Мемлекеттің ең басты қазынасы адам деген сөз өтірік...

Мемлекеттің ең басты қазынасы адам деген сөз өтірік. Қаншама адам ауруына елден шипа таба алмай, шетелге барып ота жасату үшін, емдету үшін халықтан көмек сұрап қаржы жинап жатыр. Қаржының жиналуын күтемін деп сарғайып жатып қаншама үміттер ерте үзіліп кетіп жатыр. Өткен жолы Айгүл есімді қарындасымыздың Түркияда жасалатын еміне 40 млн теңге жинай алмай, ақыры қыршынынан қиып қоя бердік. Артында аңырап шиттей үш баласы қалды. Адам және оның өмірі мемлекеттің ең қымбат қазынасы болса мемлекет ең алдымен білім мен медицинаға көңіл бөлер еді. Тіпті шетелге емдетуге қаржы бөлер еді. Біздің ел мақтаған клиникаларымыз дамығаң елдердің жедел-жәрдем пункті сияқты шығар.
Сапасыз жол мен қарапайым халық қана несиеге сатып алуға мәжбүр салдырлаған ВАЗ көлігі де қаншама адамды сан соқтырып кетті....
Ермек Құрманғалитегі
Фейсбуктегі парақшасынан





