Халықпен дұрыс сөйлесе алмайтын өңшең сауатсыздарды жиып алып не істеп отырсыздар?!

Халықпен дұрыс сөйлесе алмайтын өңшең сауатсыздарды жиып алып не істеп отырсыздар?!

Кеше қызым ауырып 4-ші аурухананың реанимациясына түсті. Қаланың сыртында Қоянқұс ауылында тұрғаннан кейін, бізге қалаға шығуға рұқсат жоқ. 9-шы блокпост тұр.Скорый шақырып едім, "облысқа түсіп тұрсыз, сіз одан да блопостка барып жағдайыңызды айтыңыз" деді. Сонымен үйдегі көлікке мініп алып, қызымды алып блокпостқа жүгірдім. Приступ ұстағанын көзімен көргеннен кейін блокпостта тұрғандар қолхат жаздырды да өзіміздің машинамызбен өткізді. Ол аралықта мен расписка жазып, қызымның сирек кездесетін дертпен ауыратынын дәлелдейтін анықтама қағаздарын бекеттегілердің алдына тізгенімше бір 30 минут уақыт өтіп кетті. Блокпосттағыларға ақыры "жүріңізші машинаға" деп қызымның ішін ұстап алып домалап жатқан түрін көрсетіп қалаға өттім. Үйден болницаға жетуіміз өз машинамызбен 20 минутты алады. Блокпостта 30 минут бөгелдік. Сөйтіп шамамен 1 сағат уақытымызды кетіріп алғандықтан қызымның приступы болницаға барғанда тіпті күшейіп кетті. Біздің сырымызды әбден біліп алған дәрігерлер бірден анализ ештеме алмай, узи жасамай, рентген түсірмей "уақыт аз" деп реанимацияға көтеріп зонт қойып, жүлыннан ауруды басатын эпидуралка салды. Қызымның жағдайында біз үшін 10 минуттың өзі маңызды еді. Хош, сонымен болницаға жатқыздым. Врачтар біз кешігіп жеткен соң бір жарым сағат алысып жүріп, терлеп-тепшіп ауруын басып, приступтың бетін қайтарды. Блокпоста 30 минут бөгелмегенімізде приступ күшеймес еді де, барлығы жеңіл өтетін еді. Бұл бір.
Енді таңертең емдеуші дәрігерімізге хабарласып не қажеттігін тізімін алдым да, 40 минутта жеткізуім керек болғасын, блокпостқа қайта бардым. Ал нағыз айғайласу осы жерде басталды. Баламның ренимацияда жатқанын анықтайтын справка қолымда бар. Сирек кездесетін дерт екенін анықтайтын оны тек қаланың дәрігерлері ғана емдей алатыны нақты көрсетілген де анықтама қолымда тұр.. Блокпасттағылар қағазыма анықтамама қарамастан "өтуге рұқсат жоқ" деді. "Шырағым-ау балам ренимацияда әйтпесе маған қалаға баруға қажеттілік жоқ" десем де түсінбейді. Содан 1406-ға звандадым. Ондағы операторлар "өте аласыз, баланыңызға дәрілерін апару үшін ол жағдайда өтеді" деді. Соны блокпоста тұрған бюрократтарға жеткіздім. Журналист екенімді айттым, корочкамды көрсеттім. Сөйтіп 40 минут жүйкені жұқартудан кейін "пожалыста, қолхат жаз да өзің өте бер" деді.
"Мен бұл жерде орталық дәріханаға баруым керек, одан дәрі ол жерде жоқ болса, чайковскийдегі дәріханаға барамын. Оның барлығы мен үшін уақыт. Баланың өмірі тұр ғой бұл жерде құдай үшін көлікпен шығуыма рұқсат беріңіздер" деп едім. "Жоқ" деп қасарысып тұрып алды. Одан қайта 1406-ға звандадым. "Олар өткізіңіздер көлікпен" деді. Бірақ блокпостта тұрғандар "1406 денсаулық сақтау саласыныкі, ал біз ұлттық гвардиямыз" деп айтқаныма, өтінгеніме, тіпті ақыры құзырлы органдардың пресс службасына телефон шалғаныма да пысқырмады. Сөйтіп айғай-шумен қалаға шығатын блокпостқа көліксіз өзім өттім. Ары қарай қоғамдық көлікпен жүрсе үш сағат уақытым кетеді. Ол аралықта қызымның жағдайы тағы ауырлап кетуі мүмкін. Қайтерімді білмей дәріханаларға қалай жетерімді білмей, қала жаққа өтіп алып тұр едім, яндекс таксидің тамақ таситын таксиі келе қалды. Қалаға апарып алып-келу 4000 теңге екен. Қоғамдық көлікпен жүрсем үш сағат уақытым кетеді. Қуанғанымнан сол таксиге отырдым. Таксиге отырғалы жатсам, ішінде үлкен кісі апа отыр. Таксист "қазір сіз отыра тұрыңыз, мен мына апаны қаладан әкеле жатырмын, сіздің ауыл жаққа қарай өткізіп тастауым керек" деді. Сөйтіп апам ың-шыңсыз біздің ауыл жаққа қарай өтіп кетті .Мен аң-таңмын "қалай өткізесіз, қазір шулап тағы бөлегеміз ғой" деп ем, таксистім "ой, өткіземіз ғой" деді де демде апаны қаладан біздің жаққа өткізіп жіберді. Ал мен анда-мында звандап, шулатып жүріп қала жаққа қарай өту үшін 40 минуттай уақытымды кетірдім. Байқаймын блокпосттан қалаға қарай облыстық номермен машиналар өтіп жатқанын көріп тұрмын. Сұрасам, "олар да сіз сияқты экстренный жағдаймен бара жатқандар" дейді. Сонда "оларға көлікпен өтуге келгенде заң жоқ, ал мені көлікпен өткізуге келгенде заң бар" деп көліксіз өзімді жаяу өткізеді. Сөйтсем мұнда гәп бар екен. Таксист жігіт "ой қызықсыз, келісе салуңыз керек еді" дейді. Міне, сізге заң.
Ең соңында адам тәрізді жағдайымды айтып тұрғанда ұлттық гвардияданбыз деп, то әкімшіліке сілтеп, то 1406-дан рұқсат ал" деген бюроркаттардың маған айтқаны "балаң ауырса болницаның қасынан пәтер жалдап ал" деді. Әбден қыстығып, қитығып кеттім. Бұл не деген "шаш ал десе бас алу". "Ауру адамдармен, мүмкіндігі шектеулі адамдарға қажетті деңгейде қызмет көрсетілсін" деген Президенттің қаулысы қайда қалды?! Ол қаулы бойынша мен үйде отырып алып қызыма қаншаама қызмет түрін алуым керек емес пе?! "Менің жағдайыма кіріңіз балам реанимацияда" деп барлық анықтамасын көрсетіп, шырылдап тұрсам да пысқырмаған бекеттегілердікі не жандайшаптық?! Халықпен дұрыс сөйлесе алмайтын өңшең сауатсыздарды жиып алып не істеп отырсыздар?! Неге осы бізде қадағалау жоқ?! Сол жерде егер мен арасынан біреуін шақырып алып, қолына ақша қыстырсам ың-шыңсыз өтер едім. Бірақ сондай вариаттарды бізге үйретпепті. Кейде соның пайдасы да бар екен ғой. Өзім осынша грузбен жүргенімде әбден ит қылды бұлар. Тап сол жерде әкімнің немесе тағы басқаның баласы ренимацияда жатса, өздері қоса барып алар еді бұлар. Қызымның қиналғаныкөз алдыма елестеп өзім жанымды қоярға жер таппай тұрғанымды, міне біздің құқық қорғау саласының құқымды аяқ асты еткені. Бюрократтықтарына бас иемін!

Карлыгаш Зарыкхановна
Фейсбуктегі парақшасынан

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста