Электронды карта туристерге аймақты аралап шығуға жеңілдік тудырады

Электронды карта туристерге аймақты аралап шығуға  жеңілдік тудырады

Алматы облысында «Қазақстанның киелі жерлері» жобасы бойынша  58 нысан іріктеліп, оның 17-сі республикалық және 41-і облыстық тізімге кіргізілді. Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында өткен брифингте облыс әкімі Амандық Баталов осындай мәлімет айтты, - деп хабарлайды Алаш айнасы.

Бүгінгі күннің талабына сай цифрлы технологияның жетістіктерін пайдаланып, «Ескерткіштердің электронды картасы» жасалған. Оған Алматы облысындағы 2343 ескерткіш кіргізілген. Бұл карта арқылы тарихи, мәдени, табиғи ес­­­кер­ткіштердің, киелі нысандар­дың толық мәліметін алуға болады, - деп хабарлайды Алаш айнасы.

Осындай ақпараттық-технологияны енгізу саяхатшыларға, туристерге аймақты аралап, танысып шығуға көптеген жеңілдік тудырады. Міне бұндай жағдайда облыстың туристік бағыттарына орнатылған навигациялы 255 QR сілтемелері және «Жетісу 360» жобасы аясында облыс музейлеріне 3D-тур жасауға толық мүмкіндік бар деп айтуға болады. Үйде отырып кез келген гаджеттен zhetysu360.kz сілтемесіне кіріп виртуалды түрде қызықты саяхат жасап шыға аласыз.

Сонымен қатар, аймақта «Жетісудың географиялық қауымдастығы» құрылып, Жетісу скретч-картасы жасалыпты. Бұл арқылы кез келген  адам өзінің жеке картасын түзіп, Жетісу жерін тамашалап, емін-еркін саяхат шығуға болады.

Өңір басшысы Амандық Баталов «Жаңа технологияны жетік меңгерген жастар осы іске белсене араласып, өз жобаларын жүзеге асыруда. Мәселен, облысымыздағы Сүлеймен Демирел университетінің студенттерімен бірлесіп «Жетісудың қасиетті жерлері» атты үш тілде iOs және Android мобильді қосымшалары іске қосылды», - дейді.

Нұрлы Еділов

 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста