VIP жезөкшелердің арасында банк қызметкерлері де бар

VIP жезөкшелердің арасында банк қызметкерлері де бар

Өзін секс-қызметкерімін деп таныстырған ақтөбелік бойжеткен NUR.KZ тілшісіне сұхбат беріп, қаладағы жеңіл жүрісті қыздардың өмірі туралы баяндады.
«Адамдардың талғамы әртүрлі. Үлкен кісілер жас қыздарды қалайды, жас жігіттер «апашкаларды» сұрайды. Ал, кейбір үлкен әйелдер иттерді іздейді», – дейді ол.

Мадина жеңіл жүрісті қыздарды жұқпалы аурулардан емдейтін орталыққа тегін қаралуға үгіттейтін еріктілердің бірі. Орталықпен бірлесе жұмыс жасайтын осындай тағы бірнеше қызметкер бар. Олар жезөкше қыздармен үнемі байланыс жасап отыратындар.

Бір ғана Мадинаның жанында 30-дан аса қыз бар. Олар тұрақты түрде жұқпалы аурулар орталығына қаралып, тегін мүшеқаптар алып тұрады. Мадина көп сырымен бөлісті, жеңіл жүрісті бойжеткендердің табыс көзін айтты.

Айтудан ұялып жасырсақ та, қоғам өмірінің көліңкесінде болып жатқан оқиғалар мындай…

Бір күнде кемі 10 адам қабылдайды

Біз орталыққа төрт жыл бұрын келдік. Бұрын қыздар мүшеқаптардың тегін берілетінін білген жоқ. Қазір бәрі де осы жерден тегін емделеді, біздің психологтан көмек сұрайтын мүмкіндігіміз де бар. Осы жерде дәрігерлердің жұқпалы аурулар туралы айтқан ақпараттарын қыздармен бөлісеміз. Қыздар клиенттермен мүшеқапсыз жыныстық қатынасқа барса, ертеңіне осы жерге келіп тексеріледі. Қыздар бұрынғыдай емес, қорқады. Тексеруге өздері жүгіреді. Енді олар күніге кем дегеннің өзінде 10 адам қабылдайды, одан да көп болуы мүмкін. Саунаға ішкен адамдар келеді. Олар ақшасын төледім, мүшеқап пайдаланбаймын деп жатады. Ондай кезде де клиент қалауы орындалады.

Жезөкшелікті кәсіп еткендер кімдер?

Біздегі қыздардың арасында 35 жастан үлкендері де кездеседі. Ал, ең жасы 18-ден басталып кете береді. Бұл қызметті ұсынатындардың арасында 20 жастағы қыздар көп. Олардың дені ауылдан келгендер мен басқа қаладан келген қыздар. Өзің тұратын қалада үлкен сұраныста жұмыс жасау қауіпті. Жақын туыстар кездесіп қалуы мүмкін. Сондықтан қыздар басқа қалаға кетеді. Бізде Тараз, Өскемен, Оңтүстік Қазақстаннан келген қыздар көп. Олар пәтер жалдайды, болмаса қымбат сауналарға барып тұрады.

Қызметі қымбат «Vip» қыздар

«Vip» деген енді бөлек әңгіме. Өздерін күтетін әдемі қыздар. Олар таза болады, бағасы да үлкен. Кәдімгі «фигурасы» күшті қыздар. Оларды сырттан жұмыс бабымен келген қонақтарға ұялмай сыйлауға болады. Бізде солай ғой. Үлкен кісілер осындай қыздарды шақыртады. Олар орысша, қазақшаға еркін, кәдімгі теледидар мен журнал бетіндегі қыздар сияқты сылқып тұрады. Бұл топтағылардың қызметі сағатына 15 мың теңгеден жоғары. Бағаны доллармен қоятындары да бар. Шақыртумен бір жерге барып жай отырғандарының өзінде олардың сағаты жүре береді. Ол отыра ма, әңгіме айта ма, бәрібір, сағаты жүре береді. Ақшалары есіктен кіргеннен есептеледі.

«Vip» қыздардың өз машинасы бар. Оларға сұранысты аттары айтып тұрғандай элиталы адамдар жасайды. Олар көпшілік көзге көрінбейтіндер. Саунаға бармайды. Ондай «ағашкаларға» элиталы пәтерлерге барған қолайлы. Қыздар клиенттеріне 2-3 күнге пәтеріне дейін жалдап, дайындап қойды.

«Vip» қыздардың арасында банкте қызмет ететін сылқымдар бар. Олар саунаға бармайды, сағатымен де есептеспейді. Тек бір кездесуден 10 мың теңгені қалтасына салып алып кетеді.

Пәтердегілердің саудасы 5000 теңге

Пәтерде жүрген қыздармен 5000 теңгеге келусіге болады. Олар көрсететін қызмет түріне байланысты келіседі. Жыныстық қатынастың да әр түрі бар секілді, олардың бағалары да әртүрлі. Екі түрін таңдаған адамдарға қыздар жеңілдік жасап жатады. Бәрі сұранысқа байланысты. Кейде ішіп алған кісілер келеді. Өздері мас адамдар көп нәрсені қаламайды. Қыздарды қастарына отырғызып, массаж жасатып қояды.

Пәтердегі қыздардың жеке адамы болады. Ол жеңгетай емес, күзетші ретінде жүреді. Қыздарды өз машинасымен апарып, уақыты біткенде алып кетеді. Ол тек қыздарды бір жерге кіргізіп, біреу ұрып кетпесін деп бақылайтын адам. Оған ақшаны қыздардың өзі бөлек төлейді.

Жезөкшелерді кімдер іздейді?

Жезөкшелерді іздейтіндер өте көп. Жас балаларға дейін келеді. Мектептегі оқушылар деп айта алмаймын, бірақ студенттер көп. Бірде студенттер жиналып, досының туған күніне қыз сыйлағаны есімде. Балалар жиналып саунаны жалдады, достарына көңілін көтеретін екі қыз алып берді. Ана студент бұрын ондайды көрмеген екен, мәз болды.

Дағдарыс жезөкшелерге де жетті

Дағдарыс сезіледі. Бұрын сауналарда қыздар толып отыратын. Сауна сағатына 3 000 теңге. Олардың да түрі бар, жақсылары 5 000 теңгеге жетеді. Ол жерлерде жеңіл жүрістілер үшін барлық жағдай жасалған. Бұрын бір саунада 3-4 қыз отыратын. Қазір адам келмеген соң олар жайлап шығып, басқа жұмыстарға кетіп жатыр. Тек шақыртумен, бұрынғы адамдарымен жұмыс жасап жүр. Қазір телефон болған соң, ақшасын төлесе кез келген жерге барады.

Жезөкшелердің денсаулығы қалай?

Қыздардың ауру сауын ажырату қиын. Жұқпалы аурулар көп. Оның ауру екені бір жерінде жазулы тұрмайды. Біздегі бір қыз жыныстық жұқпалы ауруды отбасылы адамға жұқтырған. Ол адам қызды артынан іздеп келіп, бет-ауызын көкпеңбек етіп, аямай ұрып тастады.

Иттердің саудасы да, бағасы да күшті

«Сағатына» деп иттерді сұрататын әйел адамдар бар. Таң қалатын шығарсыз, бірақ сондай әйелдер бар. Оны ер адам әкелетін көрінеді. Бағасы сағатына 10 мың ба, 20 мың теңге ме білмеймін, әйтеуір қымбат. Иттерді пәтерлерге әкеп береді, уақыты біткенде алып кетеді. Біздерде иттерге қызығатын әйелдер бар.

Мәдина көлеңкелі өмірдің көп тұсын осылай баяндайды.
 nur.kz

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста