Қазақ жігіттері бойжеткеннің көңілін табуды білмейді

Қазақ жігіттері бойжеткеннің көңілін табуды білмейді

Соңғы кезде қазақстандық қоғамда қыз алып қашу жайты жиі көрініс алуда. Политолог бұған басты себептерді атай отырып, қазақ жігіттері бойжеткенді өзіне қаратып, көңілін табуды білмейтінін алға тартты.
Бұл туралы “Тоталға” сілтеме жасап NUR.KZ хабарлайды.

Бүгінгі таңда Қазнетте алып қашу видеоларын қарау әдеттегі жағдайға айналып кеткендей. Қыздың қарсылығына қарамастан, оны күштеп жары етіп жатқан жігіттердің әрекеті дұрыс па? Этнограф мамандардың ойынша, қазақ дәстүрінде қызды тек оның келісімінен кейін алып қашқан.

«Қазақтарда «қыз алып қашу» дәстүрі тек бойжеткеннің келісімінен кейін жасалған. Мәселен қызды отбасы қомақты қалым үшін қарт кісіге тұрмысқа шығармақ болғанда, бойжеткен өзі сүйіп қосылған жігітіне өзін алып қашуына келісімін беретін. Ал қазір жігіттер ай-даладағы бейтаныс қызды да алып қашып жатыр. Бұл дұрыс емес. Бұл айуандық”, – дейді этнограф Ахмет Тоқтабай.

Гүлжайнар есімді тұрғынның танымайтын жігітке күштеп тұрмысқа шыққанына бүгін 40 жыл болды. Аңқаулықпен әріптесінің көлігіне отырған келіншек ақыры бейтаныс жігіттің үйінде келін болып қалған.

«Жылағаныммен ештеңе істей алмадым. Қалуға тура келді. Себебі анам “алып қашса, қайтып келме, бізді ұятқа қалдырасың” деген болатын. Балаларым, немерелерім үшін бақыттымын десем де, өмірім сүймейтін адаммен өтіп жатыр», – дейді 63 жастағы Гүлжайнар.

Политолог мамандар болса, жігіттер қызды күштеп алып қашуға олардың көңілін табуды білмейтіндіктен барады деп санайды.

«Мен бірнеше себепті көремін. Біріншіден, жас жігіттер бойжеткенмен қарым-қатынас орнатып, оладың көңілін табуды білмейді. Себебі олар үйінде әкесінің анасына қамқор болып, гүл сыйлап, әдемі қарым-қатынаста болғанын көріп өспейді. Олар ер кісі бәрін күшпен алады деп ойлайды. Сол себепті де күштеп қалыңдықты алып қашады. Ал қоғам бұған әдеттегі дүниедей қарайтын болса, ештеңе өзгермейді. Ал кей кездері қыздардың өздері жігітке тым дөрекі жоқ деген жауап қайтарып, оны осы қадамға итермелеп қояды. Сол үшін қарым-қатынасты ақылға салып құра білу керек», – дейді политолог Толғанай Үмбеталиева.
 nur.kz

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста