Мұхтар ӘУЕЗОВ, жазушы, Лениндік және Мемлекеттік сыйлықтардың лауреаты: Абайды білмек парыз ойлы жасқа

Мұхтар ӘУЕЗОВ, жазушы, Лениндік және  Мемлекеттік сыйлықтардың лауреаты: Абайды білмек парыз ойлы жасқа

...Абай он жасқа келгенде әкесі Семей қаласына әкеліп оқуға берген. Бұдан бұрын қырда да Абай біраз оқыған болады. Семейдегі алғашқы берген молдасы – Ғабдұлжаппар деген татар. Артынан бұдан шығарып, Ахмет Риза деген молдаға тапсырған. Абай Ахмет Ризада үш жыл оқиды. Өзі тұстас үлкен-кіші балалардың барлығынан сонағұрлым зейінді, ұғымтал және ерекше ықыласты болған. ...
Абай оқуға кіргеннен соң тез есейіп, ілім қуған кісінің қалпына оңай түсіп кеткен. Өзінің әбден сүйіп, таңдап оқыған ірі ақындарының талай ғазелдерін ұзын­нан-ұзаққа жаттап жүрген. Бала күнінде жаттаған кей өлеңдері ұлғайып, кәрілікке жеткен уақытына шейін есінен шықпаған. Медреседе үшінші жыл оқып жүрген уа­қы­тында Абай жалғыз мұсылманша оқу­мен тоқтамай, Семей қаласындағы «При­ход­ская школаға» түсіп, орысша да оқи бастаған. Бірақ бас-аяғы үш аймен орысша оқуы мен мұсылманша оқуы да доға­ры­лады. Әкесі оны ел билеу ісіне баули бас­тайды. Барлық балаларына қатал болған Құ­нанбай Абайдың өзгелерден артық еке­нін ертеден сезген. 13 жасында Абай әкесі бер­ген бағытпен ел сөзіне кіріседі. Ең ал­ғаш­қы жылдарында әкесінің «барып-ке­лінде» жүреді. Кейде қасына кісі қосып бе­ріп, кейде жалғыз өзіне сөз тапсырып, ұсақ істер туралы келісім жасауға да ерік бе­реді.
...Бір күні ел ортасының үлкен жиы­нын­да Құнанбай көп ортасында сөйлеп отыр­ған уақытта Абай әлденеше оқталып, бір нәрсе айтқысы келіп, киліге беріпті. Сон­да Құнанбай «тек отыр!» деп тоқтатып тас­тайды. Жиыннан қайтып келе жатқанда, әкесі Абайды шақырып алып, көп алдында көлденеңдегені үшін наразылық айтады. Та­ласқан кінәсін Абай мойнына алады. Со­дан кейін Құнанбай: «Кезі келген жерде айтпақ болып жүрген сөзім бар еді, соны айтайын: ең әуелі – жұрттың бәріне күліп сөйлейсің, жайдақ су сияқтысың. Жайдақ суды ит те, құс та жалайды, кісіге қадірің болмайды. Екінші – көрінгенмен жақын бо­ла­сың, кісі талғамайтын желбегей жүр­ген кісінің басына ел үйірілмейді. Ел ала­тын қылық ол емес. Үшінші мінің – орыс­шыл­сың», – депті.
Осыған Абай: «Қолында құралы бар бі­рен-саранға ғана тиетін шыңыраудағы су­дан да қойшы-қолаңшы, жалшы-жақы­бай­дың бәріне бірдей пайдасы тиетін жай­дақ су артық деп білемін. Екінші сөзге – қазақ ескі бір заманда қой сияқты бол­ған, бір қора қойды жалғыз қойшы «айт!» десе өргізіп, «шайт!» десе жусататын заман еді. Одан бері келе ел түйе сияқты болды. Бір шетіне тас тастап «шөк!» деп ды­быс­таған уақытыңда аңырып тұрып барып, бе­тін бұратын болды. Енді біздің зама­ны­мызда ел жылқы тәрізді болды. Мұны ақ қар, көк мұзда қар төсеніп, мұз жастанып, етегін төсек, жеңін жастық қылуға шыдаған жылқышы ғана баға алады. Еңбек сіңірген адам ғана ие боп, басшы бола алады. Орысшылсың дегенге – оның қолында зор қуат, өнер, білім бар. Егер сол өнер-білімді үйренуден қашсақ, ол – надандық болар, жақсылық болмас. Мен өнер-білімі үшін орысшылмын», – депті.
Негізі, Абайдың үш әйелі болған. Олар: Діл­да, Әйгерім, Еркежан. Ділдадан тара­ған балалары: Ақылбай, Әкімбай, Әб­ді­рах­ман, Мағауия және екі қызы: Күлба­дан, Райхан. Абайдың бәйбішесі – Ділда Жү­сіпқызы, Алшынбай Тіленшіұлының ұр­па­ғы. Абайдың Ділдаға үйленген кезі 1860 жылдар. Ділда жай сөйлейтін, өте са­бырлы, түсі аққұба, қыр мұрынды, көзі үл­кен, сұлу, өңді болған. Үйінде жұмыс іс­теп жүрген адамдарды ренжітпейтін, өте ба­уыр­мал болған. Екінші әйелі Әйгерімнен – Тұ­рағұл, Мекайыл, Ізкайыл, Кенже. Абай жеті ұл, үш қыз сүйген. Келіндей алған әйе­лі Еркежаннан ұрпақ көрген жоқ.
Абай 1870 жылы Михаэлиспен та­ны­сады. Ал 1880 жылдары Долгополов, Леонтьев, Гросс секілді демократтармен та­нысып, орыс пен Батыс Еуропа мә­де­ниетінің тарихын оқиды. Ол 40 жасынан бас­тап әдебиетке ден қояды. Алайда ел іші оны өз еркіне жібермей, еріксіз ру тар­ты­сының таласына кіріктіріп отырды. Оған әртүрлі жала жауып істі етті. Оны астыртын көрсетіп отырған бұзық рубасылары, са­тым­сақ болыстар еді. Ақын тіршілігінің ең ауыр қорытындысы 1897 жылдарда ай­қын көрініс тапқан. Ақын енді жылдан жыл өткен сайын өмірден қажып, шөге бе­реді. Осы жылдарда өлімді де ойлай бас­тайды. Өзі кешірген ерекше дертті, өмірдің бар­лық қайғысын, өкінішін еске ала оты­рып, қазақ әдебиетінде мәңгілік ұмы­тылмайтын «Өлсем орным қара жерді» жаз­ады.
Ақын өмірінің соңғы жылдарында көп өлең жазбай кетеді. 1903 жылдан бастап, біржолата өлең жазылмай қалады. 1903 жыл мен 1904 жылдың қысында Абайдың тірі қалған балаларының ішіндегі ең жақсы көретіні – Мағауия көптен әлсіретіп жүрген құрт аурудан төсек тартып, жатып қалады. Мағауия әке ұғымынша да және өз орта­сының бағалауынша да, Абайдың барлық баласының ең жақсысы, ең ірісі деп са­налған. Бұл ақындығының үстіне ерекше мінезді кісі болған. Жасынан денсаулығы нашар болғандықтан, қаладан толық тәр­бие ала алмаса да, әкесінің үнемі өз қа­сын­да ұстап, шын жақсылап тәрбиелеп шы­ғардым деген баласы осы болатын. Елде отырып Еуропа тәрбиесін алған адам­дардай ақыл, мінез адамшылығы тү­ге­лімен мәдениетті кісінің халінде болған. Бұ да әкесі сияқтанып, қырда отырып, көп оқып, өзінен-өзі қарастырумен көп білім алған адам еді. Ол жұмсақ мінезді болып, ел көпшілігіне аса сүйікті болған. Ол 1904 жы­лы жазғытұрым қайтыс болады.
Абайдың өзі өмірден қажып, талып, ендігі тіршілігін артық нәрседей санай бастаған еді. Өз сынынша, ажарсыз, ма­ғынасыз өткен дәурені жалғыздық дер­тімен құлазытып, жүдетіп, тоздыруға ай­налған. Соның барлығының үстіне Ма­ға­уия өлген соң, Абай бір алуан ауруға ай­на­лады. Төсек тартып жатпаса да, отырып ауы­рады. Ешкіммен сөйлеспейді де, еш нәр­семен өзін жұбатпайды. Ауруын еш­кімге көрсетпейді. Сонымен, Мағауияның өлі­мінен кейін қырық күн отырып, 23 мау­сымда 1904 жылы алпыс жасында дү­ние­ден озған. Оның сүйегі Жидебайдағы өз қыстауының жанына қойылады.
(Мақала ықшамдалып алынды)

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста