Алты балаға ана болған қыз

Алты балаға ана болған қыз

Бұл осыдан жиырма жыл бұрын болған оқиға еді. Тілшілік қадамымды енді бастап, алғашқы іссапарға ауылға аттанғанымда қуанышымда шек болған жоқ. Іссапардың алғашқы екі күні де көзді ашып жұмғанша өте шықты. Жиын-терін жайында жазып алған деректерімді қойын дәптерге түртіп алып, көңіл жайланып, енді ауылдың әңгімесін тыңдауға көшпеймін бе! Ұлының кәдімгідей журналист болып, ауылға газеттен келгеніне қуанып жүрген әкем бір әңгіменің шетін шығарды.
Пәлен деген бригадир пәлен гектардан пәленбай центнер астық алыпты дегенді жаза бермей, ел оқитын бірдеңе жазғаныңда дұрыс болар балам, - деді.
Ел оқитын не бар дейсіз? Оның үстіне редакцияның тапсырмасы да солай болып тұр.
Ана көрші ауылда бір әйел жеті баласын тастап, қала жаққа кетіп қалыпты, - деді шешеміз, - әкелері де өмірден өткеніне көп бола қойған жоқ еді. Шиеттей бала-шағаға обал болды. Не деген тас жүрек еді!
Елең ете қалдым. Ертеңіне таң азаннан әлгі ауылға тартқаным да есім де. Бардым. Көрдім. Білдім. Рас екен! Жеті баланы арақ деген әзәзілдің арқасында аңыратып кеткен ананы көрудің сәті түскен жоқ. Есесіне алты бауырына ана болып, он бес жасында ересектердей ерлік жасап жатқан қайсар қызды көріп қайтқанмын. Кейін республикалық «Қазақстан әйелдері» журналына «Алты балаға ана болған қыз» атты мақала жаздым. Үлкен резонанс туғызды. Жергілікті басшылар тірі жетімдерге назар аударып, шама-шарқынша көмектескені де есте қалыпты. Жуырда кездейсоқ сол қайсар қызбен кездесіп қалғаным бар. Қыз емес бүгінде сәлиқалы ана болыпты. Алты бауырының одан арғы тағдырын да сұрап қалдым. Ол да бір кітапқа жүк болатындай хикаят екен. Енді осы бір қайсар қыз бен оның бауырларының тағдыры жайлы «Астана» арнасының «Сырты бүтін...» бағдарламасынан көруге болатынын айтқым келеді.
Аталған бағдарлама әр жексенбі сайын 16:45 те сіздердің назарларыңызға ұсынылады.

Арман Сқабылұлы

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста