Қолдан жасалған қасірет

Біз табиғаттан ана құрлым алшақтап барамыз. Енді елу жылдан кейін ана деген ұғымды ойға алғанда адамзаттың кеудесін құрмет кернемейтін болатын шығар. 10-тамызға дейін елімізде «Баланы омырау сүтімен емізу» апталығы жүреді. Бұл туралы ақпарат келіп түскенде жүрегім зырқ ете қалды. «Ана сүтімен тамақтандыру Халықаралық апталығы емізуді сақтау, ынталандыру және қолдау үшін 1990 жылы тамыз айында қабылданған ДДҰ мен ЮНИСЕФ-тің Инночетиялық декларациясына байланысты өткізіледі» екен.
Расымен баланы уызына жарытпау біздің елде, қала берді әлемде үлкен мәселеге айналып бара жатқаны ғой. Аналардың баланы уызына жарытпауына түрлі себептер бар. Ең басты себеп-жұмысбастылық. Ипотекаға үй алып, несиеге той жасаған екі жастың біреуінің жұмыссыз қалуы- қасірет. Декреттік орын баланың 3 жасына дейін сақталғанымен, жұмыс басты аналардың 80% бала үш жасқа толмай қызметіне қайта оралады. Ал екінші себеп- аналардың баланы шынымен де жарытпауы екен. Түптеп келгенде жарытпаудың себебін адамдар өз қолымен жасап алған. Біріншіден, біздің тамақтанатымыз- табиғи құнарлы ас емес. Жартылай фабрикат тағамдар, дәріге піскен жеміс-жидектер, ГМО арқылы өндірілген көкөністер адамның генінің өзгеруіне айтарлықтай ықпал етіп жатыр. Ашығын айтқанда әлемде гендік соғыс басталып кеткен. Жер асты байлығына сеніп, тұтынатын асты көршіден тасуға әдеттенген біз секілді елдің бұндай соғыста жеңіске жете алуы мүмкін бе? Күннің қызуынан қуат алып, жапырағын самал тербеп, тамырына тоғаннан ағып келген су нәр бермеген көкөніс қалай даярланып жатыр? Көкөністі былай қойғанда, адамды да пробиркада көбейте алатын деңгейге жеткенбіз. Расымен, бір қарағанда ол-деңгей. Бедеулік пен белсіздік жайлаған заманда ғылымның мұндай мүмкіндікке ие болғаны қандай тамаша?! Алайда мәселені төңкеріп қарап көріңізші. Дүниеге бала алып келу мүмкіндігінің төмендеуі- біздің тұтынған тағамымыз бен тұрмыстық заттармызға да қатысты болып шығыпты. Демек, белең алып отырған мәселені біз қолдан жасап алғанбыз. Бірақ оны мойындағымыз келмейді. Ауру-астан. Бірінші рет оқып отырған жоқсыз бұл мәтелді. Мыңыншы рет оқысақ та мән бермейміз. Мән бергенде қайтеміз? Тіпті қазір қалаға тасымалданатын малдың өзінің қалай бордақыланатынын білесіз бе? Спирт зауатының қалдық сұйықтығы және сыраның қалдығымен бордақыланатынын естіп қалып жүрміз. Бірақ амал нешік? Ет жемесек тісіміз сырқырайтын қазақпыз. Ал жеген етіміздің түрі анау. Сонда жаңа босанып, сорпаланып отырған жас ананың сорпасының бетіне әлгі спирттің қалдығы шықпағанда, не шығады? Қазіргі баланы омыраумен емізуді жарнамалап отырған күніміз «айналайын » шаққа айналады. Себебі ғалымдар алдағы уақытта қолдан ұрықтандыру мен пробиркада дамыту адам айтса нанғысыз нәтижеге қол жеткізеді деп отыр. Тіпті медицина іліміне арналған арнайы сайттарда әйел затының «бала туу қасіретінен» бір жола құтылатыны туралы болжамдар да айтылған екен. Инкубатор балапандарды бір температурада ұстап, жұмыртқадан шығару мүмкіндігіне ие болған адамзат оны жасай алмайды деп ойлайсыз ба? Сонда әйел заты тоғыз ай бала көтермесе, толғатып тумаса, оған тас емшегін жібітіп имесе, не үшін керек? Әрине әйел керек. Хромасома деген бар емес пе? Хромосомаларды сақтау мақсатында ғана адамзат «ұрғашыларды» қажет етеді. Қажет еткенде де ұрғашылар онсыз да дефицитке айналады екен. Ғалымдар әйел затының дефицитке айналатынын шығыстық дүниетаныммен сабақтастырып отыр. Шамасы Шығыста ер адамның қоғамдағы белсенділігінің жоғары болуына байланысты ғылым дамыған сәтте ұлды болғысы келетіндердің саны да арта түсетін болса керек. Бір ғана балалы болуға мүмкіндігі бар қытайлықтар ғылымның ол жетістігін мүлт жібермеуге тырысып бағуда. Ал әр қытайдың от басында тек қана ұл бала дүниеге келетін болса, онда тықырдың таянғанын ұғу онша қиын емес.

Жануарларды қолдан ұрықтандыру мәселесінде мамандар машықтанып алды. Енді оны адамдарға пайдалануда осы ғасырдың бел ортасына жеткенде үлкен нәтиже көрсете аламыз деп болжам жасалған екен. Жануарлар демекші, бала кезімдегі бір оқиға есіме түсіп отыр. Ой салу үшін орайы келгенде айтқан да дұрыс болар. Кеңес үкіметі ыдыраған соң, Колхоз бен Совхоз иесіз қалды емес пе? Өкіметке жоспармен сүт тапсыратын фермалар жекешелене бастады. Біздің көрші ауылда сиыр фермасы бар болатын. Сиыр болғанда да тұқымы арнайы асылдандырылған Мәскеуден алып келген дәу-дәу ала сиырлар ғой. Жекешеленіп жатқан соң, әлгі сүтті сиырдың екеуін әкем сатып алып келді. Өзге малға еріп жүре алмайтын, өріске шығып жайылып үйренбеген байғұс сиырлардың біреуі он күнге жетпей таудан құлап, күйреп қалды. Жамбасы опырылып түскен сиыр ақыры мал болмады. Ал екіншісі көктемге ілінді. Онда да өріске кеткенде барлығымыз сол ала сиырдың тілегін тілеп отыратынбыз. Ол байқұс сәл қылпық қарға да тайып жығылып жатушы еді. Көктемге ілінген сиырымыз төлдеді. Үп-үлкен сиыр бұзаудың шаранасын жалап тазартуды да «білмейді». Білмегенді қойыңызшы түйсінбейді де. Себебі ол дайын дүниеге үйренген. Ол туа салысымен фермадан бұзауын бөлектеп, майынан ажыратылған көк сүт берілетін болған. Сөйтіп тараған үкіметтің арқасында әлгі байқұс ала сиыр «ана бақытына» кенеліп, бұзауына еміреніп көрді. Бұзауын емізер кезде де мехнат шекті. Оған да төзді. Бірақ келесі жылы қысыр қалды. Себебі ол қолдан ұрықтандырылып келген мал болатын. Асыл тұқымды, бойы түйеден биік сиырдың табиғи жолмен бұзаулы болуы туралы ғалымдар бас қатырып жатпаған. Құдай-ау үкімет тарайды дегенді кім ойлады дейсің? Келесі жылы бұзауламаған сиырдың ары қарайғы тағдыры айтпаса да түсінікті ғой. Адамдар да ала сиыр секлді бір тұйыққа келіп тіреледі. Себебі біз табиғат деп аталатын алтын қазығымыздан алшақтап барамыз.

Айнұр Төлеу

qamshy.kz

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста