Сыбайлас жемқорлыққа қарсы «Адал ұстаз» қалалық конкурсы өтті

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы «Адал ұстаз» қалалық конкурсы өтті

Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласының негізгі қағидаттарын басшылыққа ала отырып, білім саласында ұстаздардың саяси-құқықтық білімі мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға бағытталған ойларымен, тәжірибелерімен, шығармашылық жұмыстарының нәтижелерімен бөлісу мақсатында 2017 жылдың 28 қыркүйегінде Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Алматы қаласы бойынша департаменті мен Алматы қаласы Білім басқармасының ұйымдастыруымен және «Азаматтық бақылау» Қоғамдық қабылдау жобасының қолдауымен алғаш рет Алматы қаласы ұстаздардың арасында «Адал ұстаз» қалалық конкурсын өткізді.


Жиынға қаланың жалпы білім беретін мектептерінің ұстаздары және оқушылары мен ата-аналары қатысты.
Конкурстың негізгі бағыттары – білім саласында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру, ұстаздардың көшбасшылық сапаларын, педагогикалық қызметте бәсекелестікке қабілетін, прагматизмдік ұстанымын, зияткерлік және шығармашылық белсенділігін анықтау. Сонымен қатар, ұстаздардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы дүниетанымын, жемқорлыққа қарсы мүлдем төзбеушілік қағидаттарын қалыптастыру мен сыбайлас жемқорлыққа соқтыратын жағдаяттарда құқықтық және моральді-этикалық нормалар негізіндегі әрекетті қамтамасыз ететін білім кешенін қалыптастыру.


Алғаш рет өткізілген «Адал ұстаз» қалалық конкурсының салтанатты ашылу рәсімін Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Алматы қаласы бойынша департаменті басшысының орынбасары Геннадий Данияров алғы сөзбен ашып, конкурсқа қатысушыларды және педагогтардың кәсіби мерекесімен құттықтады. Сондай-ақ, ұстаздардың рухани адамгершік, саяси-құқықтық білімін, адамгершілік-этикалық құндылықтарын қалыптастыру мен жемқорлық әрекетіне мүлдем төзбеушілік танытуда байқаудың орны ерекше екендігін атап өтті. Сонымен қатар, Елбасының «Мәңгілік ел» ұлттық идеясындағы адамгершілік қағидаттары кез-келген ұстаздардың бойынан көрініс табатындығын және сыбайлас жемқорлықсыз болашақта өркениетті ел болуымызға ұстаздардың алатын орны ерекше екендігіне тоқталды.


Алматы қаласы Білім басқармасы басшысының орынбасары Ләззат Әуесқанқызы Жылқыбаева бүгінгі байқау ұстаздардың білім саласында жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға бағытталған міндеттерге қол жеткізуіне жол ашады деп өз пікірін білдірді.


Конкурс үш кезеңде өткізілді. 1 кезең – аудандық: конкурсқа қатысушылардың ашық сабағы. Аудандық білім бөлімдері өткізді. 2 кезең – іріктеу (сырттай) «Әділетті мұғалім», заманауи мұғалім тұлғасы эссе. Алматы қаласы Білім басқармасына қарасты қалалық әдістемелі кабинет атқарды. 3 кезең – қалалық қорытынды, «Психолого-педагогикалық жағдаяттарды шешу» Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Алматы қаласы бойынша департаменті атсалысты.


Конкурстың ақтық сынында 3 кезеңнен өткен жеңімпаздар өзара бақ сынасып, әділқазылар алқасы шешімімен төмендегі ұстаздар жеңімпаз атанды.


Бас жүлдені №140 жалпы білім беру мектебінің тарих және құқықтану пәнінің мұғалімі Дәурен Сағынғалиев иеленді. 1,2,3 орындарды №54 мектептің бастауыш сынып мұғалімі Светлана Леонтьева, №138 мектептің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Перизат Дүйсебай, №83 мектептің тарих және құқықтану пәнінің мұғалімі Жанат Тәжірибаевалар бөлісті.
«Адал ұстаз» қалалық конкурсының жеңімпаздарына Департамент тарапынан арнайы дипломдар мен бағалы сыйлықтар табысталды.

Таңат Жайлауов

 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста