«ЖолПол» қандай жағдайда жүргізушілік куәлікті алып қоюға құқылы?

Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқықбұзушылық туралы жаңа кодексінде жол-потрулдік полициясы қызметкерінің қандай жағдайда жүргізушілік куәлікті алып қоюға құқылы екені нақтыланды.

ІІМ Әкімшілік полициясы комитетінің баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 795 бабында қандай жағдайларды жүргізушілік куәлігін алып қоюға болатыны нақты айтылған. Яғни, егер адам жасаған әкімшілік құқық бұзушылық үшін осы Кодексте көлік құралын басқару құқығынан айыру түрінде санкция көзделген жағдайда ғана көлік құралын басқару құқығына жүргізуші куәлігі алып қоюға жатады. Басқа жағдайларда әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама толтырылғаннан кейін көлік құралын басқару құқығына жүргізуші куәлігі тез арада иесіне қайтарылады.

Жүргізушілік куәлігін алып қоюға негіз болатын жағдайлыр:

- 590-бап, 4) тармақ. Көрiнеу жалған немесе қолдан жасалған мемлекеттiк тiркеу нөмiрi белгiлерi (белгiсi) бар көлiк құралын басқару – жиырма айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға немесе бiр жыл мерзiмге көлiк құралдарын басқару құқығынан айыруға әкеп соғады.

596-бап, 3) тармақ. Егер бұл жол жүрiсi қағидаларында тыйым салынған жағдайларда, жолдың жүру бөлiгiнiң қарсы бағытта жүруге арналған жағына шығу –
бір жыл мерзімге көлік құралдарын басқару құқығынан айыруға әкеп соғады.

606-бап, 1) тармақ. Жол жүрiсiне қатысушының авариялық жағдай туғызуға әкеп соққан, яғни жол жүрiсiне басқа да қатысушыларды жүру жылдамдығын, бағытын күрт өзгертуге мәжбүр етiп, жол жүрiсi қағидаларын бұзуы
2) тармақ. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған әрекет. –
алты ай мерзiмге көлiк құралын басқару құқығынан айыруға әкеп соғады.

608-бап. Жүргізушінің көлік құралын алкогольдік, есірткілік және
(немесе) уытқұмарлық масаң күйде басқаруы, сол сияқты
көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе)
уытқұмарлық масаң күйдегі адамның басқаруына беру

610-бап, 1) тармақ. Көлiк құралдары жүргiзушiлерінiң жол жүрісі қауiпсiздiгiн қамтамасыз етудiң белгiленген қағидаларын көлiк құралдарын, жүктердi, жолдарды, жол құрылыстары мен басқа құрылыстарды немесе өзге де мүлiктi бүлдіруге әкеп соққан, материалдық залал келтiрген бұзушылығы –
он айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға немесе тоғыз ай мерзiмге көлiк құралын басқару құқығынан айыруға әкеп соғады.
2) тармақ. Жәбiрленушiнiң денсаулығына жеңiл зиян келтiруге әкеп соққан дәл сол әрекет -
он бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға және бiр жыл мерзiмге көлiк құралын басқару құқығынан айыруға әкеп соғады.

611-бап, 2) тармақ. Жүргізушінің жол жүрісі қағидаларын бұзып, өзi қатысушы болып табылған жол-көлiк оқиғасы болған жерден кетiп қалуы –
бір жыл мерзімге көлік құралдарын басқару құқығынан айыруға әкеп соғады.

613-бап, 1) тармақ. Ішкі істер (полиция), әскери полиция (тек қана Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдарының, Қарулы Күштерінің, Қазақстан Республикасының басқа әскерлері мен әскери құралымдарының көлік құралын басқаратын адамды) органдары қызметкерінің көлiк құралын тоқтату туралы заңды талабын орындамау –
көлік құралдарын басқару құқығынан бір жыл мерзімге айыруға, ал мұндай құқығы жоқ не одан айырылған адамдарға қатысты жиырма айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2) тармақ. Көліктік бақылау органдары қызметкерінің Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы автокөлік құралдарын өткізу пункттерінде және Қазақстан Республикасының аумағындағы көліктік бақылау бекеттерінде көлік құралын тоқтату туралы заңды талабын орындамау –
он айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға немесе көлік құралдарын басқару құқығынан алты айдан бір жылға дейінгі мерзімге айыруға әкеп соғады.

Естеріңізге сала кетсек бұрын Әкімшілік кодекстің 618 және 628 баптары жол полициясы қызметкеріне әкімшілік құқықбұзушылық туралы іс өндірісін қамтамасыз ету үшін жүргізушілік куәлігін алып қоюға құқық беретін еді. Алайда, ҚР Жоғарғы соттың Азаматтық істер жөніндегі коллегиясы 2007 жылы 18 қыркүйекте бұл пунктті алып тастады. Десе де көптеген полиция қызметкерлері әлі күнге сол пунктті қолданып, жүргізушілік куәлікті алып қойып жатады. Жоғарыда көрсетілгеннен басқа жағдайда жүргізушілік куәлікті алып қою заңға қайшы.

ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық туралы жаңа Кодексі 2015 жылдың 1 қаңтарынан күшіне енді.

 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста