Жоспарлы балалықтан қалай құтыламыз?

Жоспарлы балалықтан қалай құтыламыз?

Мұны өз балаңыздың сізге қойған сұрағы деп ұғыңыз!!!
Әлбетте, қалалық балалардың. Қазіргінің ата-анасы үшін ұрпақтары бизнес-прожеге айналып бара жатыр. Әйтеуір, кімді көрсең де жанталасып балаларын жетістікке жетелеп әуре. Бизнеске де керегі сол қажетті-қажетсіз клубтар мен орталықтардың жеті атасын әкеліп жатыр. Мәселенің, ең қауіптісі қазіргі қалалық балада өзіндік ойын алаңы жоқ екен. Шындығында, қайда барса да бір тренер. Үйде де тренер, мектепте де, клубтарда да т.б. Өзіміз бәрін ойдан құрастырушы едік. Ойын тапсаң, бала таппайсың, бала тапсаң соған сай ойын дайын емес. Соның бәрін біз өзіміз ереже шығарып, табан астынан ойынның түр-түрін шығарушы едік. Сөйтсек, қазір соның бәрі топ-скиллс деп 21 ғасырдың айтулы қабілеттеріне айналыпты)). Олардың неге өзекті бола қалғанын енді ұққандаймыз. Қазіргі ұрпақтың өзіндік ойлануға, өздерінің туа бітті қабілеттерін дамытуына, тығырықтардан шыға білуіне /ауылдан алыстап талай адасатынбыз.../ ешбір мүмкіндік жоқ. Бүгінгі баланың әрбір минуты жоспарлы. Қысқасы, балаңызды жасанды, жоспарлы өмірден аулақ ұстаңыз. Тағы жоспар ма?)) Аулақ ұстау жоспары))) Басқа қандай жолы бар??? Мүмкіндігінше еркіне жіберіңіз. Шынайы орта жасаңыз. Қалада қиын әрине, біздің бір бақытымыз ауыл ғой. Жазғы демалыста ауылға жіберіңіз. Былтыр жазда отбасымызбен ауылда демалдық. Бірде кешкісін үйде ауызашар беретін болып, ауладағы бір топ балаларға «барыңдар ауыл шетіне барып, тауға шығып ойнаңдар» дедім. Қаладан келгендері бар местныйлары бар 10 нан аса бала ауыл шетіндегі қырға қарай тартты. Ауылдан 2-3 шақырым жерде қызыл төбешік бар, одан ары 10-15 шақырымнан кейін кәдімгі Қаратаудың сілемдері басталады. Бір қарағанымда балалар әлгі төбешікте ойнап жүрген кейіннен көрінбей кетті. Кешкұрым, көз байланып қалған. Бұлар қайда кетті деп ойланып үлгергенімше болмады. Әлгі топтан 4-5 бала келіп «Ұлан аға, балаларыңыз үлкен тауға қарай тоқтамай кетіп барады, біз қайту керек, жете алмайсыңдар десек те көнбейді» деп жыларман болып тұр. Кілең местныйлары қайтып келіпті. Аздап үрей пайда бола бастады. Осы кезде қалалық балалардың шешелері де әлгі біздікілер қайда кетті қараңғы түсті ғой деп жүректері бірдеңе сезгендей алаңдай бастады. Мен ағама айттым. Ол мал жайғап жүр асығар емес. Бір кезде «ауылда кімнің аты үйінде екен әә ә» деді. Ары бері мал жайғап жүр. «Балаларды жіберетін екен ә ә » деді. Тауға ойнаңдар деп нем бар еді. Әлгі городскойларда ми жоқ қой тікелей түсінген екен. Іштей әбігерге түстім. Ойнап жүрген балаларда нем бар еді. Ағам менің түрімді көріп қорқайын деді. Бір қарасам Волга 31 ін от алдырып ауладан шығып бара жатыр екен. Мен де алдынан жүгіріп шығып ілесіп үлгердім. Үйдегілер де бұл уақытты ас-ауқат жайында қалып есік алдына шығып алған. Волгамен екі аяқты бір аяқты пайалыш жолдармен құйғытып отырып көк тауға да жақын қалдық. «Бұлар шынымен тауға тартқан ба, неше сағат болды, мыналарың жынды екен ғой иә, ішінде кімдер бар, біздің балдар қайда, мыналарың есектің миын жеген ба, үлкен адамның өзі мұндай уақытта тауға тарта ма» ағам жынданып келеді. Тоқтап тоқтап, Әәбдірахммааан, Елхааан, Әлима деп қоямыз. Ішінде қызым да бар. Бір кезде машина жүре алмайтын жерлерге келдік. Қалдырып, жаяу безектедік. Таудың етегіне шығып бақырдық. Бір кезде балалар түгіл бір бірімізді көрмеуге айналдық. Сағат 21,30 болып қалды. Бір кезде ауыл жақтан дыбыс берді. Ауууу десек аууу деп. Мәссәған, бұлар тауға жақын қалған екен. Біз жол іздеп мәшинемен аздап орағытып озып кетіппіз. Бұлар кәдімгі көксеңгірге Жиделіге мойын бұрмай төте тартқан екен. Не керек төбелері көріне бастады. Алдында 3 ұл артында жылап қызым келе жатыр: «Мыналарға қайтайық десем тыңдамайды, қасқыр бар қайтайық десем тыңдамайды» деп қояды. Балалардан сұрасам жетіп қалдық қой дейді. Осындай да қызық болған.
Сол секілді, әбден жоспарлы өмірге үйренген балаларды бірден өз еркіне қоя берудің өзі қауіпті екен.

Ұлан Еркінбай
Фейсбуктегі парақшасынан

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста