«Бәйтеректің» баламаларын бірізділікке түсірсек...

Эйфель мұнарасын көрсек, басқа емес, бірден француз елордасы Париж еске түседі. Сол секілді, Италияның символы – етік. Болмаса, қолын көкке көтерген «Бостандық cтатуясы» сөзсіз АҚШ-қа жол сілтейді. Ал Қазақстанды еске салатын не десек, әрине, бірден Астана және оның символы Бәйтерек ойға оралады. Елордамыздың төріндегі осы бір сәулет өнерінің ғажайып туындысы кісі сүйсінерліктей. Төбесіндегі шарымен бірге алғанда биіктігі 105 метрді құрайтын туындының авторы атақты ағылшын сәулетшісі Норман Фостер.


Бүгінде көбіміз қит етсе, «бізде ұлттық идеология жоқ» дегенді алға тартып шыға келеміз. Бірақ сол ұлттық идеологияның қандай болуы керек, қалай жүргізілуі керек дегенге, шынын айту керек, сол көбіміздің өреміз жете бермейді. Алайда осы тұста айта кетерлігі, елордамыздың төріндегі ғимараттарға қарасақ, олардың пішіні мен идеясына терең мән берсек, біз «әлгіндей сөз айтқанымыз асығыстық болған жоқ па өзі?» деп қалатындаймыз. Себебі Астананың айшықты ғимарат­тарының дені қазақтың аңыз-әпсана, яғни ұлттық дүниетанымын темірқазық ете отырып салынған. Олардың барлығына бірдей тоқталуға, сірә, бір мақала жете қоймас, біз бүгін «Астана-Бәйтерек» символының төңірегіндегі түйткілдерге үңілсек.
«Бәйтеректің» өзінде мін жоқ, оның сәулеті мен идеясы естіген жанды көруге ынтықтырып, көрген жанды өзіне қайтып оралуға мәжбүрлейтіндей. Себебі ол ойдан шығарылған символ емес, өзіміздің ғасырлар бойы санамызға сіңіп, ешбір тылсым күш ығыстырып шығара алмастай бекініп алған аңыз-әпсанадан алынған. Негізі, бәйтерек – шын өмірде жоқ, таза қазақы аңыздағы Өмір ағашы. Аңызға құлақ ассақ, алып ағашқа жыл сайын қа­сиетті құс – Самұрық жұмыртқа (Күн) са­лады. Бірақ жыл сайын ол жұмыртқаны бәйтеректің түбінде аңдып жатқан Айдаһар жұтып қояды. Айдаһар – жаз бен қыстың, күн мен түннің, жақсылық пен жаман­дық­тың алмасып келуін бейнелейтін символ. Ал енді ағаштың өзіне келсек, бәйтеректің тамыры – жерасты, діңгегі – жерүсті, ұшар басы – аспан әлемін бейнелейді. Ал енді түйткіл неде?
Егер сіз Алматы мен Астанадан жырақ облыстарға, ондағы елді мекендерге шық­қан болсаңыз, онда «Астана-Бәйтеректің» көшірмелерін көрген боларсыз. Олар тура түпнұсқадай болмаса да, жасалған ма­териалы сапалы, пішіні де симметриялы, бас-аяғы жинақы, көрер көзге сүйсініс туғызса игі ғой. Өкінішке қарай, біз осы айтылған сипаттарға кере­ғар, қиқы-жиқы, бояуы келіспеген, сүйегі, яғни жасалған материалының сапасы да сын көтермейтін «Бәйтеректерді» көрген­де, амал жоқ, «мынау «Бәйтерекке» паро­дия ғой?!.» демеске лаж жоқ. Пародияны білесіздер, күлкі шақырып, көрерменін күлдіруді мақсат ететінін. Еш айна-қатесі жоқ, елді мекендердегі «Бәйтерек» атау­лыны көрген адамның оның түп­нұсқасын көруге ынтызарлығы аумайды, керісінше, көңілі кілт суитындай. Кей ауылдарда ойлы-қырлы жерлерде картон секілді қауқылдақ қағаздан немесе пенопласттан жасай салған «Бәйтеректер» де бар. Енді бір елді мекендерде ол тіпті мал өрістен қайтатын жолда тұр. Яғни еліміздің сим­волы «Ас­тана-Бәйтеректің» «паро­дия­лары» іспетті ескерткішсымақтардың сапа­сыздығы өз алдына, санитарлық жағдайы сын көтермейтіндей халде деуге негіз бар. Осы орайда Эйфель мұнарасын мысалға келтірсек. Ол салынғалы бері қанша ғасыр алға озса да, әлем жұртшылығы әлі күнге сол бір ғажайып сәулет өнерінің туын­дысын көзбен бір рет көруді армандап, Парижге жол тартып жатады. Мұның бір құпиясы Эйфель мұнарасының көшірме нұсқасын жасауға анау-мынауға рұқсат етіле бер­мейтіндігінде де жатса керек. Бұл жерде айтпа­ғымыз, біз де «Астана-Бәйте­ректің» көшірме нұсқасын жа­сауға шектеу қояйық деген сөз емес. Алайда ойланбасқа бол­майды. Себебі символ – ойын­шық емес, ол рәміздерден кейін­гі, тіпті соларға жетеқабыл орын­ға лайық, соншалық құр­метке лайық қой. Жарайды, Ту, Елтаңба немесе ақшаны көшіріп басу секілді «Астана-Бәй­те­ректің» көшірмелерін орнату заңмен қудаланбаса, яғни ты­йым салынбаса да, бізге оның нақты стан­дарттарын белгілеу керек секілді. Ең бірінші ескерт­кіштің сапасы, екіншіден, оның көлемі мен мөлшері, үшіншіден, орналасатын жеріне қатты мән бермесек, жоғарыда аталған жайттар «Астана-Бәйтеректің» қадірін түсіруге белгілі дәре­жеде ықпал етері сөзсіз. Ендеше, біз еліміздің басты символына дақ түсірмеудің, қадірін кетірмеудің қамын ойласақ. Астанаға аяғы жете бермейтін алыс ауыл­дардағы Алаш баласының «Бәй­теректі» көруге деген ынтызар­лы­ғын басып тастайтын көшірме нұс­қаларына бей-жай қарамасақ. Қазақ­ша айтқанда, «Әжептәуір ән еді, пұшық айтып қор қылдының» кері келмесе игі. 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста