Сарыкөл ауданында балалар аймақтағы тарихи орындарға экскурсия жасады

Сарыкөл ауданында балалар аймақтағы тарихи орындарға экскурсия жасады

Қостанай облысы, Сарыкөл ауданында киелі саналатын тарихи орындар баршылық. Көпшілікті осындай айрықша орындамен таныстыру туризмнің жандануына да ықпал етері сөзсіз. Әсіресе балалардың жазғы демалысында аймақтың ерекшеліктерімен таныстырып шығу, балалардың туған жеріне деген сүйіспеншілігімен, отансүйгіштігін нығайтып, өскен өңірлерінің ерекшеліктерін біліп, оларды насихаттауы көзге көрінбес үлкен нәтиже беретін жұмыс. Бұл да туризм саласын оның ішінде ішкі туризмді дамыту үшін атқарылған істің бірі деуге болады.
Биылғы оқу жылының аяғында Қостанай облысында балалардың жазғы демалысын ұйымдастыру кезінде туристік-өлкетану жұмысын дамытуға ерекше көңіл бөлінетіні айтылған еді. Оны кәмілетке толмағандардың істері жөніндегі комиссия отырысының барысында облыстық білім беру басқармасының басшысы Бәтима Даумова мәлімдеген болатын,
Әңгімені бұлайша тарқатып отыруымыздың себебі Сарыкөл ауданында осындай игі іс атқарылып жатыр. Осы орайда «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалының өкілдері және белсенділері, «Жас Отан» жастар қанаты мен «ДИС» еріктілер орталығының өкілдері партиялық жоба аясында көпбалалы және аз қамтылған отбасылардан шыққан балалар үшін аймақтың тарихи орындарына экскурсия ұйымдастырды.
Ең алдымен экскурсиялық топ Крыловка ауылының жанында орналасқын қасиетті орындарды аралап, танысып шықты. «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Геннадий Батуринец осы жайында айта келіп аудандық филиал белсенділерінің арқасында балалар ауданымыз үшін тарихи құндылығы бар қасиетті орындарға барып, олардың тарихымен танысуға мүмкіндік алды деп атап өтті өз сөзінде.
Сонымен қатар, саяхат барысында балалар мен жас буын өкілдері сол орындардың маңындағы территорияларды қоқыстан тазалауға ниеттерін білдіргенін де қуана жеткізді Геннадий Батуринец.
Саяхатқа қатысушылардың айтуына қарағанда, олар үшін ең қызықты мәдени нысан Барақ батыр кесенесі болыпты. Батыр кесенесі 1996 жылы Сарыкөл ауданы Крыловка ауылынан солтүстікке қарай 15-16 шақырым жердегі әулие Барақ Қарабалуанұлының моласының орнында салынған еді. Тарихи деректерге сүйенсек Барақ батыр Емельян Пугачевтің басшылығымен өткен шаруалар соғысына, кейін Сырым Датұлы бастаған ұлт-азаттық қозғалысына қатысып, асқан ерлігімен танылған екен.

Көптеген тарихи орындармен таңысып шыққан жеткіншектер, болашақта осындай пайдалы экскурсиялар көптеп ұйымдастырылса деген ниеттерін білдірді.

Нұрлы Еділов

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста