Отанын, Ұлтын орысқа сатып жіберген нағыз сатқындар кімдер?..

Отанын, Ұлтын орысқа сатып жіберген нағыз сатқындар кімдер?..

Кім сатқын? Маған кейде мынадай бір ой келеді. Қазірде оралмандар туралы әртүрлі пікірлер көп өріп жүр ғой. Солардың бірі қит етсе болды: «Олар кезінде отанын сатып кеткендер!» деп айтылатын сөздер. Осы сөз шымбайыма қатты батады.
«Көрер-ем жаяулықты күнің туса»,-деп Жаяу Мұса атамыз айтқандай, ХХ ғасыр басында тыныш жатқан Қазақ елінің ішіне орыс жарлы-жақыбайларының төңкерістік идеясын тасымалдап, бай-кулак, қожа-молда, алашорда құйыршығы, халық жауы, жапон шпионы т.б қайдағы терминдерді ойлап тауып бүлік тудырғандар Сталин мен Голощекин емес қазақ жеріндегі өзіміздің жандайшаптар емес пе. Олар Шәкәрім атамыздан бастап тізе берсек мыңдаған арыстарымызды өз қолдарымен отпен оққа байлап, атып-асып, қалған ұрпақтарын түп-тұқиянымен құрту үшін ізіне түскен соң момын халық еріксіз босып кетті. Дәл қазіргі Сирия, Украйна босқындарына ұқсап...

Ал халықтың бетке ұстарларын осылай құртқан соң қызыл орыстан шен-шекпен алған жандайшап қазақтар дінімізді, тілімізді, рухымызды құртып-сындырып жойды да қазақты түгелдей орыстандыруға белсене атсалысты. Алапат аштықты қолдан ұйымдастырып қазақтың үштен екісін қырды. Сосын репрессия жасап қазақ қаймақтарын типыл қылса, қайдағы бір орыс жерінде болған соғысқа қазақтың мыңдаған боздақтарын апарып қойдай қырғызды. Осы аралықта Байтұрсынов атамыздың төте жазуын жойып, латын қарпіне көшіріп, қайтада 4-5 жыл ішінде криллицаға ауыстырып, халықтың тарихи жадын жойды. Бір сөзбен айтқанда қазақ халқын ақ патша заманынан да екі есе артық құлшыныспен 10-15 жылдың ішінде орыстың қол астына өткізді, ұлтты сатып жіберді. Осының бәрін істеген өз қазақтарымыз. Міне тәуелсіздік алғалы ширек ғасыр өтсе де әлі қазақтана алмай жатқан жоқпыз ба? Сонда халықтың қаймағын құртып, қазіргі оралмандардың ата-бабасын елден еріксіз түрде қуып шығып, Отанын, Ұлтын орысқа сатып жіберген нағыз сатқындар кімдер?.. деген ой түседі маған... Бәлкім бүгінгі қазақтың көбейуіне шексіз қарсылық көрсетіп жатқан орысқұлдардың, мәңгүрттердің ата – бабалары болар?! - сол сатқын дегендеріміз...

Амантай Тойшыбайұлы.

Facebook-тегі парақшасынан

 

 

 

 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста