Талғат Бигелдиновтің 100 жылдық мерейтойын ЮНЕСКО деңгейінде тойласақ

Талғат Бигелдиновтің 100 жылдық мерейтойын ЮНЕСКО деңгейінде тойласақ

«Шығыс көгіндегі жарқыраған жұлдыз сөнді»
Р. Отарбаев.
«Шыңғыс ханның көз жасы»


Әр халықтың, кез келген ұлттың шежірелі тарихы оның текті де кемел, біртуар тұлғаларымен жазылады. Шын мәнінде халықшыл да мемлекетшіл, турашыл да шыншыл, жанкешті батырлық пен қаһармандық – алдымен Жаратқан Иенің ең сүйікті құлдарына тартқан да алқаған сыйы және туған қасиетті халқы мен тұтам киелі жерін, яғни кең-байтақ Ұлы Даласын айрықша сүйе білетін махаббатынан туатын ең айтулы ұғым. Қазақ халқы қаншама ғасырлар өтсе де, оларды үнемі пір тұтып, аруақтарын әрдайым ардақтап, олардың теңдесі жоқ жеңісті жемістерін, өнегелі де үлгілі істерін өскелең ұрпақтарымыз бен шәкірттеріміздің ой-санасына, өн-бойына ұтқырлықпен сіңіре білу үшін ерекше күйде ұлықтап жүретін кемеңгер ұл-қыздардан ешқашанда кенде емес.
Ерлік – елдіктің тұғыры. Кешегі есті де текті қазақ: «Болар бала бесігінде бұлқынар, Болар құлын желісінде жұлқынар» деп ұрпақтарына күні бұрын болжам жасай білген. Қазақ жылқы мінезді болғандықтан да болар текті ұл бұлқынып та, жұлқынып та ширап өсетіндіктен намысы өрекпіген, батыл жүректілігі мен күш-қайраты тасыған күйде түлеп ержететіні сөзсіз. Бұның өмірлік нақты нәтижесін, әрине, жиырма екі жастағы жап-жас қазақ баласы – Талғат ағамыз, Талғат Бигелдинов шүбәсіз күйде дәлелдеп берді де. Кеше ол өлім мен өмірдің арасындағы 500 сағат пен 305 шабуылдың өзі кез келген батыр үшін қаншалықты ұзақ әрі аса қауіпті болғанын біз бүгін бағамдай алмасақ та, туған жер топырағына қаскүнем дұшпанның аяғын тигізуге жол бермеген, болашақтың түн ұйқысы тыныш күйде өтіп, бейбіт таңы арайлы күйде ату үшін шыбын жанын шүберекке түйе білген нағыз асыл Ер деп мойындаймыз.
Дей тұрсақ та, жалпы, қазақ халқы әу баста жаратылысынан көзсіз батыр халық екендігін, нағыз қаһарман өжет халық екендігін кешегі өткен 1941-1945 жылдардағы ер етігімен қан кешкен, ат ауыздығымен су ішкен Ұлы Отан соғысының сын майданында әлемдік дәрежеде қапысыз дәлелдей отырып, айрықша күйде әйгілей білген, ұлттық абырой-мерейімізді ғарыштық шартарапқа асқақтата білген қазақтың Ұлы Даласының сұңғыла Қыраны, даңқты ұшқышы, авиация генерал-майоры, екі мәрте Кеңестер Одағының Батыры, мемлекет және қоғам қайраткері Талғат Жақыпбекұлы Бигелдиновтің ұлттық шежірелі тарихымызда шоқтығы ерекше биік екені даусыз. Бұрынғы өткен ұлы Ата-Бабаларымыз «Батырды жауда, биді дауда сынайсың» десе, енді бірде «Нағыз достың қадірін басыңа сын сағаты туғанда білесің, ақсақалдың беделін ел басына күн туғанда көресің» деуі де осыдан болса керек.
Демек, шындығында да, Талғат аға есті де текті күйде туған Отанды сүйе білудің, еліне, ұлтына, халқына ең жағымды пайдалы коэффициенттері зор мінсіз де ұтқыр, адал да таза күйде өлшеусіз қызмет жасай білудің символына айналған, ел басына ауыр күн туған тұста жиырма екі жасында қаһарман ерлік пен әскери шеберліктің таңғажайып үлгісін көрсете білген, міне, сол арқылы өзін ғана емес, қазақ халқын әлемге танытып, өшпес даңққа бөлеген, қысқасы оның алтын әріппен жазылған аты да, заты да тірі кезінің өзінде аңызға, абызға айналған ең айтулы біртуар, абзал тұлға екені хақ. Олай болса, сөз жоқ, бұл ешкімге де кіріптарсыз тәуелсіз жеңімпаз көкбөрі ел бола білуге әрі міндетті, әрі құқылы бүгінгі қазақ елінің һәм ұл-қыздары мен шәкірттері үшін де, тіпті кез келген исі қазақ, қазақ қауымдастығы үшін де орасан зор үлгі-өнеге тұтар және үнемі алға жетелер, биікте самғауға құлшындырар бақыт екені сөзсіз.
Талғат ағаны көптен білемін. Онымен етене жақын болған алғашқы кезім 1970 жыл болатын. Содан бері қарай талай рет сұқбаттасып, сырласып, дастархандас жақын болдым, ішіктің ішкі бауындай бауырласып, ең ынтық сыйластық күймен кездесіп жүрдік. Мақтану дегенді білмейтін Батыр ағамен бірге тумасақ та туғандай болып кеттік. «Ұлық болсаң – кішік бол!» дейтұғын өмірлік ғибратты ұстанымы асыл Талғат ағамыз сабырлы да салмақты мінез-құлқымен, салиқалы ақыл-парасатымен, көпшіл де қайырымды, жомарт та сезімтал жүрегімен кез келген жанды, әсіресе өскелең жастарды өзінің бауырына магнитше тарта білетін ақжарқын да кеңпейіл, кішіпейіл де қарапайым, оларға қамқорлық жасауға деген құштарлығы ерекше жан болатын-ды.
Халқымыз есті де текті Талғат ағамызды ерекше мақтан тұтты, дүние есігін ашқан мыңдаған сәбилерге есімін берді. Олардың көбі батыр ағасына еліктеп, білікті де кемел маман, патриот азамат, ұлттық тұлға күйінде өрби білді. Бір-ақ мысал. Мәселен, сол мыңдаған Талғаттардың ішінен қазақтың 2-ші, ал әлемнің 309-шы ғарышкері, Қазақстан Республикасының «Халық қаһарманы» және Ресей Федерациясының Батыры, техника ғылымдарының докторы, авиация генерал-лейтенанты, Қазақстанның ұлттық ғарыш Агенттігінің төрағасы Талғат Амангелдіұлы Мұсабаевты ерекше мақтанышпен атап өтуге лайық. Бірде ол: «Мен Талғат Бигелдиновты өмір бойына әке тұтумен, пір тұтумен, Ту қылып, рухтанумен келемін. Өйткені, ол мені өзінің бір ұлы ретінде тәрбиеледі, ақылын айтып, ұтымды бағыт-бағдарлар көрсетіп, биікте самғай білуге көземелдеді. Соның арқасында айтулы даңққа бөлендім» деген жүрекжарды сөздерін естіп жүретінбіз.
«Нар тәуекел!»-шіл қазақтың жаны – батыр, қайсар қаһармандықпен ерлік жасау – қазаққа тән ұтқыр қасиет-қабілеттердің бірегейі. Қалай дегенде де, Түркі әлемінде, тіпті бүткіл мұсылман әлемінде де Талғат Бигелдинов сияқты әлемдік дәрежеде айрықша даңққа бөлену бірде-бір мұсылман баласына бұйырған емес. Бұл, әрине, таңғажайып ерекше құбылыс. Олай болса, қазақтың Қыраны, Талғат ағамыз бүткіл мұсылман әлемінің айтулы мақтанышына айналғаны даусыз.
Атам қазақ «Тура биде туған жоқ, туғанды биде иман жоқ» дегендей, Талғат ағамыз да қас қағым сәттілік қысқа өмірлік тіршіліктің барысында қазақ қауымдастығында әділ қазылықтың символы, ақиқат-шындықтың қорғаушысы ретінде көреген де кемел, турашыл да әділ, адал да таза, нағыз халықшыл да мемлекетшіл күйде ғұмыр кеше білудің аса қажеттілігіне қатысты өнегесі де ұлағаты зор ұлы өсиеттің озық үлгілерін көрсете білген біртуар ірі тұлға.
Бірде Талғат аға: «Қаһарман ерлік соғыс кезінде де, бейбіт кезеңде де ауадай қажет. Біз соғыс кезінде ғана қаһарман ерлік жасап, батыр атандық. Соғыс ардагеріміз, соғыс батырымыз деп көкірек кереміз. Ал туа біткен жанқияр халықшыл да мемлекетшіл, турашыл да шыншыл, көкбөрі де текті ұлттық тұлғалар өмір бойына басын бәйгеге тіге жүріп, ел, халық, ұлт, ұрпақтарымыздың қамы үшін бүгінгі және болашақ тағдырына қатысты шырқыраған ащы шындықтардың бетін ашып, қайткен күнде де жарыққа шығару мақсатында үнемі көзсіз ерлік жасап келеді. Тәуелсіз де азаттыққа сай елдігіміз бен ұлттығымызды жаңаша кемелдендіре түсуі үшін үнемі өлшеусіз тер төгіп келеді. Сөздің шыны керек, шын мәнінде нағыз хас батыр да, қаһарман да, міне, солар. Біз солардың алдында әрдайым қарыздарбыз» дейтін. Міне, қайткен күнде де тәуелсіз елдігіміз бен ұлттығымыздың керегісін тезірек жаңаша тіктеп, уығын айрықша нықтауға міндетті қазақ қауымдастығына, әсіресе көшбасшы болуға тиісті зиялы қауым өкілдеріне арнап, Талғат ағамыз ұлағаты орасан зор өсиет-аманат айта білгендігі әлі ел есінде (Ә.Бөрібекұлы «Жүрегі ұлылармен үндескен жан» Өлең-роман. Алматы, 2010.–35-36 бет.).
Тағы бірде Батыр ағамыз: «Мәрттік қасиет – ең асыл қасиет. Уәде еттің бе, бұлжытпай орында. Жиын-тойларға, тіпті алқалы астың өзіне кешігіп келетіндерді мүлде түсінбеймін. Мен ең алдымен оларды өзін-өзі сыйлауды білмейтін тәрбиесіз, көргенсіз, тексіз деп ұғамын. Әйтпесе, бас қосу жайында әңгіме болды ма, уәделестің бе, уәде сөзсіз орындалуға тиіс» деп қазақ қауымын мәдениет пен өркениетке лайық текті күйде жаңаша озық өмір сүре білуге шақырғаны да белгілі.
Иә, кім білсін, кездескен сәттерімізде ұлттық тұрғыдағы, халықтық тұрғыдағы елдік мүддеге қатысты ұлттық мәселелер жайында өрбіген сұқбатымыздың әсері болды ма, әйтеуір, Абзал аға қаһарман ерлікке лайық күйде көпбалалы аналарға қатысты да өзекті де өткір ойларды жиі қайталап, көпшілік назарына салып жүрді. Кезекті бір отырыста Талғат аға: «Өмірлік жарық дүниеге 7-10-12... баланы туу барысында өлім мен өмірдің арпалысына соншама рет түскен көзсіз әрекеттің арқасында ғана өліп-тірілген аяулы аналарымыз шын мәнінде нағыз батыр әрі мемлекеттік дәрежедегі ең айтулы да аяулы Елана ғой! Сондықтан олардың өмірлік статусы ханнан жоғары болмаса да, одан осал болмауы тиіс. Құдайға шүкір, Еланасы ретінде бұндай айтулы озық та өнегелі күйде алаңсыз өмір сүре білуге қолымызды жеткізу үшін елімізде әлемде теңдесі жоқ орасан зор мүмкіндіктер мен ұтқыр артықшылықтар жетіп артылады. Тек қана жанкешті күйдегі ерекше ұлттық мүдделілік пен ұлттық тұрғыдағы мінсіз адал да әділ, халықшыл азаматтық позицияға қоса көреген кемеңгерлік аса қажет» деген еді. Қазір ойланып қарасақ, Талғат ағамыз қазақ халқының санының өте-мөте аз болуына байланысты және олардың қуат-күші мүлде әлсіз күйде өмір кешуіне байланысты аса айрықша алаңдаушылық күйде жүргендіктен, тәуелсіз атанған ХХІ ғасыр ағымындағы қазақ елінің баласын қанжылатып жылатпайтын, анасын қанқақсатып зарлатпайтын ең шуақты күннің таңы ең ұтқыр күймен тезірек арайлана жаңаша атуын айрықша армандаған екен. Ел, ұлт, халық, ұл-қыздарымыз бен шәкірттеріміз дегенде түн ұйқысын төрт бөлген неткен таңғажайып жан десеңізші! Сол себепті де бүгінгі қоғамымыздағы елдігіміз бен ұлттығымызға қарсы өріс алып бара жатқан келеңсіз көріністеріміз бен опасыз үрдістерімізге ерекше алаңдаушылық танытуы да бекер емес.
1956 жылы авиацияның генерал-майоры Талғат Бигелдинов запасқа кеткеннен кейінгі 1957-1970 жылдар аралығында мемлекеттік Азаматтық авиацияның қазақ территориялық басқарма бастығының орынбасары бола жүріп, 1968 жылы Мәскеу инженерлік-құрылыс институтын сырттай бітірген соң, ұзақ уақыт бойына ҚазКСР мемлекеттік құрылыс жүйесінде басшылық қызметтерде жүргендіктен сан қилы көрнекті ғимараттарды тұрғызуға қатысты саны мен сапалық ұтымдылығын еселей білу жауапкершілігін мойнына алғанына қарамастан Талғат ағамыз қоғамдық сан алуан жиындар мен тәрбиелік мазмұны, маңызы орасан зор жұмыстарға да, тіпті омарташылық, яғни кіршіксіз айрықша мұқият күтімді және байқампаздық пен сезімталдықты аса ерекше күйде талап ететін бал жыйнайтын араларды өсіріп, баптау шаруашылығына да белсене араласты. Не деген қажымас еңбекқорлық?!
Сондай-ақ көрнекті қайраткер Талғат ағамыз Халықаралық қайырымдылық қорының президенті қызметін атқара жүріп, көптеген мектептерге, жетім-тастанды балалар үйлеріне, көпбалалы аналарға, басқа да мұқтаж жандарға үнемі көмек қолын созып, түрліше қайырымдылық акциясын өткізе білудің арқасында ұлағаты орасан зор өнегелі де ұтымды игі іздер қалдыра жүріп, тәуелсіз елдікке сай жаңа үрдіс пен ұтқыр бағыттарды қалыптастыра білді.
Қыран бүркіт қашан да ұтқыр алғырлығымен озық келетіндіктен Қыранның шырқау биікті көксемейтін күні жоқ. Талғат ағамыз КСРО Жоғарғы Кеңесінің 1946-1954, 1989-1991 жылдардағы 2,3,12 шақырылымдарының депутаты болды.
Соңғы кездесулеріміздің бірінде Талғат ағам: «Аллаға шүкір, мен сексеннің сеңгірін артқа тастадым. Дәл қазір менің алаңсыз өмір сүруіме ешкім де кедергі емес. Өмір өле-өлгенше бәсекелі күрестен ғана тұрады. Өнегелі де үлгілі өмір сүргің келе ме, күресе біл, үнемі іздене де еңбектене біл. Өз өміріме ризамын. Өйткені, осы жасыма қарамай әлі ат үстінде келемін. Пеш түбінде отыруға уақытым жоқ. Маған ешкім қол ұшын бермейді. Мен ешкімге қолымды созбаймын. Ешкімге де тәуелді құл болмау керек, бала-шағаларға міндет артып, олардың мойына масыл болмау керек» деген есті де текті күйде қартая білудің де, халықтық тұрғыда, ұлттық тұрғыда ел, ұлт ақсақалы деген ардақты атқа лайықты күйде өмір сүре білудің де ұлттық асыл методикасын, палсафалы өмірлік қағидасын тасқа қашап тұрып жазғандай айшықталған алтын сөздері ой-санамызда ерекше күйде өшпестей шегеленіп қалғаны рас.
Мінеки, аты ғажайып аңызға айналған Тұран Қыраны Талғат ағамыз, Талғат Жақыпбекұлы Бигелдинов туралы тізбектеп айта берсек, айтылуға тиісті әңгімеміздің ұшы-құйрығы көрінбейді. Талай айтылар да, жазылар да. Есті де текті, кемел де кемеңгер, халықшыл да мемлекетшіл, жеңімпаз көкбөрі хан болуға әрі міндетті, әрі құқылы бүгінгі және келешек ұл-қыздарымыз бен шәкірттерімізге аса қажет естелік кітабы да жарық көріп, күллі ел, ұлт игілігіне айналары да анық.
Қазақтың текті де кемел, сұңғыла Қыраны, жеті қат көкте қаскүнем жаумен қисапсыз қайсарлықпен жағаласқан сәттерде жүрегі әсте шайлығып көрмеген, ел бағына туа біткен Қаһарман Ұланы Талғат ағамыздың 93 жыл бойына қазағым деп дамылсыз соққан жүрегі мәңгілікке тоқтады. Бірақ...
Ұшқыш өлмейді, көкте самғайды... Ендігі кезекте екінші мәңгілік өмірі жаңаша бастау алды. Осы ретте:
Сан алуан көше, мектеп, елді мекендер және ауданға Батырдың атын беруге қатысты, басқа да көптеген тәлім-тәрбиелік мәні зор іс-шараларға қоса, ең басты ерекше шарт – Елордамыз Астана, Алматы, Ақтөбе, Шымкент қалаларындағы әуежайдың алдындағы алаңға көкпен таласқан Бәйтерек тұрпатты асқақ Талғат Бигелдиновтің рухты ескерткішін орнатсақ, бұл – тәуелсіз елдігіміз бен жеңімпаз көкбөрі ұлттығымыздың рухын жаңаша тірілту арқылы ғарышқа жаңаша самғату үшін де, өскелең ұрпақтарымыз бен шәкірттеріміздің рухын жаңаша жалындата отырып, жаңа биікке асқақтату үшін де нұр үстіне нұр болары хақ.
Ерекше үздік оқып жүрген әскери шәкірттерге Талғат Бигелдинов атындағы халықаралық шәкіртақы (стипендия) тағайындау қолға алынса, тәуелсіз елдігіміз бен ұлттығымыздың тұғыры жаңа өнегелерге ие болар еді.
Талғат Бигелдиновтің 100 жылдық мерейтойын ЮНЕСКО деңгейінде өткізуге әбден лайық екенін де мойындай білгеніміз абзал.
Дәуірде біртуар жанбауырым, Талғат аға, Сіздің қаһарман ерлікке толы ерен еңбектеріңіз және өнегелі де үлгілі өмір жолдарыңызды халық жадында мәңгі сақтай білетін туған киелі жеріңіз, қасиетті еліңіз аман болсын. Жазмыштан озмыш жоқ. Жатқан мәңгілік мекеніңіз жайлы, жаныңыз әрдайым жәннатта болғай, жан аға!
Қайран, Талғат аға, қош бол!


Молдағали МАТҚАН,
Халықаралық Мұстафа Кемал
Ататүрік атындағы Алтын медалдің
иегері, қоғам қайраткері,
публицист-жазушы, академик

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста