Алматы сыбайлас жемқорлыққа қарсы «Жолда қабылдау» акциясы өтті

Алматы сыбайлас жемқорлыққа қарсы «Жолда қабылдау» акциясы өтті

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес Алматы қаласында күннен-күнге жанданып келеді. Қылмыстың алдын алу шаралады жиі ұйымдастырылып тұрады. Осындай шараның бірі ретінде Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Алматы қаласы бойынша департаменті «Алматы қаласы бойынша көліктік бақылау инспекциясы» РММ бірігіп Алматы қалалық кәсіпкерлер палатасы, «Нұр Отан» партиясы АҚФ, БАҚ өкілдерінің қатысуымен «Жолда қабылдау» акциясы өткізілді, - деп хабарлайды Алаш айнасы.
Алматыда бұл ұйымдастырылған акцияның негізгі мақсаты – автомобиль жолдарындағы тасымалдаушылармен кездесу, әңгімелесу өткізу және жүргізушілердің құқықтарын, көліктік бақылауды жүргізу тәртібін, Қазақстан Республикасы заңнамасы талаптарын бұзған жағдайдағы тасымалдаушы процесінің қатысушыларының міндеттері мен жауапкершілігін түсіндіру және автомобиль жолдарының сақталуын қадағалау. Сонымен қатар көліктік бақылау органдарындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылы, отандық тасыладаушылардың мүддесін және көліктік бақылаудың тиімділігін арттыруды қолға алу.
Шарада, Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңының, Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы Стратегиясы туралы» Жарлығының, Инспекция қызметкерлерінің жұмысын реттеуге бағытталған басқа да заңнама талаптары түсіндірілді.
Жол қозғалысына қатысушылардың арасында көліктік бақылау саласындағы қозғалыс бойынша заңнама талаптарын орындау жөніндегі түсіндіру жұмыстары да акция барсында атқарылды. Сондай-ақ мемлекеттік орган жұмысындағы қоғамдық бақылауды күшейту қажеттілігіне орай, билік пен қоғам арасындағы диалог алаңын құру, азаматтардың сенімін қалыптастыру және байланысты нығайту қажеттігі басты назарда болды. Мамандар жолдағы құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында мұндай шаралардың маңызы зор дейді. Алмас АТЫШЕВ, Алматы қаласы жол-патрульдік полициясы қызметкері: - Соңғы жылдары елімізде жолдағы жемқорлықтың көрсеткішін төмендету мақсатында бейнебақылау камераларының санын көбейтіп жатыр. Бұл полиция қызметкерлерінің жұмысын жеңілдетумен қатар осы саладағы жемқорлық фактілерінің алдын алуға, полиция қызметкерлерінің атына кір келтірудің жолын кесуге де әсер етіп жатыр. Осы орайда осындай "Жолда қабылдау" секілді акциялардың да маңызы зор! Халықтың құқығының бұзылмауына да сенімін ұлғайта түсетін шара деп ойлаймын.
Сонымен қатар, шара барысында Сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға қатысты насихат жұмыстары да атқарылды. Көліктік бақылау бекеттерінде тасымалдаушылар тарапынан жиі орын алатын кең таралған құқық бұзушылық түрлері бойынша ақпараттық мәселені қамтитын буклеттер үлестірілді.

Таңат Жайлауов

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста