Бүгінде хиджабқа оранып, шылым шегетін қыздар көбейген

Бүгінде хиджабқа оранып, шылым шегетін қыздар көбейген

Шымкенттегі жоғары оқу орындарының біріндегі оқитын бойжеткен хиджаб киіп, шылым тартатын қыздардың жағдайына алаңдаушылық танытты, деп хабарлайды NUR.KZ-тің тілшісі.

Оңтүстік Қазақстан облысы жастарының дін саласы өкілдерімен өткен кездесуінде өзін Салтанат Мархабайқызы деп таныстырған бірінші курс студенті «қызға қырық үйден тыю» дегенді алға тартып, өз көкейінде жүрген сауалды жолдады.

"Қысқа белдемше кию қыз баласы үшін – күнә деп жатады. Кейбір қыздарымыз бар мешітке намаз оқуға барғанға дейін шалбар не қысқа белдемше киіп алып, мешітке кірерде хиджабқа оранады. Мешіттен шығарда қайтадан киімдерін ауыстырып алады... Хиджаб киетін қыздардың кейбірі темекі тартады. Жақында Тараз қаласына барғанымда тұмшаланып оранған қыздардың дәретхана бөлмесінде темекі тартып тұрғанын көрдім. Олар "шылым шегу – күнә емес, намаз оқып, күнәларымызды шаямыз" дейді", - деді студент.

Бұл сауалға жауап берген облыстық «Дін мәселелерін зерттеу орталығының» директоры Нұржан Тұрсынбай намазды тек бүркеніп, хиджаб киетіндер ғана оқуға міндетті емес екенін алға тартты.

«Қыз баланың ақиқатында ұятты жерін жауып жүруі - ата бабаларымыздың салты. Біздің ешқайсысымыз әйеліміздің, әпке-қарындастарымыздың ашық-шашық жүргенін қаламаймыз. Себебі сіздің мүсіндеріңіз Алланың берген үлкен сыйы деп есептеу керек. Ал хиджаб дегенді дұрыс түсіну қажет. Намаз оқитын адам міндетті түрде хиджаб кимеді деп уәж айта алмаймыз. Бастысы, етек-жеңі жабық болуы шарт. Ол костмю-шалбар немесе өзге киім болуы мүмкін. Ал қыздардың бүркеніп жабық киініп алып, шылым шегу секілді теріс әрекет жасауына қосыла алмаймын. Намазбен оны жуып-шаямын деген шариғат ұғымына сыймайтын нәрсе», - деді Нұржан Тұрсынбай. 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста