Тоқтар СЕРІК, әнші: Бекет ағамның жоқтығы білініп тұрады

Тоқтар СЕРІК, әнші: Бекет ағамның жоқтығы білініп тұрады

– Мен білетін Бекет аға қазақтың «сегіз қыр­лы, бір сырлы» деген теңеуіне сайма-сай, өнер десе өнері бар, әнші, сазгер, өзі мықты әдебиет­ші, керемет тарихшы, таби­ғаттанушы, этнограф, тұла бойына қасиетті өнердің бүкілі дарыған ғажап адам еді. Музыка аспаптарымен қатар, ат әбзелдерін, басқа да тұрмыстық бұйым­дарды өз қолымен жасайтын шеберлігі қандай еді десеңізші! Ол кісі туралы өткен шақта айтудың өзі сондай ауыр. Өйткені Бекеттей асыл азаматтың елге сіңірген еңбегі, жалпы, жасаған жақсылығы көп. Мен ол кісінің 2-3 өлеңін айтамын. Соның ішінде «Өмір­ге сауал» деген әні ерекше әсерлі. Мұн­да әлдебір өкініш, өксік бар. Күні үшін дос болатын адамдардың әрекетінен жабыққан сыңай байқалады.
Мен ең алғаш ол кісіні ертеректе «Жігіт сұлтанына» қатысқан кезінде көрдім. Бірақ ол – тым жас кезім, аса зер салып қарамағам. Кейін­нен бір жігіттермен демалып қайтуға Балқаш жаққа бара жатқанымызда ол кісі де сол топтың ішінде болды. Менің көзіме Бекет аға әуелден батыр болып көрінді. Сол жолы Балқашқа жеткенше ән салып, әңгіме айтып бардық. Былай қарасаң, күнде үйде бірге ән айтып, дайындалып жүрген адам сияқтымыз. Мен домбырамен қай өлеңді айтсам да, ол кісі гитарамен қосылып отырды, бәрін біледі өзі. Ол кезде ел мені білмей­ді. Бекет аға: «Тоқтар, сен кейін жұлдыз боласың, бірақ мені танымай кетпеші» деп күледі. Өзі сондай қалжыңқой кісі еді. Бұл, әрине, сәуегейлік емес, менің өнерімді танығандығы ғой. Айтса-айтқан­дай, кейіннен елге танылып, «Тоқтар» болдым. Сол кезде әдейілеп үйіне бардым. «Бекет аға, мен жұлдыз емеспін, баяғы Тоқ­тармын» десем, қарқылдап күліп құшақ­тайтын. Мен ол кісіні «ең үлкен досым» деп құрметтей­тінмін. Шынымен де біз нағыз досша сырласа­тынбыз. Қазір қатты іздеймін, сағынамын. Кейде әртүрлі жағдайлар болып жатады, біреуге арқа сүйеп, ақыл-кеңес сұрағың келетін кездер бола­ды. Сондай сәттерде Бекет ағамның жоқтығы білініп тұрады. Мен әлі күнге дейін ұялы телефо­ным­дағы ол кісінің телефон нөмірін өшіргім келмейді, ол кісіні «жоқ» дегім келмейді.
... Ол өзі өте адал жігіт болатын. Көңілі қалса шын қалатын, жыласа шын жылайтын, күлсе  шын күлетін. Өзінің туған жері – Қаратау өңірін ешқашан аузынан тастамайтын. Ол десе, ішкен асын жерге қоятын. Әр түп ағашын, көдесін, жусанын, тобылғысын, қарағанын соншалықты құрметтейтін, сүйетін. Бүкіл Қазақстанға «Бүркітші» атымен танылған Бекет ағаның қыран құсты баптау шеберлігі – өз алдына бөлек әңгіме. Сол сияқты ол кісі қазіргі күні «Қызыл кітапқа» енген қазақы төбет пен халқымыздың жарма құлақ тазысын көбейтуге де қыруар үлес қосты, соларды қазақ даласына таратты. Бекет ағадан алған бірнеше қазақы төбеттер, тазылар қазір менің ауылымдағы көптеген шаруа қожалық­тарына, жылқышыларға тарап кетті.
1998 жылы таныстық та, содан бастап қатты араластық. Көп сырын маған айтатын. Екеуміздің ұқсастығымыз да бар. Ол кісі даланы сүйеді, мен де даланы сүйемін. Ол кісі туған ауылын қатты құрметтейді, мен де ауылымды қатты құрметтей­тін қазақпын. Екеуміз ауылымызды теңестіретін­біз. «Мен Қаратауда, сен Шыңғыстауда туғансың» дейтін. Мен де «Иә, аға, сіз – Қаратаусыз, мен – Шыңғыстаумын» дейтінмін.
Негізі, Бекет ағаның тұла бойындағы керемет қасиеттерінің бәрі бірдей халыққа танылып үлгерді деп айта алмаймын. Жақын араласқан іні досы ретінде айта берсем, ол кісі туралы естелік таусылмайды. Дүниеден қайтарынан 10 күн бұрын шетелге сапарға жүріп бара жатқаным­да екеуміз жолығып, 4-5 сағат сөйлестік. Сонда әлі еш жерге жазылмаған, айтылмаған бір әдемі ән орындап, «Мұның атын «Күйші қыз» деп қоя­мын» деді. Өте бір керемет ән еді. Соны жаттап алып қалмағаныма әлі өкінемін. Дәтке қуат етерім, ағамыздың артында қалған ұл-қыздары бар. Өнерін жалғастыратын да солар болатын шығар деп үміттенемін.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста