Өзбекстанда директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарын идеология жөніндегі орынбасар деп атайды екен. Демек, ол тек тәрбиемен емес, оқушыларға ұлттық идеологияны сіңірумен айналысады деген сөз.
Өткенде осы Шымкентте ғой деймін, бір өзбек депутат "Келіндеріміз таңертең есік алдын сыпырмайтын болды" деп қынжылыс білдіріпті. Оны біраз адам мазақ қылды осында. Шындығында ол келіндерінің есік алдын сыпырмайтынына емес, ұлттық дәстүрлерінің жойылып бара жатқанына алаңдады. Ал бізде ұлттық идеология жоқтың қасы, нөл ғой, нөл! Әлде бар ма? Сіз қазақтың ұлттық идеологиясы деп нені айтар едіңіз?
Ержан Тәліп
Фейсбуктегі парақшасынан