Бесiксiз үйде береке жоқ

«У меня сестренки пять, у меня братишки пять, мамам тағы екіқабат,откуда маған шоколад» деп өткен ғасырдың соңғы жылдарында одаққа танымал әннің негізінде айтылған әзілді асабалар тойларда әлі де айтып жүр. Бес інісі, бес қарындасы бар,өзімен он бір, анасы он екіншіге ауыр аяқ қазақ семьясы бүгінде бар ма? Өз басым кездестірмедім. Бір қарағанда езу тартуға да жарамайтын арзанқол әзіл. Көп балалы отбасында туылып,бар мен жоқтың қадірін біліп өскен,шоколад емес жәй карамельдің өзін мерекелерде ғана көрген аға буын болмаса, ішкені алдында ішпегені артында тәттіні талғап жейтін жастар бұл әзілге күле қоймайтыны анық. Жалпы кез келген әзіл өздігінен тумайды. Әр әзілдің астары мен оны керек арнаға бағыттап отыратын адамдары болады. Бұл сонау сексенінші жылдары қазақтар көбейіп кетпесін деп арнайы ойлап табылған әзіл болатын. Өзімізге өзімізді мазақтатып қойған осындай әзілдер қаншама.


Менің ұлым 1985 жылы дүниеге келді. 1991 жылы желтоқсанда Талдықорған қаласындағы «Ғарышкер» деп аталатын шағын ауданнан пәтерлі болдық. Күн жылынып көктем келе балалар да аулаға шыға бастады. Ауылда сақманға барушы едік. Қой өрістен қайтқанда көгендегі қозылар маңырап ауыл маңайы азан-қазан болып кететін . Ауладағы балалардың шуылы сол көріністі еске түсіруші еді. Күзге қарай баламды жетектеп М.Жұмабаев атындағы қазақ мектебіне бардым. Бүгін айтсаң аңыздай, естісең ертегідей болып көрінеді.
1- сыныпқа келген балалардың көптігінен әр қайсысы 30 баладан 13 сынып ашылыпты. Бұл бір ғана мектепте. Қаладағы басқа мектептердің де жағдайы осындай болатын. Ал әзілдің түрі жаңағыдай. Сол жылдары Кытайдағыдай шектеулер коймаса да семьяны жоспарлау деген бағдарлама жасалып, көп балалы болу қажет емес деген сенiмдi санамызға жайлап сiңiрдi. Көп бала туып қайыршылықты көбейтіп не керегі бар,шамаңа қара, бiр баланы оқытып жеткiз деген насихат жүрдi. Көшеде, мекемелерде, автобустарда плакаттар ілініп тұрды. «Дұрыс екен» дейтіндер де табылды. Дегенменде «Аш отырып қонақ жоқ деп арыппыз,Балалы үйді базар ғып дем алыппыз» деп Жұбан ағамыз айтқандай баласыз үйді қу мазар санайтын қазақтың басым бөлігі бұл бағдарламаға бағына қоймады. Бірақ, жыл санап ауладағы балалардың шуы бәсеңдей бастады. Тәуелсіздік алған алғашқы жылдардағы экономикалық қиыншылықтар «қой егiз туса бiр жусан айыр өседi» деген бұрынғылардын сөзiнен ,әр сәбидiң Алладан бұйырған өзiндiк несiбесi болады деген ұғымнан алыстатып жіберді. Нәтижесiнде көп баланы асырау қиын, жағдай жоқ деген сылтауды алдыға тарта бастадық. Тапшылық,қатшылық дегендер өмір сүрудің небір тәсілдеріне үйреткенімен
«жалғыз ағашты жағу қиын,жалғыз баланы бағу қиын» деген ұлағатты сөздi ұмыттырды. «Көп бала көлдеуде ойнайды жалғыз бала жар жағалап жүредi» деген де сөз бар.Сол жар басындағы жалғыз бала құлап кетер ме екен деп күндiз күлкiден түнде ұйқыдан айырылдық,осы балам аман болсын деп бетiнен қақпай бетiмен жiберiп қартайғанда өзiмiздi қарттар үйiне апарып тастайтын бала тәрбиелеп жүргенiмiздi байқамайтын хәлге жеттiк. Өкiнiшке орай қазiргi кезде де жас отбасылардың басым бөлігі бір-екi баладан аса алмай отыр.
Тәуелсiздiгiмiздi алған ағыны қатты аударысы көп аз жылда төрткүл дүние түгелiмен Қазақстан деген мемлекет бар екендiгiн таныды.Құдайға шүкiр аяғымыз тұсаусыз басымыз бұғаусыз өз жерiмiзде өз елiмiзде өзiмiз би өзiмiз қожа өмір сүріп жатырмыз. Бір қарағанда қазан да май, шөміште май. Жемісі үзіліп,желбауы қиылмаған мамырстан өмір жалғаса беретіндей. Бiрақ кең байтақ жерiмiздегi ат төбелiндей аз қазақ жахандастыру кезеңiнде ұлт ретiнде жұтылып кетпей ме? Тiлiмiздi, дiлiмiздi ,дiнiмiздi сақтап қалуда сақтанудың жолы қайсы. Ғалымдардың болжамы бойынша осы жүз жылдықта жер бетiнде бес ақ тiл қалатын көрiнедi.Сол бес тiлдiң бiрi болып қала аламыз ба? Сараптап көрсек сақтанудың бiр жолы ол тасқынды демография екен. Дана халқымыз “Бұлақсыз көл суалады, баласыз ел суалады” деген. Көбеймесек көсегемiз көгермейтiнiн жақсы бiлген. Ғасырлар бойы соғысып жан берiп жан алған бабаларымыз шайқастан кейiн жұрттан бала жинап, қонысын көбейткен. Кең байтақ жерiн қорғап қалу үшiн осындай жолдарға барған. Жетiмiн жылатпаған жесiрiн қаңғытпаған. Бiлiмi жоқ болса да көрiпкел қарияларымыз демография деген ғылымды жақсы бiлген. Қалай сараласақ та аз бала туу мемлекетiмiзге де бір бала өсiрiп отырған ата анаға да тиiмсiз.Олай дейтiнiмiз жалғыз бала өсiру қартайғанда жалғыз қалудың кепiлi. Сондықтанда әулие бабаларымыз “Бiр баласы бардың шығар шықпас жаны бар, Екi баласы бардың өкпе бауыр жалы бар, үш баласы бардың Бұқарда құты, Хорасанда қолы бар” деген.Көп балалы болудың тағы да бiр жақсы қыры әйел адам көп балалы болған сайын жүрегi жұмсарып, аналық асыл қалпын ұстап тұрады. Ислам ғалымдары егерде от басында кем дегенде бес жылда бiр сәби туылып отырмаса, онда ол үйде ұрыс керiс көбейiп, дастархан басын берекесiздiк жайлайтындығын айтады. Ал ағылшын публицисi Джон Рескин “Егер күнадан пәк ,перiштедей таза бөпелер үнемi туылып отырмағанда,бұл әлем қандай қорқынышты болар едi” деген екен. Алайда, казiргi кезде алдымен жағдайымды жасайын. Баспанам болсын, көлік алайын , дұрыс жұмысқа орналасайын деп үйлену мәселесiн кейiнге қалдыра беру дәстүрге айналып барады. Оның үстiне «үйлену оңай үй, болу қиын» деп үйленбей жатып үйленудi қиындатып қоямыз. «Бірінші байлық денсаулық, екінші байлық ақжаулық» дегенді жылы жауып баспананың жоқтығын, жұмыссыздықты ,қаржының жетiспеушiлiгiн алға тарта береміз. Сонда үйленіп балалы болу байлардың ғана мүддесiне тиесiлi ме деп ойланып қаласың. Үйленетiндердiң үрейiн алатын келесi кедергi бала бағу.Тағы да сананы тұрмыс билеген көрiнiс.Сәбиге тамақ керек, киiм керек деп алдын ала шығар шығынды есептеу. Нарық заманы кіріс пен шығысты есептеуді үйретті. Бірақ бала бағуға кеткен шығынды үнемдеп үйiңiзге береке кiргiземiн деу бекершiлiк. Баладан қашу берекеден қашу. «Бесiксiз үйде береке жоқ» деп әулие аталарымыз айтып кеттi емес пе. Бiр жарым млрд Қытай, жүз елу млн Ресей демография деп басын ауырта қоймас, ал бiз өсiп өнуiмiз керек.Халқымыз толағайдай толымды болғанда ғана мәңгілік ел бола аламыз.

Жұмахмет Жайлаубаев
 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста