет кітабына жазу гимназия дәстүріне енген.
Ендеше мектеп мақтаныштарын ортаға шақырамыз.
Алтын белгі үміткерлері:
1-жүргізуші:
Құрметті 5 сынып оқушылары!
Бүгінгі күн есінде қалатын күн,
Жұлдыз-арман жарқырап жанған күн.
Биіктерге өзіңді жетелейәтін,
Гимназия белгісін тағатын күн.
Келесі кезек 5-сыныптарға беріледі.
2-жүргізуші:
Ортаға 5А сынып оқушыларын шақырамыз.(Ант қабылдау)
1-жүргізуші:
5А сынып оқушыларына төс белгі тағылсын.5а- сынып оқушыларын гимназистер қатарына қабылдау рәсімі 11А сынып оқушыларына тапсырылады.
1-жүргізуші:
Ортаға 5б сынып оқушыларын шақырамыз.(Ант қабылдау)
2-жүргізуші:
5б сынып оқушыларына төс белгі тағылсын.5б-сынып оқушыларын гимназистер қатарына қабылдау рәсімі 11б сынып оқушыларына тапсырылады.
2-жүргізуші:
Ортаға 5в сынып оқушыларын шақырамыз.(Ант қабылдау)
1-жүргізуші:
5в сынып оқушыларына төс белгі тағылсын.
5 в сынып оқушыларын гимназистер қатарына қабылдау рәсімі 11в сынып оқушыларына тапсырылады.
2-жүргізуші:
Ортаға 5А1 сынып оқушыларын шақырамыз.(Ант қабылдау)
1-жүргізуші:
5А1 сынып оқушыларына төс белгі тағылсын. 5а1- сынып оқушыларын гимназистер қатарына қабылдау рәсімі 11А сынып оқушыларына тапсырылады.
2-жүргізуші:
Ортаға 5А2 сынып оқушыларын шақырамыз.(Ант қабылдау)
1-жүргізуші:
5А2 сынып оқушыларына төс белгі тағылсын.5а2 - сынып оқушыларын гимназистер қатарына қабылдау рәсімі 11б сынып оқушыларына тапсырылады.

1-жүргізуші:
Гимназиям-алтын ұям, ақ бесігім
Кең тарап, көкжиекке кетті есімің
Құттты болсын бүгінгі туған күнің,
Абырой арта берсін, бақ несібің!
Құрметті гимназистер, оқушылар, ұстаздар, мерекеміздің салтанатты бөлімі аяқталды.
2-жүргізуші:
Мектеп туы әкетілсін.
Енді сіздерді мерекелік концертімізге және әртүрлі шараларға шақырамыз.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста