Алакөлдегі демалыс базаларының туристік маусымға дайындығы қызу жүріп жатыр

Алакөлдегі демалыс базаларының туристік маусымға дайындығы қызу жүріп жатыр

Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметов Үржар ауданына арнайы жұмыс сапарымен келіп, Алакөлдегі демалыс базаларының жазғы маусымға дайындығымен танысты. Аймақ басшысы жергілікті Арбат пен көл жағалауындағы құрылыс жұмыстарын аралады, - деп хабарлайды Алаш айнасы.

Көл жағалауындағы жиында облыс әкімі Алакөл демалыс аймағының инфрақұрылымын дамыту үшін соңғы үш жылда 4,5 миллиард теңге бөлінгенін айтты.

Маусымаралық үзіліс кезінде көл жағалауында жаңа орындықтар мен гүлзарлар жасалып, жерге тратуарлық плиталар төселген. Алыстан көзтартарлықтай болып "Алакөл" деген жазу жазылған. Арбаттың орталығында субұрқақ құрылысының жұмысы қызу жүріп жатыр. Көл жағалауындағы құрылыс жұмыстарының барысымен танысқан облыс әкімі атқарылған шаруаларға жоғары баға беріп, кейбір мәселелерге сыни пікірлерін де білдірді.

– Демалыс базаларындағы кейбір ғимараттардың сыртқы келбетін өзгертіп қайта жасаған жөн. Көл жағалауындағы базалар мен мейрамханалардың барлығы сәулеттік стилі жағынан бір-біріне ұқсас болсын. Өрт қауіпсіздігінің талаптары да қатаң сақталу керек. Биыл көл жағалауын көріктендірудің бас жоспары әзірленеді – деді Даниал Кенжетайұлы.

Сонымен қатар облыс әкімі көл жағалауындағы жиында демалыс орындарының басшыларына ескерту жасап, салық төлемеген кәсіпкерлер заң алдында жауапкершілікке тартылатынын да баса айтты.

Ал, өз кезегінде жергілікті кәсіпкерлер өңірдегі жолдардың сапасының нашарлығын және сумен қамту мәселесі шешімін таппай жатқандығын жеткізді. Кәсіпкерлердің айтуына қарағанда осындай жағдайлар өңірге туристердің келуіне кедергі келтіріп, зиянын тигізуде. Шағым айтқандардың сөзін тындаған әкім, өздеріне қатысты біраз мәселелерді де кәсіпкерлердің есіне салып өтті.

Осы ретте Даниал Кенжетайұлы былтыр көл жағалауындағы қызмет көрсету орындарынан қазынаға салықтың аз түскенін, болжамды соманың 10 пайызы ғана төлегенін айтты.

– Жалпы, бұл мәселе сіздерге де байланысты. Салықтарыңызды уақытында төлеп отырсаңыздар бәрі болады. Жол жөнделіп, су да тартылар еді. Осындай маңызды істің атқарылуына кедергі жасап отырған салық төлеуден жалтарып отырған кәсіпкерлер, — деп сынады аймақ басшысы.

Үржар ауданының әкімі Серік Зайнулдин де жиын барысында сөз алып биыл ауданда атқарылғалы жатқан жұмыстарды тілге тиек етті. Әкімнің айтуына қарағанда «Мақаншы-Жаланашкөл» сияқты жолдардың жөндеу жұмыстарын биыл аяқтау жоспарланып отыр екен. Сонымен қатар көл жағалауын абаттандыру, саябақтарға шамдар орнату, спорт алаңына төсеніштер төсеу маусым айының басында аяқталмақ. Қабанбай ауылындағы мәдениет үйін қайта жасау жұмыстары да жалғасып жатыр екен.

Кездесу барысында өңірдегі туризм мәселелері кеңінен талқыланып, көптеген жұмыс жоспарлары нақтыланды. Облыс әкімі аудандағы басшыларға бірқатар тапсырмалар берді.

Таңат Жайлау

 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста