Мемлекеттік дипломды 1 айдың ішінде сатып алуға болатын көрінеді

Мемлекеттік дипломды 1 айдың ішінде сатып алуға болатын көрінеді

4-5 жыл көздің майын тауысып оқымай-ақ, үйде отырып мемлекеттік дипломды 1 айдың ішінде сатып алуға болатын көрінеді. Оқымай алынатын құжаттың құнында айта кетейік. 200 мың теңгеден басталады екен. Қазір ғаламторда не жоқ, бәрі бар. Кез келген құжатты қолдан жасап беруге даяр интернет-дүкендер күннен-күнге көбейіп келеді.
Көлеңкелі бизнестің көсегесі бүгінде ғаламтор арқасында көгеруде. Кәсіпкерлер кез келген оқу орнының дипломын, көлік құжатын, тіпті мектеп аттестатын да бірнеше күннің ішінде пысықтап береді екен. Ақысын төлесең болғаны. Жасап отырған жұмыстары алаяқтықтан көрі делдалдыққа жататын сияқты. Себебі тапсырыспен жасалатын құжаттар көшірме емес, түпнұсқа деп сендіруде өздері. Жарнамасы мен мұндалап тұрғандардың бірімен тілдесіп те көрдік.
- Диплом керек
- Қай оқу орны, қандай мамандық?
- Қаз ҰПУ, Бейне графист
- 200 мың теңге.
- Кепіл бар ма түпнұсқа болатынына?
- Бұл нарықта ұзақ жұмыс істеп, қаражат табу жоспарымызда бар. Ішкен құдығымызға түкірмейміз ғой.
Күмәнді бизнеспен айналысып жүрген кәсіпкерлер ешкімнен қорықпайтын сияқты. Тіпті тапсырыс берушілердің суреттерін, олардан келген алғыс, тілектердің барлығын мақтана парақшаларына іліп қойған. Алайда заңгер Сергей Уткин бұл заңға өрескел қайшы, қылмыстық іс деп отыр. Оны іске асырып отырған топ не тым ақымақ, не қолдаушыларына сенеді - дейді.
СЕРГЕЙ УТКИН, заңгер:
- Бұл қылмыстық бап екені анық. Тапсырыс беруші үшін де, құжат жасап жүрген адамдар үшін де. Бұл құжатты жұмысқа тұру үшін, не болмаса нендей бір өзге мақсаттарға пайдалану да қылмыс.
Ішкі істер министрлігінің мәліметтері бойынша, биылғы жылдың өзінде жалған құжат жасаған немесе заңсыз жасалған құжат сатқан дерегімен мың жарымнан астам қылмыстық іс қозғалған. 49 жағдай дәл осы дипломдарға қатысты. Оның ішінде қылмыстық жауапкершілікке 170-ке жуық адам тартылыпты. Бірақ, нақты осы жағдай туралы ақпарат беруге уәде еткен Ішкі істер министрілігінің өкілі сол күйі жауап бермеді.

Жанар Жолтаева,

Ринат Абулхаиров

 www.31.kz

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста