Қамбар батырға шылым шеккізіп, арақ ішкізген кім? (фото)

Елімізде орта мектептерге арналған оқулықтардың сын көтермейтіні туралы сан мың мәрте айтылып та, жазылып та жүр. Алайда Білім және ғылым министрлігі оқулықтардағы олқылықтарды жөнге келтіруге асығар емес. Қайта күннен күнге оқушыларға арналған оқулықтарда небір сорақылықтар көбейе түскендей. Балаларын мектепке «біл» деп берген көзі ашық ата-аналар оқулықтардағы қателерді талай рет меңзеп, тиісті шара қолдануды сұрап жүргелі қашан? Бірақ мектеп оқушыларына арнап оқулық жазатындар көпшіліктің әдейі қытығына тигісі келе ме, одан сайын ойларына келгенін жазуға көшіпті.
Бүгін «Фейсбук» әлеуметтік желісінің қолданушысы Алмас Жұмағали деген жігіт орта мектептің 9 сыныбына арналған қазақ әдебиеті пәнінің оқулығында басылған қисынсыз сөздерді жұрт назарына ұсыныпты.

Алмас Жұмағали мырза өзінің жеке парақшасына былай деп жазады:

«Астанадан Дастан Ильясов бауырым жіберіпті. Қамбар батыр жырында осындай жолдар бар ма еді? Тіпті, "бриллиант" "бөтелке" "шылым" деген сөздердің жүргені былай тұрсын, "арақ - шарапқа" шейін сандықта жатыр. Бөтелкені біз орыстан алдық, орыстардың оны ағылшындардың bottle дегенін еркелетіп икемдеп алды. Сонда Қамбар батыр жырын жазған адам ағылшыншадан да құр алақан емес сияқты, ал Қамбар батыр шылым тартатын, арақ-шарап, қымызды араластырып іше беретін "бұзылған" батыр болған сыңайлы. Осы жерде Мектеп баспасынан яки Білім министрлігінен адам бар ма?


Балаларымызды батырлар жырымен сусындатып, патриоттық тәрбие береміз деп көлгірсігенде әдебиет мұғалімдері алдыларына жан салмайды. Сонда ұстаздарымыз балаларға осындай оқулықтар арқылы білім нәрін сеуіп жатқаны ма? 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста