1991 жылы 16 желтоқсанда сіз қандай қызметте едіңіз және осынау қуанышты сол күні есте қаларлықтай атап өте алдыңыз ба?

1991 жылы 16 желтоқсанда сіз қандай қызметте едіңіз және осынау қуанышты сол күні есте қаларлықтай атап өте алдыңыз ба?


Қасым-Жомарт ТОҚАЕВ, БҰҰ Бас хатшысының орынбасары, БҰҰ-ның Женевадағы бөлімшесінің Бас директоры:
– Ол тұста мен одақтық министрлік шаңырағынан атта­ну қамымен Мәс­кеу­де едім. Халқымыз аңсаған, арманға толы жаңа дәуір келді. Аянбай еңбек етіп, бар күш-жігерімді туған елім – Қазақстан игі­лігіне аямай жұмсар сәт те туды. Сон­дықтан байырғы таныстарыммен қоштасуға көн­дігіп, қажетті құжаттарымды рәсімдей бастадым. Қайда кірмесем де: «Егемендік парадынан ештеңе шықпайды. Бәрі де Ресейден республикалардың халықара­лық арена­лардағы мүдделерін білдіруді сұрай­тын болады, өйткені бізде дайын инфра­құ­ры­лым, дайын кадрлар бар ғой», – деп мені үгіттеуге тырысты. Отаныма қайтып оралмау үшін, менің бұрынғы басшыларым­ның пікірінше, олардың мені Ресейдің Бас консулы етіп Хайфонға (Вьетнам) жіберу жө­нін­дегі ұсынысы мықты уәж болуға тиіс еді. Бірақ мен үзілді-кесілді шешім қабыл­дап, бұл ұсыныстан бас тарттым.
(Естелік Қ.Тоқаевтың «Беласу» кітабынан алынды)



Әбдіуақап ҚАРА, Түркиядағы Мимар Синан көркемөнер университетінің профессоры, тарих ғылымының докторы, шоқайтанушы ғалым:
– Қазақстан 1991 жылы 16 жел­тоқ­санда Тәуелсіздік жариялағанда Гер­манияның Мюнхен қаласында «Азаттық» радиосында қызметте едім.
Тәуелсіздік жарияланғандағы қуаныш сезімімізді айтып жеткізу мүмкін емес. Өйт­ке­ні бұл шетел қазақтарының қаншама жылдан бері сағына күткен арманы еді. Адамның шетте жүріп, өзінің туған Отанына бара алмауынан, отандастарымен кездесе алмауынан өткен қиыншылық жоқ шығар. Шетелде, әсіресе Еуропада ол кезде әр нәрсеңіз бар. Ақша бар, машинаның әде­місі бар, жегені – алдында, жемегені – ар­тында. Ешқандай кемшілік жоқ. Қайда ба­ра­­мын, қыдырамын десең – өз еркің. Бі­рақ сонда да бір нәрсе жетпей тұрғандай сезіледі. Ол – Отан. Отаннан жырақта бі­реу­­дің үйінде қонақта жүргендей болады екен­сің. Тамағыңыз тоқ, көйлегіңіз көк бол­са да...
1991 жылға жеткенде Кеңес Одағының шаңырағы шайқала бастады. Республи­ка­лар бір-бірден Одақтан айырылып, тәуел­сіздіктерін жариялап жатты. Тек Ресей мен Қа­зақстан қалған. Алаңдаймыз, не болды? Қа­шан Тәуелсіздікті жариялаймыз дейміз? Ақы­рында жылдар бойы сағына күткен хабар 16 желтоқсан күні Мюнхен уақыты бо­йынша сағат 15:00 шамасында жетті. Қа­зақстан Жоғарғы Кеңесі Тәуелсіздікті жа­рия­лаған еді. Іле-шала артынан екі сағат өт­пей жатып Түркияның Қазақстанның Тә­уел­сіздігін таныған хабары да жетті. Қуа­нышымызда шек жоқ еді. Айлар бойы осы хабарды тағатсыздана күтіп жүрдік емес пе?! Сондықтан сол күнгі қуанышымызды, бақыт сезімімізді тілмен айтып жеткізу мүмкін емес.
Иә, редакцияда өзімізше үлкен той жа­садық. Бас редакторымыз Хасен Оралтай, орынбасары Мұхабай Енгин және Махмет Құлмағам­бетов, Талғат Қошжігіт, Әлихан Жаналтай, Әбдіқаюм Кесижи, Нұр Пынар, Исмет Бишер, Өмірхан Алтын, Суат Темиз, Гүлхан Гайретолла сынды «Азаттық» радио­сындағы қазақ қызметкерлерінің қуаны­шын­да шек жоқ еді. Сөйтіп, қазақ халқының сан жылдар армандаған Тәуелсіздігіне, бірнеше ай бойы сағына күтсек те, әйтеуір, қол жетті. Бірнеше ғасыр күткен Тәуелсіздікті бірнеше ай көбірек күтудің артықшылығы жоқ еді. Мәселе – басқаларға қарағанда бір-екі ай кешігіп Тәуелсіздік жариялауда емес, мә­се­ле сол Тәуелсіздікті мейлінше қантөгіс­сіз, бейбіт түрде, саяси шеберлікпен жа­рия­лау­да болып отыр.



Сауат МЫҢБАЕВ, ҚР мұнай және газ министрі:
– Тәуелсіздік жарияланған кезде мен бизнеспен ай­налысып жүргенмін. Біз жігіттермен жи­на­лып, биржа құ­рып, сонда болдық. Дәл сол кезде Қазақ елі Тәуелсіздік алды. Әрине, оны естіп, біз қатты қуандық. Сонда Тәуелсіздікті терең­дей түсіндік деп айта алмаймын. Бәріміз жас болдық. Дегенмен оның не екенін кейінірек түсіндік десем дұрыс болар еді. Меніңше, барлығы да осындай сезімде болды. Бәлкім, сол кезде күйбең тіршіліктің қамымен жүгіріп жүргеннен кейін, Тәуел­сіздіктің мәнісіне жете алмаған шы­ғар­мыз. Мен өзім оның мән-маңызын мемлекеттік қызметке келгенде ғана сезген сияқтымын. 1995 жылдан бері мемлекетке қызмет еткеннен бастап бұл сезім күшейіп, арта түсті. Ел аман, көңіл дұрыс болсын!

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста