Өмір мен тозақ арасындағы күйбең тіршілік

Өмір мен тозақ арасындағы күйбең тіршілік

Алматыдағы Наркология орталығына күн сайын 20-дан аса есірткіден уланған азаматтар келіп түседі. Соңғы уақытта жастар арасында синтетикалық СПАЙС шегушілер екі есеге артып кеткен. Жыл басынан бері спайстан есінен танған 90 азамат дәрігерлердің көмегіне жүгініпті. 

Қалалық денсаулық сақтау басқармасына қарасты Наркология орталығы басшысының орынбасары Гүлмира Әбдібаеваның айтуынша, есірткіні тек қылмыскерлер ғана шекпейді.

Әлішер –портшы. 34 жаста

“Оқушы кезімнен баскетболды жақсы ойнадым. Жақсы командада өнер көрсеттім. Үйде жарыстардан алған медальдарым бар. Есірткіге байланғаныма биыл тура 15 жыл болды. Наркология орталығында 6 ай емделіп шыққан соң ары кетсе 1-2 жыл тыныш жүріп, артынша қайта бастаймын. 19 жасымда достарым бір кеште темекі секілді анашаны шегуге берді. Бір-екі сорып, қатты ұнаттым. Ойладым қалар деп. Жоқ. Бір аптадан соң іздеп шектім. Кейін темекі секілді есірткіден ләззатты сезбей, ине салуға көштім. Сөйтіп жүріп ВИЧ індетін жұқтырдым. Қазіргі өмірім тозақ. Түнімен аяғым бұралып ауырады, ұйқы жоқ. Мұнда (орталыққа) мені анамның арызы бойынша жатқызды. Себебі, үйдегі заттарды ұрлап бітіп, көшедегі қыз-келіншектерді тонай бастағанымды біліп қойыпты. Ал, менің есімде оның бірі жоқ. Есірткі іздегенде не істеп, не қойғаныңды білмейсің. Миыңды біреу басқарып отырғандай. Бауырларым бар, бірақ барлығы менен бас тартқан. Тек анам ғана келіп тұрады. Арманым жақсы қызды кезіктіріп, әке атану. Бірақ ол мүмкін емес екенін білемін. Бірер айда бостандыққа шығам. Танысымның спорт дүкеніне сатушы болып жұмысқа тұрсам деп жоспарлап жүрмін”, – дейді Әлішер.

Виталий – көлік жөндеуші. 39 жаста

“Мен көлікті 2 сағатта шашып, қайтып жинайтын шебермін. Алматыда ауруы табылмады деген машиналардың барлығы менің алдыма келетін. Бала күнімнен әкемнің қасында жүріп осы кәсіпті үйрендім. Бірақ қызығын 7 жыл ғана көрдім. Себебі нашақорлыққа салынғаныма 13 жыл. 25 жасымда жұмыстан шыққан соң жігіттер бүгін шаршадық, демалайық деп иіскейтін есірткі берді. Бір рет шегіп үйге тарадық. Сосын әрбір жұмада кешкісін есірткі шегуді достарымызбен әдетке айналдырдық. Осылай жалғасып, артынша өз-өзіме ине салуға көштім. Сөйтіп жүріп, жұмыстан қуылдым. ТЖО жүргенде 250 мың айлық алатынмын. Мен жаңа шыққан техникаларды қатты жақсы көрем. Жалақы алған сайын 50 пайызына су жаңа бұйым алып, қалғанын есірткіге жұмсадым. Ал, жұмыссыз қалғанда осы өзім сатып алған техниканың барлығын сатып жібердім”, – деп ағынан жарылды Виталий.

“Сенесіз бе, 110 мыңға алған телевизорды небары 15 мың теңгеге бердім. Барлығын тиынға саттым. Енді қайтем, миымды құрт жеп барады. Мен ғана емес бұлай жасаған. Достарымның барлығы. Қазір олардың тең жартысы бұл дүниеде жоқ. Себебі, героинды мөлшерінен артық қолданып, барлығымыз естен танып жатқан жерден дәрігерлер осында әкеліп, қайта тірілтіп алды. Ал денсаулығы әлсіздер үзіліп кетіпті. Міне осылай, 6 ай наркологияда емделем, қайта шығып жұмысқа тұрып, жарты жылдан соң қайта түсем. Осылай өксікпен өтіп жатқан өмір. Қазір бауырым қатып, тыныс жолдарымның қызметі бұзылған. Ал түнімен ұйықтатпайтын бас ауруы миымның кебіңкіреп кеткенінен дейді. Дертке шыдамай, өзіме-өзім қол жұмсап та көрдім. Бірақ бұл оңай емес”, – дейді Виталий.

Наркология орталығында күн сайын 300-ден астам науқас ем қабылдауда. Соның 145-і мәжбүрлі түрде жатқызылған. Оның 60-қа жуығы нәзік жандылар. Нашақор арулардың тілшілермен сұхбаттасқысы келмеді. Ал ер –азаматтар болса, есірткіні жамандағанымен бас тарта алмайтындықтарын айтуда.

Костя 30 жаста.

“Есірткіні студент кезден бастадым. Шыны керек, Алматыда еркін саудаланады. Түнгі клуб, бар дегеннің барлығында бар. Бағалары 5000-8000 теңгеден жоғары. Ал оған ақшамыз жетпесе дәріханадан көзге тамызатын сұйықтықтарды алып, өзіміз үйден есірткі дайындаймыз. Есірткі үшін 1-2 дана сұйықтық емес, қораптап керек. Соны сатып алып жатқан да сатушылар неге керек деп сұрап, бас қатырмайды. Бұл есірткіге деген еркіндік. Алматыда осы улы заттың 8-ге жуық түрі сатылады. Таблетка, ұнтақ, синтетика, темекі дейсің ба барлығы бар. Менің айтарым, есірткіні бір рет шектім дегенше «нашақормын» дей бер. Себебі, ол дәмін татумен шектелмейтін нәрсе. Түбі бір қайталап, еріп кетесің”, – дейді Костя.

Наркология орталығының іші-сыртында қадам сайын күзет тұрады. Есік-терезенің барлығы темір тормен қоршалып, арнайы рұқсатпен ғана кіргізеді. Науқастардың жатын-орнына емдеуші дәрігерден басқа азаматтың кіруіне тыйым салынған.

Тіпті, есірткіге құмар азаматтар таза ауаға шыққанда да барлық бұрышы темірмен қоршалған спорт алаңында ғана жүреді.

Мәжбүрлеп емдеу бөлімінде науқастар 2 айдан 2 жылға дейін жатады. Оларды сот шешімінен соң тәртіп сақшылары күштеп әкеледі. Себебі, нашақорлар бұл мекемеге өз еркімен аттап баспайды.

Нашақорлардың арасында саусағынан өнер тамған шеберлер жетерлік. Емдеу мекемесіне қатты зат кіргізілмейді. Сондықтан олар бос уақыттарында шеберханада жұмыс жасайды.

Бұл бұйымдар есірткіге тәуелді азаматтардың жасағаны. Қолданылған материал қарапайым: тіс шұқығыш пен ескірген жалюз пердесі, тақтай ағаш.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста