"Отыз жастағы ұлыма сауатсыз дәрігерлер қате диагноз қойып, балам содан қайтыс болды", - деп шағымданған ана ақыры сотта жеңіп шықты

"Отыз жастағы ұлыма сауатсыз дәрігерлер қате диагноз қойып, балам содан қайтыс болды", - деп шағымданған ана ақыры сотта жеңіп шықты

"Отыз жастағы ұлыма сауатсыз дәрігерлер қате диагноз қойып, балам содан қайтыс болды" деп шағымданған анасы ақыры сотта жеңіп шықты. Алайда, науқастың сырқатын таба алмаса да, білмеймін деп айтпай, ем-дом көрсеткен Көкшетау қалалық ауруханасы өтемақымен құтылатын болды.

2010 жылы көкшетаулық тұрғын бауыры ауырған соң қалалық ауруханаға көрінген. Ол жерде науқасқа бауыр ісігі деген диагноз қойылып, бұл диагнозды растау үшін Астанадағы емдеу орталығында магниттік-резонанстық тексеруден өту керектігін айтқан. Алайда, дәрігерлер науқасқа Астанада емделу үшін квота беруден бас тартады. Ауруына ем іздеп науқас бірнеше мекеменің табалдырығын тоздырған. Нәтиже болмаған соң 2012 жылы анасы науқастың мекен- жайын Астанаға тіркетіп, сондағы ауруханаға жатқызады. Ол жерде арнайы тексеріс жүргізіліп, емделушіге Көкшетау қаласындағы дәрігерлер мүлдем басқа диагноз қойғаны, яғни бауыр ісігімен емес, бауыр құртымен ауыратындығы анықталады. Ауруы асқынған науқас ота үстелінде көз жұмады. Осы оқиғаға байланысты сот анасының арызын қарап, шешім шығарды.

ДИНАРА ОРЫНБАЕВА, КӨКШЕТАУ ҚАЛАЛЫҚ СОТЫНЫҢ СУДЬЯСЫ:
- Арызданушының шағымы жартылай қанағаттандырылды. Баласының өліміне байланысты анасына Көкшетау қалалық ауруханасынан екі жарым мииллион теңге өтемақы өндіріп алу жөнінде шешім шығарылды. Бұл шешім бойынша жауап беруші тарап қайта қарау жөнінде өтініш білдірген. Алайда, олардың өтініші негізсіз деп танылып, шешім заңды күшіне енді.
31.kz

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста