Атырау қаласындағы балалар көлік астына әдейі жүгіруді әдетке айналдыра бастады деп хабарлайды Қамшы ақпараттық агенттігі mgorod.kz-ке сілтеме жасай отырып. Балалар жолдың бойында жиналып көлік келе жатса жүгіреді екен.Ойынның мақсаты – зулап келе жатқан көліктің алдынан жүгіріп өту. Ойын «Жүгір немесе өл» деп аталады.
Осы ойынға байланысты оқиға 21-сәуір күні сағат 14:00-де Владимирский көшесінде болған.
«Грин Беар айырбастау бекеті маңындағы бағдаршамда 13-14 жастағы балалар тобы тұрды. Мен олардың қасына жақындай бергенде балалардың бірі менің көлігімнің алдына қарай ұмтылды. Мен тежегішті басып үлгердім, ал бала болса ыржалаңдап жүгіріп кетті. Ал өзгелері оған «жарайсың» дегендей қошемет білдіріп жатты. Қуып жеткім келген, бірақ болған оқиғадан кейін есеңгіреп қалдым»,- деп оқиғаны көлік жүргізушісі баяндап берді. Куәгерлердің айтулары бойынша, тағы 10 жастағы бала көлікке қарай ұмтылған. Абырой болғанда көлік жәй жылдамдықпен келе жатқандықтан, тоқтап үлгерген.
«Бұл ойын «Синий кит» ойынына ұқсас жастардың жаңа көңіл көтеру үшін шығарған әдісі сияқты. Жас балалардың қасынан өткенде абай болыңыздар», – дейді көлік жүргізушілері.