Қызылордада туристерді қызықтыратын орындардың интерактивті картасы жасалып жатыр

Қызылордада туристерді қызықтыратын орындардың интерактивті картасы жасалып жатыр

Замана көшіне ілесу үшін ғылым мен техниканың соңғы мүмкіндіктерін пайдаланып, уақытпен жарысып отыруға тура келеді. Осы мақсатта елімізде Елбасының бастамасымен «Цифрлы Қазақстан» бағдарламасы жүзеге асырылуда. Барлық саланы цифрландыру өмір сүруді жеңілдете түсері сөзсіз. Сондай салалардың бірі туризм саласы. Бұл саланы дамыту үшін елімізде туристік саланы дамытудың 2023 жылға дейінгі тұжырымдамасы бар. Ал цифрландыру туризм саласының қарқынды түрде дамуына ықпал ете түсетіні айқын. Осы ретте елімізде «Қазақстанның киелі жерлерінің географиясы» мен тарихи-мәдени мұраларымыздың картасы жасақталып жатыр.
Еліміздің барлық аймағында атқарылып жатқан осындай шаралар Қызылорда облысында да қолға алыныпты. Қызылорда облысы тарихи-мәдени мұрасының 3D-форматты интерактивті картасын жасақтамақ. Бұл деректі біз Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында Қызылорда облысының әкімі Қырымбек Көшербаев жасаған баяндаманы тындағанда білдік. Конференция «Рухани жаңғыру» бағдарламасының аймақта орындалуы барысы жөнінде өткен болатын.
Аймақтағы тарихи-мәдени мұраларымыздың картасы осы жылдың, яғни 2018 жылдың аяғына дейін толық жасақталып бітеді деп жоспарланып отыр. Интерактивті картаға республикалық және жергілікті маңызы бар 150 ескерткіш кіргізілмек. Өңірде «Қазақстанның киелі жерлерінің географиясы» бағдарламасының бірінші кезеңі іске асып болды. Оған 12 жалпыұлттық және 35 облыстық тарихи-мәдени ескерткіш енгізіліп отыр. Сонымен қатар Қазақ хандығының тұңғыш астанасы Сығанақ пен Жанкент, Сортөбе, Жент, Шірік-Рабат пен Кердері кесенесіне археологиялық зерттеулер жүргізіліп, құнды деректер толыға түсті.
Ауыз толтырып айтар тағы бір жаңалық «ЮНЕСКО ұйымы Бүкіләлемдік мұрасының» алдын-ала жасалған тізіміне Қызылорда облысынан 9 ескерткіш енгізіліпті. Атап айтсақ олар – Сығанақ, Жанкент, Кескен-күйік, Шірік-Рабат, Бәбіш мола, Жент, Баланды, Жетіасар мәдениетінің ескерткіштері мен Сауысқандық петроглифтері екен.
Баспасөз мәслихатында аймақта атқарылып жатқан көптеген мәселелер айтылды. Облыстағы туристік орындардың жай-күйі де сөз болды. Сонда байқағанымыз отандық және шетелдік туристер Қармақшы ауданындағы Қорқыт ата мемориалдық кешені мен этноауылға қатты қызығушылық танытады екен.
Қорқыт ата мемориалдық кешені өткен жүзжылдықтың сексенінші жылдары салынып, 2014 жылы Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасымен толық қайта жөндеуден өткізілген еді. Сол кезде зиярат ету орталығы да салынды. Содан бері аталмыш бірегей кешен адамдардың қастер тұтар қасиетті орнына айналып аймаққа туристерді көптеп тартуда. Көненің көзін кие тұтар туристер бұл жерге ат басын бұрмай кетпейді. Тағы бір тиімді тұсы мемориалдық кешен «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» халықаралық автожолының бойында орналасқандықтан, келіп жатқан туристер саны жыл сайын артып келеді.

Кешенді көрген сайын маған қобыз сарыны ұлы дала төсін мәңгілік тербетіп тұрғандай әсер етеді. Жел үнінен сезілетін қобыз сазы келген туристерді сиқырлы сезімге бөлей түседі. 

Міне осындай киелі жерлерге, тарихи орындарға толы Қызылорда облысында туризм саласының болашағы зор екеніне сеніміміз мол.

Таңат Жайлауов

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста