Қазақ қызы секс-құлдықта болған азапты күндері туралы айтып берді

Қазақ қызы секс-құлдықта болған азапты күндері туралы айтып берді

"Қазақстан" арнасының "Әйел бақыты" бағдарламасында Кореяда секс-құлдықта болған Әсем есімді 22 жастағы бойжеткен арам ниеттілердің арбауына қалай түсіп қалғанын айтып берді. Бұл туралы NUR.KZ хабарлайды.

Астана сұлулық салондарының біріне жұмысқа орналасқан Әсем секс-құлдыққа өз аяғымен барып түскеніне өкінеді. Ол салонда өзімен бірге жұмыс жасайтын әріптесі Алтынай оны алдап, құлдық шырмауына бір-ақ апарғанын айтады.

Бірнеше ай бойы аралас-құралас болып, бір-бірінің үйіне барып жүрген әріптесі Әсемді Кореяға барып, біліктілік курстарынан өтіп келуге үгіттейді. Тегін барып, оқып келіп, Қазақстанда сұранысқа ие маман боламыз деп алдаған Алтынайдың сөзіне Әсем еш күмәнданбайды. Себебі, Алтынай Әсемнің әке-шешесімен жақсы танысып алған.

Осылайша, ол құрбысымен бірге Корей еліне аттанады. Ұшақтан түсе сала, оларды сол жақтың азаматтары күтіп алып, олардан не ішетінін сұрайды. Еш алаңсыз олардың қолынан кофе ішкен бойжеткен, осы тұста есін білмей қалады. Оянғанда ол секс-құлдықтың нағыз ошағында жатқанын түсінеді.

Құрбысы Алтынай болса, қыздарды алдап-арбап, арам ниеттілердің құрығына түсіріп беретін кәнігі "жеңгетай" болып шыққан. Әсемнің нағыз азапты күндері осы кезден басталады. Оның барлық құжаттары мен телефонын алып алған олар, кейде анасымен сөйлестіреді екен.

Бірақ ол қатаң бақылауда болды. Анасына жағдайым жақсы деп айтуға мәжбүр болған қыз ондағы жан түршігерлік өмірі туралы баяндап берді.

Айтуынша, ол күніне 18-ден 20 еркекке дейін қабылдаған. Қыздың аяусыз ұрып-соғып, тіпті темекі тұқылымен қолдарын да күйдіріп тастаған. Студияға келген Әсем көзіне еріксіз жас алды.

Дегенмен, ол бұл құлдықтан аман-есен босап шығады. Қазақ қызын сол жақтағы "жезөкшелер үйіндегі" әкімші жігіттің досы ұнатып қалып, оны кездесуге сұрап алады. Қызды мейрамханалардың біріне апарған жігіт масайыңқырап қалғанда, қыз анама хабарласып, жағдайымның жақсы екенін айтам деген сылтаумен телефонын алып, өзінің Қазақстандағы досына хабарлама жазып үлгереді.

Ол Кореяның қай жерде отырғанын жазып жібереді. Мұны естіген досы сол елдегі Қазақстанның елшілігіне дереу хабарласып, олар қылмыскерлерді тап сол мейрамханада отырған жерінен құрықтайды. Осылайша, Әсем, аман-есен елге оралады.

Басынан кинодағыдай жағдай өткен қыз бүгінде өзін құтқарып алған досына тұрмысқа шыққалы жүр екен. Дегенмен, ол өзін алдап соғып, құлдықтан бір-ақ шығарған "құрбысының" үстінен арыз жазудан бас тартқан. Айтуынша, 1992 жылы туған Алтынай есімді бойжеткен бүгінде Қазақстанда жүр. Оның тамыр-таныстары ІІМ, барлық жерде көп болғандықтан Әсем арызданудан қорқып отырғанын айтты. Әсем, құзырлы органдарға барлық қажет адамдардың есімдерін айтып бергенімен, арыз жазылмағандықтан бұл іс жабылған.

Бағдарлама жүргізушісі Ләйлә Сұлтанқызы оның бұл ойынан бас тартып, арыз жазатынын қатты тілейтінін жеткізді. 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста