Петропавл қаласының туристік нысандарына көп көңiл бөлiнбек
Солтүстік Қазақстан облыстық әкiмдiгінде аймақ басшысы Құмар Ақсақаловтың төрағалығымен қала құрылысы кеңесiнiң отырысы өттi. Жиында облыс орталығын көркейту, сәулет мәселелерi қаралып, даму перспективалары анықталды, - деп хабарлады Алаш айнасы.
Биыл Петропавл қаласы қатты өзгерiске ұшырайды. Қаланың құрылысы кешендi түрде жүргiзiлмек. Қалада шағын сәулеттiк формалар және инсталляциялар қойылады. Бұл жұмысқа үздiк дизайнерлер мен оқу орындары тартылады. Салынып жатқан тұрғын үй кешендерiнде жаяу жүргiншiлер аймақтары және аллеялар пайда болады. Биыл қаланың туристiк нысандарына да көп көңiл бөлiнедi. Облыс әкiмi облыс орталығы күн санап көркейiп, жайнай түсу керектiгiн баса айтты.
«Бiздiң туристiк нысандарға ботаникалық бақ пен аквапарк кiредi. Бақтың құжаттарын тiркеп болғасын, ол қалалық бiлiм бөлiмiнiң құрамында болады. Оранжереяны дамытамыз. Бақ пен аквапаркты бiрегей кешен қылып, қосамыз. Оған қоса, аумағын ұлғайтып, жануарлар бағын жасаймыз. Бұл жер балалар мен ересектердiң сүйiктi жерiне айналуы тиiс», — дедi Құмар Ақсақалов.
Сондай-ақ, Петропавлда тақырыптық аялдамалар қойылады. Заманауи аялдамалар мұз сарайы, стадион, кiтапхана, мектеп және театрдың көркiне айналмақ.