Мемлекеттік тілге құрмет – жастар тәрбиесінен басталады

Мемлекеттік тілге құрмет – жастар тәрбиесінен басталады
Барша ғалам мойындайтын бір ақиқат бар. Ол елдің болашағы жастардың тәрбиесіне байланысты екендігі. Ұлттың барлық құндылығын бойына жинақтаған тіл мәслесін де бұдан тыс қоя алмайсың. Өйткені, ертең елдің иесі де киесі де болатын сол жастар. Ал, ұлттың барлық құндылығын, әсіресе тілін еміп өспеген жас толқын ертең өзінің ел мен жер алдындағы жауапкершілігін толық сезіне ала ма? Міне, сондықтан да ұлттың тілін дамыту мен қолдану ісінде ең алдымен өскелең ұрпақты назарда ұстау керек. Шынын айтқанда, бүгінгі технологияның жетістігіне, эффект пен экзотикаға негізделген заман ағымын бейімделген жастардың жүрегіне бұрынғы әдістермен жол табу қиын. Оларға ұлт тілінің барлық нәрі мен құнарын жеткізу үшін заманауи әдістер мен пиар-технологиялар қажет. Бұны мойындамасқа тағы болмайды. Міне сондықтан да Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың 2011 - 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында осы дүниені игеруге ұстылыс жасалған. Мысалы «мемлекеттік тілді меңгеруді қамтамасыз етудің тиімді тәсілдеріне қол жеткізу» қажеттігіне тоқтала келіп «Бұл міндетті іске асыруға қоғамдық санада мемлекеттік тілде сөйлеушінің беделді бейнесін қалыптастыру және орнықтыру арқылы қол жеткізіледі. Осы бағыттағы негізгі рөлге PR-технологиялар ие болады. Бұл үшін мемлекеттік тілді көпшіліктің қолдануына қол жеткізу және насихаттау жөніндегі арнайы жұмыстарды ұйымдастыру көзделеді» деп нақты көрсетілген. Ал, бүгінгі жастарға өтімді ең ұтқыр дүниенің бірі: байқау, конкурстар өткізу, оның жеңімпаздарын ынталандыру, олардың жетістігін барынша насихаттау. Мұндай жарыс, байқауларға ең алдымен белсенді, алғыр жастар қатысады. Олар өз қатарына тұлға есебінде танылады. Сөйтіп, олар біртіндеп сол идеяның насихатшысына айналады. Бұл заңдылық. Осы тұрғыдан екі қалада, екі аймақта өткен шараға сараптау жасап көрейік. Оның бірі Солтүстік Қазақстан, Қызылжар өңірінде «Тiлдердiң үштұғырлығы» мәдени жобасы аясында «Бала тiлi -бал» балабақшалар арасында өткен қалалық байқауы. Байқаудың мақсаты: отбасындағы адамгершілік құндылықтарды насихаттау, тәрбиешілер мен балалардың ұлт тілін меңгеруіне ықпал ету, ел мен жерді қадірлеп, мемлекеттік тілдің қолдану аясын кеңейтуге жету. Аз ба, көп пе, байқауға 14 балабақша қатысыпты. Осы қызықты шараға қатысқан 60 бүлдіршін ертең мемлекеттік тіл насихатының нағыз маржандарына айналмайды деп кім айта алады?! Осыған ұқсас екінші шараға тоқталайық. Ол Астана қаласының 20 жылдығын мерекелеу мен «Рухани жаңғыру» бағдарламасының аясында «Туған жер – тұғырым, туған тіл – тұнығым» тақырыбымен жастардың арасындағы пікірсайыс ретінде өткізіліпті. Ерекшелік неде дейтін болсақ – пікірсайыста. Дебат бұл бүгінгі заман тілімен айтар болсақ. Дебат, пікірталас, өз көзқарасың мен ұстанымыңды дәлелдеу, идеяңды қорғау – жастарға ең өтімді форманың бірі. Ал, олар қорғайтын идеяның өзі: мемлекеттік тілді дамытуға байланысты өз жобасы, өз ұсынысын дәлелдеу. Ол әрине, бұл тақырыпты қорғап, әріптесінен бір мысқал болса да озық болу үшін ізденеді, тың деректерге жүгінеді, заманға сай формулалар табады. Шынында да, көзі ашық, оқыған жастар әртүрлі тың ұсыныстар жасапты: біреуі құқықтық жағынан, енді біреуі экономикалық тұрғыда, үшіншісі ғылым арқылы шешуді ұсыныпты. Пікірталастың бір ерекшелігі, спикерлердің ізденісі, тапқырлығы өз алдына, ол сонымен қатар осы пікірталасты тыңдап отырған ғалымдардың, өнерпаздардың, әкімшілік өкілдерінің, тіпті залдағы жастардың бәріне ой салатындығы болса керек. Шынын айтқанда, өз қолдарымен, өз ойларымен мемлекеттік тілді дамытуға жетелеу – табылған ақыл! Міне, бүгінгі заманға лайық істер, ұтымды жол! Осындай тың ізденістер жеміссіз қалмауға тиіс. Тәрбие дегеніміз де осындай дүниелерді қолға алу арқылы ғана келетіні анық. С. Ақынжанов
Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста