Кеңсе жұмысының ұтымды ұйымдастырылуы – әділ сот төрелігіне деген сенімнің айнасы

Кеңсе жұмысының ұтымды ұйымдастырылуы – әділ сот төрелігіне деген сенімнің айнасы

Сот төрелігі десек көз алдымызға сот билігін жүзеге асыратын, сот актілерін шығаратын бірінші сатыдан бастап жоғарғы сот судьяларының корпусыелестейді. Ал бүгінгі күні соттардың жұмысы тек сот актілерінің сапалы дайындалуынан бөлек басқа да өлшемдермен (критерийлермен) бағаланатынын ескерсек, оны ұйымдастырудағы сот кеңсесіне жүктелінген міндеттердің маңыздылығын айтпай кетуге болмайды.

Судья әділ сот төрелігін жүзеге асыру үшін оған барлық жағдайлар жасалынған. Яғни сот ғимараттарының тазалығы мен жылу жүйесі, заманауи материалдық-техникалық жабдықталуынан бастап судьяның қолайлы жұмыс атқаруын ұйымдастыру Қазақстан РеспубликасыЖоғарғы Соттың жанындағы соттардың қызметін қамтамасыз ету департаменті (Жоғарғы Сотының аппараты) облыстарда соттар әкімшісіне, бірінші сатылы соттардасот кеңсесіне жүктелінген.
Сот кеңсесіне бұдан бөлек, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соттың жанындағы соттардың қызметін қамтамасыз ету департаменті (Жоғарғы Сотының аппараты) басшысының 05.03.2016 жылғы № 6001-16-7-6/89 санды өкімімен бекітілген «Аудандық және оған теңестірілген сотта іс қағаздарын жүргізу ережесі» талаптарына сай кеңсе мамандарының жұмысынұйымдастыру, функциялықміндеттерін айқындау тапсырылған.
Кеңсе мамандары мемлекеттік қызметшілер болып саналады. Олай болса мемлекеттік қызметшіге қойылып отырған бүгінгі талап қандай? Әңгімені осыдан бастайық. Мемлекеттік қызметшінің киім кію үлгісінен бастап, сөйлеу мәдениеті, оның мемлекеттік қызметшінің әдеп нормаларын сақтауы бәрі-бәрі келген адамдардың пікір арқылы тұтасқоғамның назарын аударатыны жасырын емес.
Қазір сот органдарына талап арыздар мен шағымдардың, сонымен қатар әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істердің мемлекеттік органдардан «Сот кабинеті»электронды ақпараттық сервисі арқылы түсіп, «Төрелік» ақпараттық жүйесі арқылы тіркеледі. Кіріс-шығыс хат хабарларды тіркеуден бөлек сот ісінің қозғалысы, оның рәсімделуі, іс жүргізудуң процесуалдық мерзімі, статистикасы,сот мұрағатын қалыптастыру, жоғарғы сот органдарынан келіп түсетін бақылау тапсырмалардың уақытында және сапалы орындалуын қамтамасыз ету секілді уақыт пен қатар біліктілікті және ұқыптылық пен өз ісіне деген жауапкершілікті талап ететін жұмысты ұйымдастыру сот кеңсесінің міндеті болып табылады.
Осы ретте сот кеңсесі жұмысын өз дәрежесінде ұтымды ұйымдастыра білу – сотқа жүгінушілердің әділ сот төрелігіне деген сенімін қалыптастырады десек артық айтқандық емес.
Елбасымыздың 2009 жылғы 28 тамыздағы №858 Жарлығымен Қазақстан Республикасының 2010-2020 жылдарға дейінгі кезеңге арналған құқықтық саясат тұжырымдамасы бекітілгені белгілі.
Тұжырымдама мемлекетіміздің құқықтық саясат саласындағы тиісті бағдарламаларын, Қазақстан Республикасы Үкіметінің заң жобалары жұмыстарының перспективалық және жыл сайынғы жоспарларын, Республиканың нормативтік құқықтық актілерінің жобаларын әзірлеу үшін негіз болып табылатын заңнамалық акт. Яғни мақсаты әлемдік экономика мен саясатта болып жатқан іргелі өзгерістер, жаһандану процестері кезеңінде, сондай-ақ елдің ішкі даму серпініндегі қол жеткізілгендермен шектеліп қалмай, ұлттық құқықтың уақыттың жаңа талабына сәйкестігін қамтамасыз ету.
Олай болса осы аталғандардың барлығын жұртқа түсіндіріп насихаттап отыру, жергілікті жерлердегі қоғамдық және мемлекеттік емес ұйымдармен ашық диалогқа шығып, БАҚ -мен тығыз байланыс орнықтырып, тең дәрежедегі әріптестік тұрғысында іс қимыл жасау керек екенін түсінуіміз қажет деп ойлаймын.
 

Бақытгүл ТОҚТАСЫНОВА,
Тарбағатай ауданының №2 аудандық
сотының кеңсе меңгерушісі ШҚО
 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста