Қызылордада ұлттық спорт түрлерiнен жасөспiрiмдер арасында Қазақстан чемпионаты өттi. Айтулы сында Оңтүстiк Қазақстан облысының өрендерi тамаша нәтижеге қол жеткiздi. Көкпар бәсекесiнде өрендерiмiз барлық қарсыластарынан басым түсiп, бiрiншi орынға ие болды. Бұл – өңiрiмiзде көкпар спортының жақсы дамып келе жатқанының дәлелi.
Бiлектi бозбалалар да жарады. Ат құлағында ойнаған Ж.Расилбек 40 келi салмақ дәрежесiнде қарсыластарын түгел аударып, чемпион атанды. Финалға дейiн жеткен Е.Құралбай мен А.Айтмырза екiншi орынға ие болса, Б.Бекқұс қола жүлдегер атанды. Теңге iлуден Азия чемпионы Ғалымжан Iзжанов бұл жолы екiншi орынды олжалады. Жамбы атудан Б.Өтелбай мергендiгiмен дараланып, бiрiншi орынды жеңiп алды. Бұл спорт түрiнiң облысымызда қолға алынғанына көп болмағанын ескерсек, мергендiк өнер қазақтың қанында бар екенiн аңғарасыз.
Ел намысын асқақтатқан өрендердi облыстық Ұлттық спорт түрлерi мектебiнiң директоры Ғани Ахметбаев арнайы қабылдап, сый-құрмет көрсеттi. Бүгiнде республикадағы ең мықты спорт мектептерiнiң бiрiне айналған бұл ұжым ендi шәкiрттерiнiң дүниежүзiлiк көшпендiлер ойындарында топ жаратынына сенiмдi.
Ғ.ҚАДЫРБЕКҰЛЫ
"Оңтүстік Қазақстан"