Рухты оятар ән қайда?

«Адамның жаны булығар еді ызадан, Қайғы мен мұңды қуып шықпасақ біз одан»...
...Кірлеген көңіл айнасын шайып, жанардан жас арқылы сыртқа шығарар бір құдірет болса, ол – поэзия, ол – ән. Әннің құдіреті сонда – өзінің дүниеге келген дәуірі мен сол тұстағы бүкіл елдің көңіл күйін, мұңы мен шерін жүрегіңе жеткізіп, тыңдаушыны сол заманның ортасына күмп еткізеді. «Қара таудың басынан көш келеді-ай...» деп басталғаннан-ақ «Ақтабан шұбырындының» қасіретін тартқан қазақ екенімізді сезіндіретін «Елім-айды» егілмей, сай-сүйегің сырқырамай тыңдау мүмкін емес. Осы секілді Тәуелсіздік түндігінің ашылуына түрткі болған Желтоқсанның да жан сыздатар жарасын жеткізетін әндер жадыңызда болар?..

Бір-ақ түнде ұлығымызды тағынан тай­дырып, ұлтымызды бағынан айырғы­сы келген үстемшіл саясатқа қарсы халық­тың ашу ызасы тұнып тұрған ән – «Қара бауыр қасқалдақ». «Иесіз қалған ұяның» «қаңғып келген шүрегейді» місе тұтпай, «қасқалдағын» жоқтаған зарлы әні сол кезде әр қазақтың әнұранына айналғандай еді. «Үш әріптің» күн-түн жұмыс істеп тұрған шағында бұл ән жайлы Колбиннің құлағына жетпеді деу күлкілі болар. Олай болса, «өлең авторы Есенғали Раушанов қа­лай қудалаудан аман қалды?» деген заң­­ды сұрақтың туары сөзсіз. Ақынды құтқар­ған тапқырлығы болса керек. «Бұл өлең не жайлы?» – деген Бірінші хатшының сұрағына ол: «Арал проблемасы», – деп жауап берген көрінеді.
Ал дәл 16 желтоқсанда алаңға шыққан жастардың аузында қандай ән жүрді? Түкі­рігің жерге түсіп үлгермей мұзға айна­ла­тын аязда кеуделерге от берген Шәмші Қал­даяқов пен Жұмекен Нәжімеденовтің «Ме­нің Қазақстанымы» болса, сондай-ақ оқиға ортасында жүргендердің айтуын­ша:
Қара түнек серпiлдi, серпiлдi,
Ұйқысынан ел тұрды, ел тұрды!
Атқа мiн, қазақ, атқа мiн,
 – деген тәрізді тағы бір ән әуе­ле­пті.
Желтоқсан тек Алматының алаңында ғана болды десек, қателесеміз. Сол тұста елдің барлық өңірлерінде өрімдей жастар толқыды. Тіпті жүрек толқынысын ән қы­лып төгіп, өлең қып өргендер бар. Мәселен, қазіргі күні Желтоқсанның ұранындай бо­лып кеткен «Желтоқсан желі» әннің авторы Әбиірбек Тінәлиевтің айтуынша, Алматы­ның қақ ортасындағы алаңдағы қанды қыр­ғын болған үш күннің екінші күні, яғни 1986 жылдың 17 желтоқсанында жазы­лып­ты. «Ол кезде мен Жамбылда тұратын едім. Бізді Алматыға жібермеді, сол себепті біз қапалы күйде үйімізде отырдық, сол үшін әлдекімдерге ренжідік... Сол кезде туған ән еді – бұл. Ақын Әбдірахман Асыл­беков ағамызды тауып алып, әлгі әнге сөз жазғыздық», – деп еске алады автор.
Отан жайлы шырқағанда жүрегіңді жұлып алардай әндер де көп болды, олар керемет дәріптелді де. Солардың бәрі дерлік мемлекеттік тапсырыспен жазылса да, әлі күнге – ел аузында. Ал қазір қарап тұрсақ, адамдар үшін патриотизм онша­лық­ты қымбат құндылық болмай бара жатқандай. Біз мұны елге, жерге деген пер­зенттік сүйіспеншілікті білдіретін әндер­дің аз шырқалуына қарап айтып отырмыз. Әнұранды қоспағанда, «Әлия», «Атаме­кен» секілді әндерді саусақпен санап беруге болатындай. Осы орайда «біздің сазгерлер неге осы тақырыпта бел­сен­ділік танытпайды?» деген сұрақ туын­да­ды. Кейінгі кездері «Ақ шағала», «Қазақ­стан – елім менің» секілді марш ек­пін­ді әндері Қарулы Күштеріміздің аузын­да жүр­ген композитор Қайрат Жүнісовке хабар­ласқан едік.
Қайрат Жүнісов, сазгер:
– Қазір біздің кеудедегі рухымыз асқақ шыңынан көріне алмай тұр-ау шамасы, себебі патриоттық тақырып­тағы әнге деген орындаушының да, тыңдаушының да қызығушылығын онша аңғармай жүрмін. Сондықтан «тың­даусыз қалған сөз – жетім» дегендей, шығарушының да ондай туынды тудыру­ға ықыласы болмасы сөзсіз. Әншіні асырап отырған халық болған соң, сол көпшілік қауым нені қалайды, соны орын­дауға мәжбүр. Той әндерінің дәурені жүріп тұрғаны да – сол халықтың сұранысынан туған іс. Қалай дегенмен де, бұлай қамсыз отыра беруге болмай­ды, бәлкім, байқаулар ұйымдастыру керек пе, әйтеуір, бойдағы отаншылдық сезімнің ұйықтап кетпеуін қадағалау керек қой.
Бүгінде Түркі мәдениеті халықаралық ұйымының – ТҮРКСОЙ-дың Бас хатшысы Дүйсен Қасейінов еліміздің мәдениет министрі болған тұсында патриоттық әндер байқауын өткізуді қолға алып, «Бесік жырынан бастап, балабақша, мектеп, үйле­ну тойы, әскерге шығарып салу кеші, сарбаздар қатарында, ең аяғы дастарқан басындағы әндерден біз өз ұлттығымыздың бастауын көруге тиіспіз», – деген болатын.

Түйін:
Ендеше, солай етуге бізге не кедергі? Әлде әлемді жайлаған эгоцентризм мен космополитизмнің әсері ме? Егер сенде Отан болмаса, ел-жұрт болмаса, ондай өмірдің не құны бар? Сондықтан еңбектеген сәбиден еңкейген кәріге дейін, ең алдымен, басты құндылық ел, егемендік болса керек-ті. Әйтпесе Отанға деген махаббаты жоқ жүректен не пайда? Азаттыққа ұмтылған шақта денеміздің сол жақ тұсынан дүр сілкінген рухты қайта қалғытып алмауды неге ойламаймыз?

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста