Иттігің бәрібір алдыңнан иттік болып шығады

Иттігің бәрібір алдыңнан иттік болып шығады

Жаңа ғана үйге қайтып келе жатқанда болды. Райымбектен оңға Тілендиевке қарай бұрылғаным сол еді, алдымнан екі қолын ербелеңдетіп, машинаның астына түсетіндей бір кісі тұра жүгірді. Бірнәрсе болып қалды ма деп тоқтап едім, орта жастағы қолы май-май бір кісі жүгіріп келді.

- Інім, шаровый кетіп қалды. Машинада ақсақал бар еді. Осындай жерге жеткізіп тасташы. Үлкен кісі еді, 1 сағаттан асты, қуыққа трубка салынған еді, шыдамай отыр деді.

Барар жері Момышұлының бойындағы Қарттар үйі. Жақсы дедім.
Рысқұлов кептелек екен. Ұзақ тұруға тура келді. Ақсақал басында ауыл қай жақ, қай елсің, не істейсің деген әдеттегі сұрақты қойды.
-Жас жігіт екенсің. Бір нәрсе айтайын.
-Айтыңыз ата, деп ұялы телефонның диктофонын қосып қойдым.
- Оқыған-тоқыған бала көрінесің. Әлі өсесің. Қызметке қолың жетеді. Бірақ, бәр нәрсені есте ұста. Билік мәңгі емес, қолың жетсе, адам баласын қорлама. Билік қолымда екен деп адам қорлаған, иттіктің көкесін жасағанның бірі мен.
Артыма бұрылып тұрып қарап қалыппын. Шын мойындау ма, өтірік дүние ма десем керек.
-Ішкенім артымда, ішпегенім алдымда шалқып өмір сүрдім. Бүгін қарттар үйіндемін. Жас кездегі жамандыққа қайтарым. 3 әйел алдым. 1-ші әйелім билікке қол жетпеген кезде үйленген, өмірдің шыжығын бірге көрген, жақсы жан еді. Кейін қызметке қол жеткен соң, ақша бітіп, көзге шел біткен соң, айналамызда сұлу, сылқым көбейді. Бәйбішені ұмыттық. Түсінгі мол адам еді ың-шыңсыз ажырасты. Шағымданса, ол заманда партиядан қуылып, жұмыстан кетіруге болатын заман. Бірақ, өйтпеді. Оған өкінген мен жоқ. Үй бар, шопыры бар, көлік тұр. Сұлу-сылқым айналада. Екінші әйелім Қызылорданың қызы болды. Жаңағы беті қызылдың бірі. Мен емес көкейі ақша екен. Сондықтан үйленбесең айтарым, ә дегеннен дүние сұраған беті жылтырдан без. Өмірдің шыжығын бірге көреуге дайын, әр нәрсені түсінетін, көңіліңе қарайтын, шын жаны ашитын адам ғана теңің. Сұлулығын бұлданып, сырын да, шынын да айтпайтындар қолыңнан билік пен ақша кеткенше ғана. Бәйбішемнен екі ұлды болдық. Қарап отырсам бақыт деген сол бала-шағаның дүниеге келгені, пәтерден пәтерге көшіп жүріп үйлі болғаның, қызметтен қызметке өскендегі у-шуы мол қуаныш. Екінші әйелім ақша, дүние, киім барда жайдары, жоқ болса, бар жақсылығыңды 3 минутта жамандыққа айналдыра салып қарап отыратын. Еркелік деп мән бермеппін. О пәтшағардан бар көргенім төсек қатынасы. Басқа бақыт көрмеппін. Кейін билік тайған күні, күліп тұрып, «күл болмасаң бүл бол» деп есікті жауып кете берді. Бәйбішеме қайта бардым. Өсіп қалған балаларым, онша қабылдамады. Бәйбішем қабылдап, кейін қызметке қайта қол жеткіздім. Қызмет өскен соң қайта баяғы өмір. Жанұямды тағы тастап қайта бір сылқымға үйлендім. Тағы жанұялық бақыт емес, төсек қатынасын таңдадым. Оқиға тағы қайталанды. Екеуінен де бала-шағалы болмадым. Кейін тақ та, бақ та кеткен соң, әр нәрсенің басын шалып жүріп, ақыры жеткен жерім қарттар үйі болды. Әйтеуір өлмегеннің күні. Қызметте жүргенде ініме үй алып беріп, жұмысқа тұрғызып, сүйреп едім. Қазір келіп, анда-санда алып кететін де сол. Кезіндегі жалғыз жақсылығым сол. Бүгін қайтарып жатқан да сол. Бүгін үйінен қайтып едім. Жолда көлік бұзылып...Кезінде қызметтеміз деп қарапайым адамдармен сөйлесуден де қалыппыз. Қазір да қария болып, салиқалы әңгіме айтып, шежіре тарқатып, әңгімені айтып, бір қарттың өмірін сүру жоқ. Газет оқимын, телевизор көремін. Саясат соғамын. Анау ана жерге келіпті, мынау мұнда кетіпті, іштей мынауана бір ит-ау бір деп пасық болжам жасаймын. Бірақ, ол кімге керек. Өткенде министрліктен адамдар келді. Баяғыда қызметте жүргенде бір жас жігіт келіп еді, қарамағыма. Сол байғұсқа істемегенім жоқ. Боқтығымды да естіді, елдің көзінше жерден алып, жерге де салдық. Ақыры қызметтен қуып жібердім. Маған сол баланың не істеп қойғанын білмеймін. Қызметтің буы. Өткенде сол Қарттар үйіндегі тексерісті бастап келді. Екеуміз бір-бірімізді жазбай таныдық. Бірінші қатарда отыр едім, келіп амандасты. Амандық сұрасқаннан басқа ештеме демеді. Бірақ, көзінен жек көрудің, өмір алма-кезек, жетіпсің жетер жеріңе деген «жазуларды» оқыдым. Жер шұқып отырып қалдым. «Не ексең соны орасың» деген рас. Бүгін еккенімді орып отырмын. Кезінде сүйіп қосылған жарыма, балама қарамадым, бүгін олар да маған қарамайды. Кезінде талайға иттік істедім. Алдымнан сол шығып жатыр. Балам, бақыт деген қызмет те, ақша да, тілі тәтті сұлу да, жылтыраған көлік те емес. Бақыт деген тату-тәтті отбасың, қарапайым жарың, бала-шағаң, анда-санда жылт ете қалған қуаныштар, елмен емін-еркін жүзің жарқын әңгімелесіп, бір шәугім шәйді тыныш ішу. Қиналып жүріп үй сал, салып біткендегі қуанышты көрсең. Тірнектеп жүріп көлік ал. Әкем көлік алды деп бала-шағаңның қуанғанын көрсең. Көрген жерде аға сіздің шарапатыңызды көріп едім, рахмет, деп алдыңнан аңқалаңдап інілерің шығып тұрса. Сондай бір қарапайым нәрселер бақыт. Иттігің бәрібір алдыңнан иттік болып шығады. (Әңгімесі ұзақ. Сәл қысқартып, қысыр сөздерін алып тастадым)

Ентігіп отырып айтқан әңгімесі осындай. Өзі сөзшең де адам емес екен. Талай нәрсе айтқысы келгенін түсіндім. Бірақ жеткізе алғаны осы. Момышұлындағы қарттар үйіне жетіп, ішке кіргізіп жібердім. Алдынан ақ халатты жас қыз күтіп алды. Зіркілдеп кіргізіп бара жатты. Туысы деп ойлап қалды ма, маған да бірдеме айтып кетті.
-Қылқылдап сұрап алады, ерте әкелмей ма екен. Қаңғытып тастап кетеді, алып кетіп неғыласыңдар. Сасып кетіпті, жуындырып әкелмейсіңдер ма, пенсиясы ғана керек сендерге...
Жүрегім зірк ете қалды. Көз алдыма шалдың айтқандары, қазір титтей қызметсымағы бар, бірақ аспаннан салбырап түсетіндей жүрген біреулер келді. Ойланып кетсем керек. Бағдаршамда тежегішті жіберіп қап, алдымда тұрған машинаны тық еткізіппін. Мең-зең қалыппен шықтым. Қазақ екен. Келіп қарады. Күліп, ештеме жоқ екен деді.
Сосын, қол беріп, абайлап жүре ғой бауырым, деді. Ішімнен риза болып кеттім. Сен точно жаңағы ақсақалдай өмір сүрмейсің бауырым, деп ойладым іштей. Билік, ақша, жылтыркөлік, 6 қабат особняк, сұлулық, атақ бос сөз. Жүрегі тыныш адам ғана бақытты. Жүрегі тыныш тек жақсы адам ғана. Жаман адамның жүрегі ешқашан тыныш болмайды. Бүгін қорлайды, ертең қорланады. Сөйтіп иттікпен өмірден өтеді. Жақсы адам, жақсы іс қана жақсы өмір сүруге лайық. Жақсы адам болайық, ағайын!

Онер Сакеев
Фейсбуктегі парақшасынан

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста