Халал жезөкше қайдан шықты немесе адасушыларға қалай тосқауыл қоямыз?

Соңғы кездері қоғамымызда мағынасы бір біріне мүлдем керсінше екі сөзден тұратын «халал жезөкше» деген ұғым пайда болды. Азаматтық некеден құтыла алмай жүргенде кейбір өздерін дін жолында жүрміз деп ұғынатын жастардың некеге тым жеңіл қарап, мешіт арқылы некелерін қидырып, артынша «талақ» айтысып кете баруы бүгінгі қоғам үшін өте үлкен мәселе болып тұр. Мамандар да елімізде ата-анасына, жақын жуығына айтпай, жасырын түрде неке қиятын жастардың санының күрт артқанын айтуда.
Өздерін дін жолында жүрміз деп есептейтін көптеген жастар тіпті неке қидыру үшін ата-анамыздан рұқсат сұраудың қажеті де жоқ деп есептейді. Өйткені Кеңес заманында туып, ол кезде мұсылмандық неке қидырудың не екенін білмеген, намаз оқымайтын әке-шешелері олар үшін «кәпір». Қазіргі қоғамдағы мұсылмандық некенің мәні мен маңызын, қадір қасиетін сәләфи ағымында жүргендер жойып жатыр дейді дін өкілдері. Себебі олар «алған әйелін аз уақыттың ішінде талақ етіп, өзге бір танысына әйелдікке ұсынуды ата-дініміз қабылдай алмайды» дейді.
Бүгінгі күні жастардың неке мәселесін ойыншыққа айналдыруы мамандарды шошытып отыр. Жақында ғана Ақтөбе қаласында 16 жастағы қыз желіде 3 рет хат алмасқан адамына тұрмысқа шығып кетті. Олардың неке қидыруы қаншалықты оңай болса, қайтадан ажырасуы да соншалықты оңай болып тұр. «Талақ» деген сөзді айта салысымен, оп оңай келесі некені қидырып ала қояды. Одан қалды «Босану кезінде өліп кетуді армандаймын, себебі мен жұмаққа барамын!» деп, келесі біреулерінің өздерін секс жихадқа құрбан етіп, Сирияға аттанған қыздардың әрекеті қорқынышты болып тұр.
Соңғы кездері осындай жолмен жас қыздардың исламның радикал ағымдарының өкілдеріне тұрмысқа шығып, кейін күйеулері «талақ» сөзін айтып, олармен ажырасқаннан кейін достарының қолынан қолына өтуі белең алып барады.
Айта кетер жайт, «пайғамбардың жолы» деп тоқал алуға ұмтылатындар, тіпті мешіт арқылы бірнеше әйелді қатар алып жатқандар да қоғамымызда баршылық. Батыстың азаматтық некесінен шошып жүргенде, дәстүрлі емес дін өкілдерінің некені ойыншаққа айналдыруы қоғамымыздағы өзекті мәселеге айналып тұр. Дінтанушылар мұндай жағдайлардың алдын алмасақ 10-15 жылдың ішінде мұндай үрдіс Қазақстанда белең алуы мүмкін дейді.
 

 

 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста