Солтүстік Имантау-Шалқар курорт аймағын дамытып, туристерді көптеп тартпақ

Солтүстік Имантау-Шалқар курорт аймағын дамытып, туристерді көптеп тартпақ

Солтүстік Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң отырысында өңiр басшысы Құмар Ақсақалов облысқа келетiн қонақтар мен туристердің көбiсi Имантау-Шалқар курорт аймағы туралы бiлмейтiндiгiн айтты, - деп хабарлайды Алаш айнасы.

«Мен бiзге келетiн қонақтардан Имантауға және Шалқарға бардыңыздар ма деп сұраймын. Олардың 90 пайызы жоқ деп жауап қатады. Бұл жарнаманың жоқтығынан, интернетте белсендi жұмыс жүргiзу керек. Басшылар өздерi осы жерлерге барып, аяқтарымен жүрiп өтсiн. Қазiр осы жиналыста сауалнама жүргiзе бастасам, кейбiреулерiңiз бармаған болып шығарсыздар», — деп атап өттi Құмар Ақсақалов.

Қазiр облыста туризм саласы жақсы қарқынмен дамып келедi. Статистикаға сүйенсек, былтыр облысқа келген туристердiң саны 56% артып, 63 мыңнан аса адамды құрапты. СҚО әкiмiнiң орынбасары Дәурен Жандарбектiң айтуынша, туристер негiзiнен Ресей, Өзбекстан, Қытай, Қырғызстан, Түркия, Украина және Германиядан келедi екен. Биыл облыс басшылығы Имантау-Шалқар курорт аймағын дамыту арқылы туристердiң санын одан әрi көбейтудi көздеп отыр. Тек осы аймақтың жолдарын жөндеуге 3,2 млрд. теңге қаржы бөлiндi.

Айыртау ауданында тарихи, емдiк, спорттық, аң және балық аулау туризмi жақсы дамып келедi. Былтыр 106 миллион теңгеге 53 жазғы үйлер тұрғызылды. Туризмдi одан әрi дамыту мақсатында 65 гектар алқапты алып жатқан 11 жер үлесi бөлiндi. Биыл курорт аймағында 10 заманауи демалыс базалары салынбақ. Инвестициялардың жалпы көлемi 411 миллион теңгенi құрайды. Аталмыш аймақта көптеген коттедждер, жазғы үйлер, дәмхана және дүкендер бой көтередi. Шалқар көлiнiң жанында автокараванингты дамыту көзделген. Яхта және желкен спортын дамыту да жоспарланып отыр.

Таңат Жайлау
Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста