Нұр-Сұлтан - Сеул рейсі қашан ашылады

Нұр-Сұлтан - Сеул рейсі қашан ашылады

Қазір Кореяның Сыртқы істер министрлігімен Нұр-Сұлтан - Сеул тікелей рейсін қайта ашу үшін келіссөз жүргізіліп жатыр. Бұл туралы Корея Республикасының Қазақстандағы елшісі Ку Хонг-сок журналистермен кездесуде мәлімдеді, - деп хабарлайды Kaz.tengritravel.kz.

"Пандемияның ауыр кезеңі бәсеңдегеннен кейін Корея Республикасы әлемдегі 30-дан астам мемлекетке ғана Кореяға визасыз кіру режимін қайта ашты. Соның ішінде Қазақстан Республикасы да бар. Сонымен қатар, біздің елдер үшін екі ел арасында адамдардың қарым-қатынасы маңызды, яғни туристік байланыс. Сондықтан біз қазір Корея мемлекетінің Сыртқы істер министрлігімен екі астана арасында әуе қатынасын ашуды қарастырып жатырмыз. Қазіргі жоспарымыз осындай", – деді елші.

Айта кетейік, қазір екі ел азаматтары үшін тікелей тек Алматы - Сеул рейсі қатынайды.

Сонымен қатар, дипломат Қазақстанның бірқатар қаласында болғанын, оның ішінде Шығыс Қазақстанның табиғаты ерекше екенін атап өтті.

"Қазақстанның бірнеше өңірінде болдым. Соның ішінде Шығыс Қазақстанды көрдім. Шынымен, ол жердегі табиғи сұлулықтың шегі жоқ. Ал, Кореяға барсаңыз, Пусан қаласы мен Чеджудоға барсаңыз да сондай табиғатқа куә боласыз", – деді Ку Хонг-сок.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста