«Одақ» деген сөз, «тозақ» деген сөзбен үндес...

«Одақ» деген сөз, «тозақ» деген сөзбен үндес...

Економикалық одақ құру жөніндегі сөз алғаш 1996 жылғы көктемде шыққанда елдің көкірегі ояу, көзі ашықтары түршігіп қалды. Былайғы жұрт оны біле қоймады. Өйткені ол кезде қазіргідей ғаламтор, әлеужелі деген байланыс көздері болмады. Бірақ, қызыл империяны көксеген орыстілді саясаттанушылар бір желпініп, айыздары қанды. Ақыры, араға 15 жылдай уақыт салып, Еуразиялық экономикалық одақ құрылды. Оның «нәтижесін» одаққа мүше елдер үкіметі көріп отыр, орта, шағын бизнесіміз әртүрлі кедергілерге ұшырауда, халқымыз соның салдарынан бірқатар игілігінен айырылуда.
Енді, ресей президенті «кеңестік кеңістіктегі елдер кеңестер одағы мен кеңес империясын қалпына келтіру жөніндегі ұсынысқа бұрынғы үрей мен фобиядан арылып, бірігу бәріне пайда әкелетінін түсіне бастады. Бұл артықшылықты барлығы аңдап, бұл ерекшелікті осы процеске қатысушылардың баршасы сезініп отыр. Енді біз бұдан әрі қарай жылжимыз, жаңа қадамдар жасап, алға ұмтыламыз» деді.
Яғни, экономикалық одақ саяси одаққа ұласып бара жатыр. Осы одақтың тамырына балта шаппаса, онысыз да ресейге экономикалық, ақпараттық жағынан тәуелді еліміз, бұғалыққа мүлде түседі.
Бізге, ресеймен одақ болғанша АҚШ-пен одақ болған жөн. Ол халықаралық құқық аясында ынтымақтасады және көршіміз сияқты тікелей ықпалы бола қоймайды.
Сондықтан, бірнеше ғасыр орыстың отарына айналған қазақ мемлекеті үшін «одақ» деген сөз, «тозақ» деген сөзбен үндес жатқандай көрінеді.

Әділбек Ыбырайымұлы
Фейсбуктегі парақшасынан

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста