Мал – қолда, кооперация – қиялда

Мал – қолда, кооперация – қиялда

Қазақ халқы үшін мал өсіру экономиканың негізгі көзі болып саналады. Дегенмен қазіргі уақытта мал шаруашылығын экономиканың жетекші саласына айналдыра алмай отырмыз. Мәселен, біздегі малдың шамамен 90 пайызы жеке азаматтардың қолында. Одан болмашы ғана өнім аламыз. Шынын айту керек, ол экспорттауға ғана емес, өзімізге де жетпейді. Ал Ауыл шаруашылығы министрлігінің мал басын кооперация құру арқылы дамыту жоспары әлі күнге дейін дұрыс жүзеге асырылмай келеді.

Мал баға алмаймыз ба?
Мал өсіру қазақ халқының ежелден бері негізгі кәсібі, байлығы және азығы болып келді. Қазіргі уақытта да ауыл халқының негізгі күнкөріс көзі осы мал болып табылады. Дегенмен бүгінгі таңда ауылдық жерлерде мал өсіруге онша мән бермей отыр. Неге? Мәселен, халқымыздың 47 пайызы ауылдық жерлерде тұрғанымен, олардың көбі мал шаруашылығымен айналыспайды. 2007 жылы мал басына санақ жүргізілген кезде үй маңындағы шаруашылықтардың 56 пайызында ірі қарасы, 76 пайызында қой-ешкісі жоқ екені, сондай-ақ ауыл тұрғындарының көбі сиыр, қой-ешкі өсірмейтіні белгілі болды. Яғни ауыл халқының 56 пайызының малы жоқ. Жағдай екі жыл ішінде жақсарып кетті деп тағы айта алмаймыз. Мұнымен қоса, мал бағу әдісі де жолға қойылмаған. Бұрын ата-бабамыз малды жаз шықса, жайлауға айдап, қыс түссе, қыстауда ұстайтын болған. Осылайша жайылым жерлерді үнемі өзгертіп отыратын. Ал қазір шаруалар 10-15 шақты қойын, бір жылқы, екі сиырын үй маңына таң сәріден шығарып, кешке айдап алып келеді. Бұл мал бағудың түріне жата ма? Осылайша әлемдік ет, сүт нарығында бәсекеге қабілетті ойыншы бола аламыз ба?

Кооперацияларға жағдай жоқ
Мамандар мал өсірудің ең тиімді әдісі бірлесіп кооперациялар құру екенін айтып келеді. Соңғы жылдары үкімет банктер арқылы осындай кооперацияларға төменгі пайызбен несие беріп, басқа да жеңілдіктер жасап келеді. Мәселен, мемлекеттің кооперацияға қатысты бес бағдарламасы бар. Оның бір бағдарламасы бойынша жеке шаруа жеті жылға дейін бес пайызбен несие ала алады. Алайда, өкінішке қарай, бұл кооперацияны құру, дамыту, несие алу жолдары тұрғындар үшін әлі түсініксіз күйде қалып отыр. Біріншіден, түсіндіру жұмыстары жолға қойылмаған. Ауыл шаруашылығы министрлігі Экономика және ауыл шаруашылық кешені институтын жеке шаруаларға аталған бағдарламаға қатысты дәріс оқуға міндеттеп жатыр. Мұндай оқу орындары қазір Шымкент және Алматы облысына қарасты Үшқоңыр елді мекенінде орналасқан. Бірақ оған қарапайым шаруаның алыстан келіп оқуына мүмкіндігі жоқ. Екіншіден, ауыл тұрғындарының көбісінің қолында күнкөрістің негізгі көзі болып отырған, ары кетсе, бір-екі сиыр, он шақты қой-ешкісі ғана бар. Санаулы малын олар кооперацияға өткізіп қарап отыра алмайды. Сонымен бірге ауылдықтарда кооперацияның талабынан шығатын техникалық құралдар жоқ. Болса да, әбден ескірген. Үшіншіден, кооперация малына арналған жайылым жерлер тар. Мысалы, бүгінгі таңда республикамызда 100 миллион га жайылым жерлер бар. Бірақ онда су құдықтарының болмауынан мал жаю мүмкін емес. Бізде бір ауыл шаруашылығы кәсіпорнына – орта есеппен 4700 гектар, бір шаруа қожалығына 146 гектардан ғана келеді. Жем-шөп деген – ең күрделі мәселе. Жем-шөп дұрыс болмаса, малдың сапалы өнім бермейтіні белгілі. Яғни жем-шөп қорын дайындау да басты проблеманың біріне айналып тұр. Төртіншіден, мал санын көбейтудің нақты жоспары жасалмаған. Бесіншіден, мал саны көбейгеннің өзінде оның өнімін өңдейтін жақын маңдарда кәсіпорындар ісі жолға қосылмаған. Қысқасы, қазіргі уақытта ауылдық жерлерде кооперациялардың қажеттілігі жоғары болғанмен, оны құру қиял түстей болып көрінеді. Бос қиял болғандықтан, ауылдықтар оны армандаудан да қалып бара жатқан сияқты.

 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста