Бурабай курортының аумағында неолит дәуiрiнiң этно-саябағы салынбақ

Бурабай курортының аумағында неолит дәуiрiнiң этно-саябағы салынбақ

Көкшетау адам баласын сұлулығымен сұқтандырып, тәкаппар болмысымен тамсандырып келе жатқан киелі мекен. Сәкен Сейфуллин «Арқаның кербез сұлу Көкшетауы, дамылсыз сұлу бетін жуған жауын» деп бекер жырламаса керек. Елімізде туризм саласын жандандырудың 2023 жылға дейінгі тұжырымдамасында осындай ажарлы мекендерге туристерді көптеп тарту жағы баса айтылған.
Ақмола облысындағы Көкшенің жасыл желек жамылған сұлу бейнесі бір көрген адамды өзіне ғашық етпей қоймайды. Емдік қасиеті де ерекше. Салқын да саф ауасы адам жанын желпіндіріп, көңілінді көркейте түседі. Қарағайдың бүршіктері мен шайыры бронхит, өкпе ауруларына ем екен. Ал қылқаны С дәрумені жетіспегенде және алдын-алу үшін пайдалы. Қарағайдың қара майын тері ауруларына жақпа май ретінде де пайдаланады дейді мамандар.
Міне осындай көптеген қасиеттеріне, сұлулығына бола аймақтағы Бурабай курортына келіп ем алушылар, туристер өте көп. Сонымен қатар Көкшеде тарихи-мәдени орындар да баршылық. Бұндай киелі орындар туристердің қызығушылығын арттыра түседі. Осы жағын ескерген аймақ әкімдігі туристік орындардың жай-күйіне баса мән беріп келеді. Ақмола облысының әкiмi Мәлік Мырзалин жұмыс сапарымен Бурабай ауданында болып, бірқатар мәселелермен танысты. Ең алдымен Бурабайда «Қазақстанның рухани қасиеттi жерлерi» жобасының аясында іске асырылып жатқан Ботай мәдениетiн реконструкциялаудың жұмысын көрді.
Әкімге жұмыс барысын таныстырған облыстық тарихи-өлкетану музейiнiң директоры Қуаныш Шақшақов «Ақылбай» орман шаруашылығының аумағындағы Жеке батыр тауының етегiнде визит-орталық орналастырылатын айтып өтті.
Музей директорының айтуынша бүгінгі таңда көне заманның 7 баспанасын қалпына келтiру жұмыстары атқарылып жатыр екен. Әрқайсысының көлемі 8-10 диаметрдей болады. Терең қазылған шұңқыр көне үйлердің негiзгі бөлігі болып, оның үстiнен бөренеден күмбез тұрғызыламақ. Ал күмбезі шөппен және мүкпен көмкеріліп, жабылады. Оның үстiнен саз бен саман және шым төселмекші. Жеті тұрғынжай жерасты жолы арқылы бiр-бiрiмен қосылып тұрады. Және де бірі-біріне ұқсамайтындай ерекшеліктері бар. Мысалы бiр мекен-жайда әдет-ғұрып көрініс тапса, ал тағы бірінде сол кезеннің кәсiбін көре аласыз. Әр тұрғынжайда сол заманның қару-жарағы, ас-ауқаты, қымыз сияқты сусындарды дайындау тәсілдері көрініс таппақ.
Былтыр бұл жұмыстың жобасы белгіленіп, күз айында аймақ әкiмдiгiнiң және ХХ ғасырдағы Ботай мәдениетi археологиялық жаңалықтары авторларының бiрi, тарих ғылымдарының докторы, археология саласының ғалымы Виктор Зайбертпен келісім жасалынған болатын.
Көне заманда жабайы жылқыларды ең алғаш қолға үйрету еліміздің солтүстiгіндегі аймақта болғанын ғалым ерекше атап өтті. Бұл дерек халықаралық ғылыми қауымдастықта да дәлелденіп отыр.
Бұл визит-орталықты яғни Ботай мәдениетiн  қазіргі таңдағы дала өркениетiнiң матрицасы ретінде айтуға болады. Жоба алғашқы Ботай мәдениетiнiң брендiн мәңгiлiкке сақтап және дамыту үшін керек екенін де ғалым ерекше атап өтті.

Ғалымның айтуына қарағанда қазақ халқының шығу тегi, яғни мәдениетiнiң бастамасы қолға үйретілген жылқы деуге болады. Бұл жаңа дәуiрдегі көлiк коммуникациясының бастамасы. Қазіргі таңда батыс елдерiнiң ғалымдары Ботай мәдениетiн зерттеу үшін белсендiлік танытуда. Ғалымның сөзінен андағанымыздай бұл дерек американың мектептерiнде де оқытылады екен. Ең алдымен Ботай мәдениетi өз этносымыздың, яғни 6 мың жыл бұрын қазақ мәдениетiнiң негiзi қаланғанын сезiніп, ұғынып алу үшiн қажет екенін де баса айтты археология профессоры.
Ғалым Виктор Зайберт «Бұл қазiргi таңдағы бiздiң барлық зерттеулерiмiзде айтылып, көрiнiс тауып келеді», – дейді.
Осы жоба туралы фильм де түсірілуде. «EQUUS» деректi кинотрилогиясының продюсерi Нұрбол Баймұқанов. Продюсердің айтуынша фильмде ежелгi заманның, ата-бабаларымыздың тіршілігі мен тұрмысы бейнеленеді. Түсіріліп жатқан фильмде Ботай мәдениетiнiң бiрқатар тұрғынжайын реконструкциялау идеясы қамтылады.
«Ақмола облысы басшылығымен Бурабай курортында неолит дәуiрiнiң этно-саябағын құру туралы шешiмi қабылданып отыр. Ал бұл шешім өте маңызды және көрегендiлік деп ойлаймын. Нақты айтар болсақ бiздiң тарихымыздың осы бөлiгi барлығына қызықты. Бұл кезең әлемдiк деңгейде зерттеліп жатыр. Осы жоба бiздiң өңiрiмiзге туристердiң қызығушылығын арттырып, келушілер бұрынғыдан да көбейе түсері анық», - дейді кинотрилогия продюсерi Нұрбол Баймұқанов.
Осы сапарда аймақ басшысы Мәлік Мырзалин Бурабай курортындағы кемпинг аймағынның құрылысын, мешiттi, аллеяны, жағажайды және басқа да нысандарды аралап көрді. Құрылыс жұмыстарының атқарылуымен танысқан әкім аудан басшыларының, курорт басшыларының, мамандардың жұмысына оң баға беріп, бірқатар тапсырмалар да берді.

Таңат Жайлауов

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста