Жылқының біз білмейтін бір керемет қасиеті

Қазақтар бәйгеге қосатын жүйрік жылқыларды тұлпар, сәйгүлік, арғымақ деп ерекше қастерлейді. Соған сәйкес оларды ерекше күтімге алады. Өйткені, дәстүрлі қазақ қоғамында сәйгүліктер тек қана иесінің емес, бүкіл әулетінің, елінің мәртебесін асқақтататын түлік төресі. Қазақта атақты тұлпарлар, сәйгүліктер аз болған жоқ, қазір де бар. Олардың қатарына Қобыландының Тайбурылын, Алпамыстың Байшұбарын, Қамбардың Қарақасқа аты мен Ер Тарғынның Тарланын, Қабанбайдың Қубасы мен Ақансерінің Құлагерін жатқызуға болады.
Жүйрік аттар ақылды келетіндіктен, иесі үйге кіруге ниет етсе, үрікпейді, соңынан ереді. Сезімтал жануар болғандықтан, сәйгүліктерді еркін қоя береді. Олар ешқайда кетіп қалмайды, иесінен ұзамайды. Сәйгүліктер иесін жақсы көретіндіктен, қандай жағдайда да оларды далаға тастап кетпейді. Ауырып, жараланып, жерге құлап қалса, жанында қорғап тұрады. Қауіп-қатерді сезіп, иесін оған жолатпауға тырысады. Соғыс кезінде мина қойылған алқапқа тап болғанында иесі атының басын қоя беріп, оның аман-есен алып шыққаны туралы оқиғалар тарихта болған. Иесі өлгенде тұлпары сезіп, мұңға батады, кісінеп, азаланады да. Осындай оқиғалардың бірі Ахмет Ахмадиев ақсақалдың «Өмірдің өзі куә» атты кітабында жақсы жазылған.
Батырлар жекпе-жекке шыққанда өздерінің қаруына, шайқасу шеберлігіне ғана емес, астындағы мықты тұлпарының күш-қуатына, соғыс тәсіліне жетік үйретілгеніне де сенген. Тілеулі батырдың Кезқұлақ атты алғадайда жау тұлпарын қаймықтырып тастайтын, өте айбынды арғымағы болыпты.
Ақылды сәйгүліктердің қатарына Жақып бидің Қос күреңін де жатқызуға болады. Жақып - Қалиғожаның әкесі, менің атам. Кеңес дәуірінің алғашқы жылдарында дүниеден өткен. Атамыз әділдігімен, жомарттығымен өз ортасына сыйлы болған. Кезінде ол кісінің Қалиакпер, Садуақас есімді қос балуаны, қос құмай тазысы мен қос бүркіті және қос күрең сәйгүлік аттары болыпты.
Атамыздың осы байлықтарының қасиеттері жайында Ұлан ауданына қарасты Алмасай ауылында тұрған, 90 жасты алқымдап, Ұлы Отан соғысы жеңісінің 65 жылдығы қарсаңында бақилық болған немересі, менің ағайым Қастай көзінің тірісінде жыр ғып айтып отыратын. Солардың ішінде Қос күрең туралы әңгімесін қызыға тыңдайтынбыз.
Қос күрең бір биеден туған сәйгүліктер. Бірінен бірі бір жас үлкен болғанымен бітімі бірдей, бірінен бірін айыру қиын еді. Бәйгеден үнемі үлкені алда, кішісі артта құйрық тістесіп келеді екен. Ал ағайымның айтуынша, үлкенінен кішісі жүйрік болған. Оған мініп, бәйгеге өзі де шапқан ғой. Кіші күрең бәйге жолында суырылып алда шабады да, көмбе төбесі көрінісімен екпінін бәсеңдетіп, «ағасын» алға түсіріп жібереді. Мейлі, одан әрі қанша әрекеттенсең де ол өз дегенін істеп, көмбеге екінші келеді. Міне, жылқының жүйрігіне байланысты сыры беймәлім тылсым дүниенің таңғажайып оқиғаларының бірі осындай.
Советхан Қалиғожин,
Өскемен.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста