БҰЛ МҰСЫЛМАНДАРДЫҢ МЕЙІРІМДІЛІГІНЕН ЕМЕС, ҒЫЛЫМ МЕН БІЛІМДЕ АРТТА ҚАЛҒАНДЫҒЫНАН БОЛҒАН ІС

БҰЛ МҰСЫЛМАНДАРДЫҢ МЕЙІРІМДІЛІГІНЕН ЕМЕС, ҒЫЛЫМ МЕН БІЛІМДЕ АРТТА ҚАЛҒАНДЫҒЫНАН БОЛҒАН ІС

Тәәәк бір пікірталас жасап қоялық. Көп жерде "мұсылмандар мейірімді" деген сөзді, мына фактілермен қуаттап жатады.

 

"Бірінші дүниежүзілік соғысты бастаған мұсылмандар емес. Екінші дүниежүзілік соғысты бастаған да мұсылмандар емес. Атом бомбасын ойлап тапқан мұсылмандар емес, атом бомбасын қолданған да мұсылмандар емес" деп айтады. Айтқандары рас. Бірақ бұл мұсылмандардың (өзім де мұсылманмын) мейірімділігінен емес, ғылым мен білімде артта қалғандығынан болған іс қой.

 

Дүниежүзілік соғысты кімдер бастайды? Әлбетте қуатты экономика мен мықты әскері бар, дамыған елдер. Жаһандық аренада тайталаса алатын алпауыттар бастайды. Бірінші дүниежүзілік соғыс кезеңінде Осман империясы ғана сәл-пәл осы критерийге сай келіп, төрттік одақ (басында үштік одақ) құрамында соғысты, артынша тарап тынды. Ал басқа мұсылман халықтары отарлық қамытын киіп жатты. Оның ішінде Орта Азиядағы бес ел толық бар. Таяу Шығыс ағылшындар мен өзге Еуропа елдерінің тізгінінде болды. Кавказ Ресей құрамында. Араб елдері басында Осман империясының, артынша ағылшын мен француздардың қол астына өтті. Былайша айтқанда отар. Ал отар халық әлемдік саясатқа үлес қоса алмайды. 500 мың қазақ сол себепті де айдалып барып, окоп қазды, су траншейлерде жұмыс істеді. Қолына қару бермеді, өйткені отар еді. Осындай дәрежеде болған мұсылмандар бірінші дүниежүзілік сoғысты бастай ала ма? Жоқ! Мейірімділіктің бұл жерге қатысы да жоқ!

 

Екінші дүниежүзілік соғыс уақытында картина өзгермеді. Сол бірінші жаһандық соғысты бастағандар екіншісін де бастады. Тек ол сәтте Осман империясы жоқ, Түркия болды. Ол бейтараптық позиция ұстанды. Ал Иранды Англия мен КСРО басып оккупациялап алды, соғыс біткенше. Қалған мұсылман халықтары, сол Орталық Азиядағы бесеуміз, арабтар, Африкалық мұсылмандар түрлі империялардың отары болып, қан майданда алдыңғы шепте қырылып жатты. Мұндай дәрежеде болған мұсылмандар жаһандық соғыс бастай ала ма? Әлбетте жоқ.

 

Атом бомбасын жасау да тура сондай еді. Отар болған мұсылмандар атом бомбасын жасамақ түгелі, байтал түгел бас қайғы деңгейінде болды ғой. Ұшарын жел, қонарын сай білді. Атом бомбасын жасамауы, екі жаһандық соғысты бастамауы мейірімділіктен емес, білім мен ғылымда артта қалып, отар болғанымыздан еді. Бұл мақтанарлық дүние ма? Менің ойымша жоқ.

 

Қазір де жағдай өзгерген жоқ. Күш балансы, ғылым мен білім сол бірінші және екінші дж соғысты бастаған, атом бомбасын жасағандардың қолында. Бұл біраз өзінің әлсіздігін, артта қалғандығын "мейірімділікке" балап жүргендерге сабақ болуы тиіс. Артта қалғандар тарихқа өзгеріс жасай алмайды.

 

Ал комментерге есік ашық. Қате болса сөгіп салыңыз.

 

 

Асхат Қасенғали

Фейсбуктегі парақшасынан

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста