Жемқорлыққа қарсы ең қатал жаза Қытайда қолданылады

Жемқорлыққа қарсы ең қатал жаза Қытайда қолданылады

Сыбайлас жемқорлық әлемдегі ең күрделі мәселелердің бірі. Содан болар, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресудің әртүрлі тәсілі мен жолы бар. АҚШ­та 60­70 жылдары орын алған және «Шейх» операциясы атымен тарихта қалған ФБР агенттері ірі шенеуніктердің, конгрессмендердің, штат губернаторларының кеңселері мен кабинеттерінде болып, оларға пара ұсынды, адалдықтарын тексерді.

Сол жолғы жанжал әсерлі болды, көптеген адам өз мансаптарын тастауға, жоғары дәрежелі лауазымдарымен қош айтысуларына тура келді. Ал, ең қатал жаза қазіргі Қытай елінде қолданылады. 1980 жылдардың басында қатаң экономикалық қылмыс жасағандар үшін Қытай қылмыстық кодексінде «ату бабы» күрт көбейді. Қазір Қытайда сыбайлас
жемқорлық үшін өмірлік сотталу немесе өлім жазасын алуға болады. Оңтүстік Кореяда сыбайлас жемқорлық құқықбұзушылық туралы хабарлаған адамға, анықталған сомадан пайыздық ақы төленеді. «Табысты хабарлаушылардың» көпшілігі – заң бұзушылардың әріптестері. Жаңазеландиялық үлгі, мемлекеттік органдар қызметкерлері еңбекақысының жоғарылығымен сипатталады. Онда бонустар мен мадақтау жүйесі кең қолданылады. Атап өту керек, біздің елде жаңазеландиялық үлгі енді колданылып, іске асырылуға дайындалуда. Сыбайлас жемқорлықпен күресудің тағы бір тиімді жолы – сингапурлық жүйе. Бүгінгі күні Сингапурде қылмыс үшін жазалағаннан, ең дұрысы оның алдын алу принципі бойынша әрекет етеді. Бұл елдерде сыбайлас жемқорлыққа айыпталушыға кінәсіздік презумпциясының принципі қолданылмайды, ол өзінің кіріс көздерін түсіндіруге міндетті. Ал, өз елімізге келер болсақ, осы бағыттағы жұмысты жандандыру үшін Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты төрағасының өкімімен Жоғарғы Сот жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаментінде дербес құрылымдық бөлімше – Ішкі қауіпсіздік және соттардағы сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бөлімі құрылды. Осындай құрылымдық бөлімшелер облыстық және оларға теңестірілген соттардың кеңселерінде бар. Аумақтық бөлімдердің қызметін үйлестіру және олардың алдындағы міндеттерді анықтау ішкі қауіпсіздік және сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бөліміне жүктелді.
Ішкі қауіпсіздік және соттардағы сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бөлімі мен оның аумақтық бөлімшелері ІҚБ­мен белгіленген міндеттерді орындауға бағытталған профилактикалық іс­шараларды тұрақты негізде өткізеді. Мәселен, сыбайлас жемқорлық элементтеріне қарсы іс­қимыл, сондай­ақ, сыбайлас жемқорлық көріністері туындаған кезде азаматтардың жүгінуіне мүмкіндік беру мақсатында, аумақтық бөлім бастықтарының азаматтарды күнделікті қабылдауын жүргізу механизмін әзірлеп, іске асырды.
Бұдан басқа, судьялық корпус пен сот қызметкерлерінің қызметінде сыбайлас жемқорлық факторларының алдын алу үшін және шұғыл шара қабылдау мақсатында бөлімде «сенім телефоны» (Call­центр) жұмыс жүргізуде. Бұл азаматтардың өтініштеріне, ұсыныстарына, шағымдарына дер кезінде ден қою, судьялық корпус пен сот қызметкерлерінің тарапынан құқықбұзушылықтар туралы хабарламаларды алу үшін қосымша жағдайларды қамтиды. Сот жүйесінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс­қимылды күшейту мақсатында, Ішкі қауіпсіздік және соттардағы сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бөлімі сот жүйесінің қызметкерлерімен, сондай­ақ, жұртшылықпен жұмыс істеуді көздейтін Сот жүйесі органдарының имидждік саясатының тұжырымдамасын іске асыру жоспарын әзірледі. Ішкі қауіпсіздік және соттардағы сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бөлімі сот жүйесіндегі сыбайлас жемқорлық көріністерін жоспарлы түрде алдын алуды және мемлекеттік органдар арасындағы сыбайлас жемқорлық деңгейін бағалау кезіндегі нольдік
көрсеткішке қол жеткізуді мақсат етеді. 

Алаш айнасы

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста