Батыста жас тілшілер фестивалі өтті

Батыста жас тілшілер фестивалі өтті

Батыс Қазақстан облысының білім басқармасы мен «Жайық Пресс» медиахолдингінің ұйымдастыруымен «Өрімтал» жас тілшілер фестивалі өтті. Аталмыш шарада жиынның бірінші кезеңінің және Абай, Мұқағали, Әбіш оқуларының жеңімпаздары мен ауданнан іріктелген шығармашыл оқушылар бір апта қаланың көрікті жерлерінде демалып, сонымен қатар журналистика мамандығының қыр-сырымен танысып шықты. Өткен аптаның әр күні поэзия, проза, телевидение, баспасөз, радио күніне арналып, өз жоспары, бағдарламасы бойынша өтті. Шараға қатысқан оқушылар эссе жазып, өлең шығарып, әртістердің көмегімен мәнерлеп оқып өз шеберліктерін шыңдап, шеберлік сабағын алды.
Сонымен қатар, жергілікті ақындарымызбен кездесу өткізіді. 26 маусым күні ауысымның ашылу салтанаты ұйымдастырылып, «Жайық Пресс» медиахолдингінің директоры Р.Сабитов пен Батыс Қазақстан облысының білім басқармасы адамгершілік рухани даму және тәрбие жұмыстары бөлімінің басшысы Л.Батырғалиева демалушыларды құттықтады. Оқушылар өз кезегінде «Дарын» орталығына әдемі арнау өлеңдерін оқып, тілек білдірді. Сондай-ақ жеткіншектер «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «Бәсекеге қабілеттілік» бағыты» тақырыбында эссе жазуға қатысты.
Батыс Қазақстан облысының тілдерді дамыту басқармасының бас маманы Б.Қуандыққызы мен Орал қалалық кітапхананың «Өнер және ұлттық дәстүрлерді дамыту секторы» кітапханашысы Г.Маратқызының ұйымдастырған «Латын әліпбиін бірге үйренейік» тақырыбындағы іс-шараға қызығушылықпен қатысып, танымдық бейнероликтерді тамашалады. «Жайық Пресс» медиахолдинг баспаханасының жұмысымен танысып, директоры Р.Сабитовпен баспасөз тақырыбында сұхбаттасып, қызықтырған сұрақтарына жауап алды, көңілді кездесу өткізді.
«Өрімтал» жас тілшілер фестивалі мәдени – танымдық ауысымының демалушылары бүгін Орал қалалық мәдениет және демалыс саябағына, облыстық экологиялық – биологиялық орталығына саяхаттап, облыстық радионың редакторы, танымал радиожурналист Н.Павлычева мен А.Төлеповтің шеберлік сыныбына қызығушылықпен қатысты. «Радио күнінен» үйренген тәжірбиелерін практика жүзінде қолдану үшін тапсырмалар берілді.
Оқушылар орталық тәлімгерлерінің жетекшілігімен көңілді тапқырлар алаңы «КТА»-да өз өнерлерін ортаға салып әдемі шара ұйымдастыра білді.
«Көгілдір экран құпиясына үңілсек...» тақырыбындағы телевидение күнінде Қадыр Мырза Әли атындағы облыстық мәдениет және өнер орталығына саяхаттап, «Ақжайық» телеарнасының ұжымымен кездесіп, телеарнаның өмірімен танысты. Телеарна қызметкерлерінің шеберлік сыныптарына қатысып, «Телевидение күнінен» үйренген тәжірибелерін іс жүзінде жасау, Stand Up-тар түсіріп, пайдалы әдебиеттер мен үй тапсырмаларын алды. «Ақжайық» телеарнасына «Күншуақ» бағдарламасына қатысып, тікелей эфирде сұрақтарға жауап беріп, өлең оқыды.
Одан шыққан сон топтар арасында «Көңілді мәре» спорттық эстафеталық жарысы өткізілді. Сайыста жеңіске жеткендерге марапаттар табысталды.
«Өрімтал» жас тілшілер фестивалі мәдени – танымдық ауысымының демалушылары 28 маусым күні облыстық тарихи- өлкетану және осы музейге қарасты Е.Пугачев атындағы музейге, М.Мәметова атындағы мемориалдық музейіне барып, тақырыптық залдарына экскурсия жасап, құнды мәлімет – деректермен танысты.
Жеткіншектер фестиваль аясында, ҚР еңбек сіңірген мәдениет қызметкері, ақын Ш.Қыдырниязовамен кездесіп, ақынның шығармашылығы және еңбек жолы жайлы бейнекөріністі тамашалап, сұрақтарын қойып, әдемі сұхбат құрды..
Жас тілшілерді жазушылық өнерге және өлең шығарудың техникасын үйрету, өлең-жыр оқуға баулу, олардың поэзияға деген құштарлығын ояту мақсатында «Поэзия, менімен егіз бе едің?» атты алғашқы күні белгілі ақын, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі Ғайса-Ғали Сейтақ пен Жазушылар Одағының мүшесі, жазушы-журналист М.Балмолдамен кездесу ұйымдастырылып, демалушылар поэзияның қыр-сырын ұғынып, рухани азық болды.
Кездесуден соң демалушыларды ұжымшылдыққа, бірлікке,бір-бірін танып білуге арналған топтық тренингтер өтті.
Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың 2011 - 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында « Үйлесімді тілдік ортаны сақтау қажеттілігі тіл мәдениетін жетілдіру жөніндегі міндеттердің өзегіне айналып отырғаны сөзсіз. Жұртшылықты, мәдениет және өнер қайраткерлерін, БАҚ-ты кеңінен тарта отырып, Мемлекеттік тіл күнін ұйымдастыру және өткізу, түркі жазбаларына арналған іс-шаралар кешенін ұйымдастыру, сондай-ақ тіл мәдениетін насихаттауға бағытталған шараларды өткізу дәстүрін жалғастыру жұмыстары қажетті шаралар қатарына жататыны» айтылған. Міне осы бағыттан келгенде өткізілген іс-шараның мәнісі зор. Жас жеткншектердің ақын-жазушылар мен БАҚ өкілдерімен кездесуі тіл құндылығын түсінуге бастайтыны сөзсіз.
«Өрімтал» жас тілшілер фестивалі жоғары деңгейде өтті деуге болады. Қатысушы оқушылар мәнді де мағыналы жиынға разылықтарын білдіріп, болашақта да осындай басқосулар жиі болса деген тілекпен тарқасты.

Нұрлы Еділов

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста